Оқушылардың білімдерін дамыту
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп-интернаты
Информатика пәні мұғалімі: Пернебекова Гульнара Абилдаханқызы
Кіріспе
Мен «Болашақ информатиктер» үйірмесінде «Компью–Бум шоу» тақырыбында үйірме сабағын өткіздім. Үйірмеге 7–9 сыныптардан 15 оқушы қатысты. Бұл тақырыпты сайыс формасында таңдаудағы мақсатым — оқушылардың информатика пәнінен және басқа пәндерден алған білімдерін тексеру, білімді тереңдету, сондай-ақ оқушыларды жылдамдыққа, мәдени сөйлеуге және топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар үш топқа бөлініп, алдын ала дайындалған слайдтар арқылы тапсырмалар орындады. Қорытындыда ең жоғары ұпай жинаған «Интернет» тобы жеңімпаз атанды.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырыбы
«Компью–Бум шоу» сайысы
Сабақтың форматы
Дәстүрлі емес, ойын түріндегі сабақ
Әдістері
- Түсіндірмелі
- Сөздік
- Көрнекі
Қатысушылар
7–9 сынып оқушылары, 15 оқушы
Сабақтың мақсаттары
- Оқушылардың білімін дамыту.
- Оқушылардың білімін қалыптастыру және жүйелеу.
- Жылдамдыққа, ұшқырлыққа, топпен жұмыс жасауға және мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар және пәнаралық байланыс
Көрнекіліктер
- Компьютер — 1
- Бейнепроектор — 1
- Экран — 1
- PowerPoint бағдарламасы
- Слайдтар топтамасы
Пәнаралық байланыс
Пайдаланылған әдебиеттер
- «Информатика негіздері» журналы
- 7-сыныпқа арналған «Информатика» (Н. Ермеков, Н. Стифутина)
- Мақал-мәтелдер жинағы
- Дидактикалық материалдар жинағы
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар қабілетіне қарай сапалы білім алады.
- Проблеманы көріп, оны шеше алатын, әртүрлі ақпарат түрлерімен жұмыс істеп, алған білімін өмірлік жағдайларда қолдана алатын тұлға қалыптасады.
- Оқушылардың білімі, икемі мен дағдысы ағымдық және қорытынды бақылау арқылы жүйелі түрде тексеріліп отырады.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар «Алгоритм», «Интернет», «Компьютер» топтарына бөлінеді.
- Әр топ берілген тақырып аясында өз тобын таныстырып, қорғайды.
- Сайыс кезеңдері мен бағалау ережелері түсіндіріледі.
I кезең — «Тартыс»
Бұл кезеңде оқушылар пәндер бойынша қойылған сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап береді.
Биология
Митоздың фазаларын ата.
География
Жапонияда «Шығыс астана» деп қай қаланы атайды?
Тарих
Сақ тайпасының әйел патшасы кім?
II кезең — «Жеті жұмбақ»
Төртбұрыштардың ішіне жеті сан жазылады. Оқушы таңдаған санға сәйкес жұмбақ беріледі, тапсырма — жауабын табу.
1-жұмбақ
Қаласы бар, үйі жоқ. Көлі бар, суы жоқ. Орманы бар, талы жоқ.
Жауабы: Карта
2-жұмбақ
Өзі ащы, бірақ астың дәмін келтіреді.
Жауабы: Тұз
3-жұмбақ
Қазақша жыл басы.
Жауабы: Наурыз
4-жұмбақ
Есігі біреу, бөлмесі бесеу.
Жауабы: Қолғап
5-жұмбақ
Мойны бар, басы жоқ. Жеңі бар, қолы жоқ.
Жауабы: Көйлек
6-жұмбақ
Тығулы сағат, таппайды тағат.
Жауабы: Жүрек
7-жұмбақ
Еш тесікке тұрмайды, онсыз жер құрғайды.
Жауабы: Су
III кезең — «Шешендік өнер»
Оқушыларға тосын сұрақтар қойылады. Мақсат — қысқа уақытта ой жинақтап, көркем әрі түсінікті тілмен жауап беру, тіл байлығын көрсету.
- Сен жолдан өтіп бара жатып ес-түссіз жатқан адамды көрдің. Бірінші әрекетің және сол сәттегі ойың қандай болады?
- Поездан түсетін уақытың жақындағанын байқамай ұйықтап қалдың. Поезд тоқтағанда оянып едің, ол қайта жүріп кетіпті. Не істейсің, қандай шешім қабылдайсың?
- Биология сабағына директордың орынбасары кіріп, дайындық деңгейін тексеріп отыр. Ал сен сабаққа дайын емессің, мұғалім сенен сұрады. Не істейсің?
Қорытынды
Сабақ соңында оқушылардың белсенділігі мен нәтижесіне қарай қорытынды ұпайлар шығарылып, қатысушылар марапатталады. Жеңімпаз топ пен ерекше көзге түскен оқушыларға ынталандыру жүргізіледі.