Азия комитеті құрылған мерзім
ІII БӨЛІМ. Қазақстан – Ресей империясының отары (19 ғасырдың ІІ жартысы). Ұлы жүздің Ресейге қосылуы
Конспект
18 ғасырдың cоңы мен 19 ғасырдың басында Кіші жəне Орта жүз аймағының Ресей құрамына өтуі аяқталғанымен, бірқатар қазақ жерлері Орта Азия хандықтарына тəуелді болды. 19 ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі, Орта, Кіші жүздердің оңтүстік аймақтары Хиуа жəне Қоқан хандықтарының иелігінде болды. Орта Азия хандықтары ағылшын үкіметінің жасырын қолдауына сүйенді. Хиуа ханы Мұхаммед - Рахымның 1812, 1816, 1820 жылдардағы шабуылдары жойқын болды. 1820 жылғы ақпанда 10 мың əскерімен 2 мыңға жуық қазақ ауылдарын талқандады.
1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Тентектөре бастаған
қазақ шаруаларының азаттық қозғалысы басталды. Көтерілісшілер саны 10 мыңнан асып Түркістан, Шымкент, Əулиеата, Сайрам өңірін қамтыды. Көтерілістің халықтық сипатынан шошынған феодалдар опасыздықпен Қоқан жағына шығып кетті. Көтеріліс қатыгездікпен жаншылды. 19 ғасырдың 20 - 30 жылдары қазақтар мен қырғыздардың Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілістері Түркістан, Шымкент, Сайрам, Əулиеата, Пішпек аудандарын қамтыды.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қазақтарының Ресеймен сауда жəне саяси байланыста болуы Жетісу өлкесінің оның құрамына кіруіне алғышарттар дайындады. 1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханұлы қарамағындағы жалайыр руының 66 мың адамы қоныстанған аймақ Ресей құрамына алынды. 1825 жылы Жетісудың 50 мың адамдық Үйсін болысындағылар өз жерлерінде Ресейлік округті ашуға келісім берді.
Қазақтардың біртіндеп Ресей қол астына өтуі Қоқан билеушілерінің қарсылығын тудырды. 19 ғасырдың 20 - 30 жылдары Ресей сыртқы істер министрлігінің жанынан Азия комитеті құрылды. Оңтүстік Қазақстанда Ресей ықпалы күшейіп, әскери бекіністер салынды. Орта жүз бен Ұлы жүз аумағы жапсарында Ақтау, Алатау, Қапал (1847 ж.), Сергиополь (Аягөз), Лепсі (1855 ж.) бекіністері салынды. Бұл бекіністер Ресейдің Іле аймағын отарлауына қызмет етті. 1847 жылы Қапал бекінісінің салынды. 1848 жылғы 10 қаңтарда Ұлы жүзге ресейлік пристав тағайындалып, резиденция Қапалда болды.
Бұл оқиғалар Лепсі мен Іле аралығындағы қазақтардың және 40 мың қырғыз отбасының Ресейге өз еріктерімен мойынсұнуын жеделдетті. Орыс әскерінің Жетісуға тереңдеп енуі Орта Азия және Кіші жүз жерлері арқылы іске асырылды.
Конспект сұрақтар
1. Ұлы жүзге ресейлік пристав тағайындалған мерзім:
2. 1825 жылы Қаратал өзеніне келген орыс әскерінің тобы кімдер?
3. “Азия комитеті” құрылған мерзім:
4. Ресей құрамына алынған Сүйік сұлтан қарамағындағы ру:
5. 1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы шаруалар көтерілісін кім басқарды?
6. 1812, 1816, 1820 жылдары қазақ ауылдарына жойқын шабуыл жасаған хандық:
7. 19 ғасырда ағылшын үкіметінің қолдауына кімдер сүйенді?
8. Қапал бекінісі қашан салынды?
9. Қай жылы Ресей сыртқы істер министрлігінің жанынан Азия комитеті құрылды?
10. Қай жылы Абылайханның ұлы Сүйік сұлтан өзіне қарасты рулардың Ресей үкіметінің құрамына кіретіндігін жариялайды:
11. Түркістан өлкесін басқару Ережесі қашан қабылданды:
Тақырыптың тесті
Қоғамдық ұйымдар және қоғамдық қозғалыстар
Қоғамдық ұйымдар туралы түсінік, белгілері, қызметі.
ҚЫЗЫЛТАБАН ШҰБЫРЫНДЫ
СЭҚ-тарды кедендік саудалық реттеуге қатысатын негізгі ұйымдар
Қоғамдық ұйымдар туралы түсінік
Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы - қазақстандық тарихнаманың кейінге қалған саласы
Дүние жүзілік экономикалық қатынастардың сыртқы экономикалық негізі
Қазақстан Республикасының егемендігі аясындағы сұрақтар, саяси партиялар жайында
Соғыс жылдарында Қазақстандағы әскери өнеркәсіптің кешенді дамуы
Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ) құрылымдық жүйесі
Азия өзендеріне жалпы сипаттама
Азияның басты өзендерінің географиялық ерекшеліктері
Азия өзендерінің су мөлшері және су айналымы
Тынық мұхиттағы соғыс кезіндегі Оңтүстік Шығыс Азиядағы Жапонияның сыртқы саясаты
Ұзақ мерзімді несиелендіру
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің аудиті
Азияның шығыс бөлігіндегі Корей түбегі
Орта Азия мемлекеттерінің интеграциялық күш жігері
Ұзақ мерзімді несие бойынша банк операциялары
Өндірістің қысқа мерзім кезеңіндегі шығындары