Топта бірлесе жұмыс жасай білу

Қысқа мерзімді жоспар (Геометрия, 9-сынып)

Тақырып: Кеңістікте екі түзудің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың өзара орналасуы.

Пән

Геометрия

Сынып

9

Сабақтың мақсаты

  1. Стереометрия бөлімінің қандай фигураларды зерттейтінін білу.
  2. Кеңістікте түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуын түсіну.
  3. Түзулер мен жазықтықтардың кеңістіктегі өзара орналасуын модель арқылы көрсету және сызбасын сала білу.
  4. Топта бірлесе жұмыс істей білу.
  5. Қажетті ақпаратты табу және оқулықпен, қосымша әдебиетпен тиімді жұмыс істей білу.

Күтілетін нәтиже

Білім және түсінік

  • Геометриялық білімін кеңейтеді.
  • Математикалық терминдер қорын толықтырады.
  • Қажетті ақпаратты жинақтауды үйренеді.

Дағды және құзыреттілік

  • Кеңістікте елестету қабілетін дамытады.
  • Ауызша сөйлеу, есте сақтау дағдыларын жетілдіреді.
  • Нақты, қысқа әрі нұсқа сөйлеуге дағдыланады.

Коммуникация

  • Бір-бірін тыңдай білу мәдениеті қалыптасады.
  • Топ ішінде достық, ынтымақтастық қарым-қатынас орнығады.

Өзіндік реттеу

  • Өзін-өзі бағалай алады.
  • Өз жұмысын сыныптастарының жұмысымен салыстырып, түзете алады.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

  • Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін психологиялық тренинг жүргізіледі: шеңберге тұрып, бір-біріне жылы сөздер мен тілектер айтады.
  • Оқушылар 1, 2, 3, 4 сандарын айту арқылы 5 оқушыдан 4 топқа бөлінеді.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары таныстырылады.

Білу

3 минут

Жаңа тақырыпқа дайындық ретінде планиметрия курсынан сұрақ-жауап арқылы қысқаша қайталау жүргізіледі:

  1. Геометрия ұғымы нені білдіреді?
  2. Геометрия курсының қандай бөлімдерін білесіңдер?
  3. Планиметрияның негізгі ұғымдарын атаңдар.
  4. Планиметрия қандай фигуралардың қасиеттерін зерттейді?

Түсіну

15 минут

Топтық жұмыс барысында оқушылар келесі тапсырмаларды орындайды. Жауаптарды модельде, сызбада немесе қоршаған ортадағы нысандар арқылы көрсетуге болады.

1) Стереометрия

«Стереометрия» ұғымының мағынасын ашыңдар. Бұл курста қандай фигуралардың қасиеттері және қандай әдістер арқылы зерттеледі?

2) Екі түзу

Кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасу түрлерін анықтаңдар.

3) Түзу және жазықтық

Түзу мен жазықтықтың кеңістікте өзара орналасуын зерттеңдер.

4) Екі жазықтық

Екі жазықтықтың кеңістікте өзара орналасуын қарастырыңдар.

Нәтижені ұсыну

  • Әр топқа постер дайындау ұсынылады.
  • Топтар постерлерін қорғайды (қорытындылау және дәлелдеу).