Дала қандай кейіпте
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Топ: «Балақай»
Білім беру салалары
- Қатынас
- Әлеуметтік орта
- Көркем әдебиет
- Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы
Үй жануарлары
Әдіс-тәсілдер
Мақсаты
Білімділік: үй жануарлары және олардың төлдерімен таныстыру; үй жануарлары туралы түсінігін қалыптастыру; негізгі ерекшеліктерін атап, ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: тақпақ жаттату, әңгімелету арқылы есте сақтау мен ойлау қабілеттерін дамыту; өз ойын еркін әрі нақты жеткізуге дағдыландыру; ойын арқылы сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік: жануарларға қамқорлық жасауға және оларға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Материалдар
- Үй жануарларының суреттері
- Үнтаспалар (дауыстар)
- Төрт түліктің өнімдері
Үлгі өнімдер
Қосымша: кей жануарлар көлік ретінде де пайдаланылады (жүк тасу, арбаға жегу).
Қостілділік компоненті
- Лақ
- козлёнок
- Торпақ
- теленок
- Қозы
- ягнёнок
Сабақ барысы
1) Танымды ояту: «Жылулық шеңбері»
Тәрбиешінің сөзі
Армысың, Алтын күн!
Аманбысың, Жер-ана!
Амансың ба, достарым!
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Балалардың әрекеті
Шеңберге тұрып, жылы сөздер айтып, Алтын күнмен, Жер-анамен, достарымен және тәрбиешімен амандасады.
2) Ұйымдастыру-іздестіру: жаңа тақырыппен танысу
Тәрбиешінің әрекеті
Балаларды орындарына отырғызып, назарын сабаққа аударады.
«Бүгін біз үй жануарларымен және олардың тіршілігімен танысамыз. Табиғаттың бір бөлігі — жануарлар мен құстар. Жануарлар екіге бөлінеді: үй жануарлары және дала жануарлары (аңдар)».
Сұрақ қояды: «Ауылға барғанда үй жануарларын көрдіңдер ме?»
Үй жануарларының суреттерін көрсетіп, атауларын нақтылайды.
Негізгі сұрақтар:
- Үй жануарларын атаңдар. Неліктен оларды «үй жануарлары» деп атаймыз?
- Төлдері қалай аталады?
- Адамға қандай пайдасы бар, қандай өнім береді?
Алдын ала дайындалған өнімдерді көрсетеді: сүт, қатық, құрт, май, жүн.
Үнтаспадан/бейнематериалдан жануарлардың дауыстарын тыңдатады: «Қай жануар қалай дыбыстайды?»
Балалардың әрекеті
Сұрақтарға жауап береді, өз ойларын айтады.
Үй жануарлары
Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі.
Төлдері
Бота, құлын, бұзау, қозы, лақ.
Үнтаспаны тыңдап, жануарлардың дыбыстарын қайталайды.
Әр жануарға қысқаша сипаттама беруге тырысады.
3) Тақпақ айту
Тәрбиеші ұсынған тақпақтар
Қозы
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып бір бүйірің,
Қай өрістен тойдың?
Лақ
Секең, секең, ей лақ,
Жүрмін саған кейіп-ақ.
Тыным тапсаң болмай ма?
Секеңдемей бір уақ.
Торай
Томпаң, томпаң торай,
Дауысыңның зоры-ай.
Дөкей бола қалыпсың,
Толысымен он ай.
Балалардың тақпақтары
Қозы
Айналайын қозым,
Малда жуас бозым.
Ұзап шық та үйден,
Оттығуды үйрен.
Лақ
Жалт-жұлт етіп лақ,
Жағалайсың бұлақ.
Секірем деп бірақ,
Қала көрме құлап.
Торпақ
Айналайын торпақ,
Бола көрме қорқақ.
Тар болып тұр аула,
Тысқа шық та заула.
Балалар тақпақты әндетіп, қимыл-қозғалыспен көрсетеді.
4) Сергіту сәті: «Қыс келді» әңгімесі арқылы
Сұрақ-жауап
— Қазір жылдың қай мезгілі?
— Күздің соңғы күндері, қыстың басы.
— Дала қандай кейіпте?
— Қар жауып, айнала аппақ. Барлығы жылы киінеді. Жер аппақ тон кигендей.
Қорытындылау
Қар қалың түскен кезде үй жануарлары далада жайыла алмайды. Сол себепті оларды күтіп-бағу, қораға кіргізіп, жем-шөбін уақытында беру маңызды.
5) Ойын: «Жылы қораға орналастыр»
Нұсқаулық
Тәрбиеші үй жануарлары мен дала жануарларын араластырып қояды. Балалардың міндеті — үй жануарларын тауып, оларды жылы қораға кіргізу.
Балалардың әрекеті
- Үй жануарларын дала жануарларынан ажыратады.
- Қораға кіргізіп, шөп, су, жем береді.
- Әр жануарға сипаттама береді: пайдасы, өнімі, төлі, дыбыстауы.
6) Рефлексия және қорытынды
Қайталау сұрақтары
- Бүгін қандай жануарлармен таныстық?
- Неліктен оларды үй жануарлары деп атаймыз?
- Төлдері қалай аталады?
- Үй жануарлары қалай дыбыстайды?
- Адамға қандай пайдасы бар, қандай өнім береді?
Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан балалар мадақталады, жауаптары бағаланады.
Негізгі ой
Үй жануарлары — адамның маңайында тіршілік ететін, күтім мен қамқорлықты қажет ететін жануарлар.
Күтілетін нәтиже
Білуі керек
- Үй жануарларын ажырата білу.
- Төлдерінің атауларын білу.
- Сұрақтарға толық әрі нақты жауап бере алу.
Болу керек
- Қызығушылығы мен ынтасы.
- Жануарларға жанашыр көзқарасы.
Істей білуі керек
- Үй жануарларын дала жануарларынан ажыратып, бөлек жинақтау.
- Қамқорлық әрекеттерін көрсету: су беру, шөп салу, жемдеу.