Аттандырып келмеске қара шалды, Қаңыраған қорада қара шалғы


Мұқағали Мақатаев

Жетелеп сонау жылдар қара шалды,
Қарасазда жүруші ең, қара шалғы.
Қара шалғы ішінде қарт пен сенің,
Талай - талай көріп ем тамашаңды.
Қалыпсың ғой қаңырап, қара шалғы.
Түбегінен түк қоймай Қарасудың,
Қарт екеуің қаншама аласұрдың.
Қаншама рет қапырық күн өткеріп,
Түн жамылып, қаншама таң асырдың,
Күркеде, жағасында Қарасудың.
Ойдың, қырдың шалғынды бөктерінде,
Ойын салмай сен де енді кеткенің бе?
Бір жарқ етіп қалушы ең ақ алмастай,
Бір - бір жанып құм қайрақ өткенінде
Сен - дағы пенсияға кеткенің бе?!
Аттандырып келмеске қара шалды,
Қаңыраған қорада қара шалғы.
Ұңғысынан сырығын суырып ап,
Тамызыққа келіні жаға салды.
Қала берді тат басып қара шалғы...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2


Ұқсас жұмыстар
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК
ӘБДІКӘРІМ САТҰҚ ҚАРАХАН
ҚАРАБУРА
Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастардағы орны
АЛТЫНАЙҰЛЫ ҚАРАСАЙ
Социум және әлеуметтік қатынастарды әлеуметтік жұмыс өрісінің объектісі ретінде қарастыру
Экранды басқаратын процедуралар мен функциялар
Халықаралық кедендiк ынтымақтастық және мемлекеттiк экономикалық қауiпсiздiк
Ақша қаражаттарының қоры қаржы қатынастарының материалдық-заттық көрінісі ретінде
Бәсеке, оның экономикалық табиғаты мен елдің шаруашылық өміріндегі атқаратын рөлі