Балаларымен ойын
Іс-шараның мақсаты
- Балалардың күз туралы ұғымын кеңейту.
- Спортқа қызығушылығын арттыру.
- Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын нығайту.
- Достыққа, жолдастыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар
Күзгі өнімдер, қолшатыр, жапырақтар, кішкентай қапшықтар, ойыншық машиналар және эстафеталық жарысқа қажетті өзге де құралдар.
Ұйымдастыру және кіріспе
Зал іші мерекеге сай безендірілген. Дене тәрбиесі жетекшісі қатысушылар мен қонақтарды қарсы алып, алтын күздің берекесі мен молшылығына арналған эстафеталық сайыстың басталатынын хабарлайды. Сайысқа топ тәрбиешілері ата-аналарымен және балаларымен бірге қатысады.
Жүргізушінің сөзі
«Қош келдіңіздер, құрметті спортсүйер қауым! Кеше ғана береке мен молшылық ала келген алтын күз мерекесіне орай ұйымдастырылған эстафеталық сайысымызды бастаймыз. Ендеше, сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырайық!»
Қатысушы топтар
«Алтын кілт» тобы
- Отбасы: Ермауытовтар
- Папасы: Ермауытов Айдын
- Мамасы: Өмірзақова Жанар
- Бала: Ислам
- Тәрбиеші: Тілеуниязова Жансая
«Күншуақ» тобы
- Отбасы: Жұмағұловтар
- Папасы: Жұмағұлов Еркін
- Мамасы: Түктібаева Қарлығаш
- Бала: Ақжан
- Тәрбиеші: Изенова Зухра
«Балдәурен» тобы
- Отбасы: Баймахановтар
- Папасы: Баймаханов Ержан
- Мамасы: Дүйсенғалиева Әсия
- Бала: Ерболат
- Тәрбиеші: Серікбаева Клара
Әділқазылар алқасы сайланады. Сайыс 7 турдан тұрады.
Эстафета турлары (7 тур)
«Жаңбыр жауып тұр»
Шарты: Қатысушылар аяқтарына резеңке етік киіп, қолдарына қолшатыр ұстап, кедергілер арасымен жүгіріп барып, сол жолмен кері қайтады.
«Ауланы тазартайық»
Шарты: Сарғайып түскен жапырақтарды жинап, межедегі шелекке салып, кедергілер арасымен жүгіріп қайту.
«Картоп егу»
Шарты: Әр кедергінің түбіне картопты «егіп» шығу, ал қайтарда оларды қайта жинау.
«Сәбіз тасу»
Шарты: Әр ойыншы ойыншық машинамен кедергілер арасымен барып, бір сәбізден салып алып, сол жолмен кері қайтады.
«Жуа жинау»
Шарты: Ортаға үйіліп қойылған жуаларды үш топ ұзыннан тұрып, өз «үйлеріне» тасиды.
«Қырмандағы астықты қоймаға тасу»
Шарты: Әр ойыншы кішкентай қапшықтарды қырманнан біртіндеп өз қоймаларына тасиды.
Топ мүшелерімен жеке ойындар
Мамаларымен ойын: «Көкөністерді іріктеу»
Шарты: Көзі байланған мамалар көкөністерді түріне қарай іріктейді.
Балаларымен ойын: «Не жоқ?»
Шарты: Балаларға көрсетпей көкөністердің бірін жасырып, «не жоқ?» деп сұрау.
Папаларымен ойын: «Отжимание»
Шарты: Папалар белгіленген мөлшерде жерден итеріліп көтерілу (отжимание) орындайды.
Апайларымен ойын: «Кім жылдам?»
Шарты: Картоп, жуа, сәбізді мүмкіндігінше жылдам аршу.
Ән-күй және қолдау
Ойындар арасында жанкүйер балалар патриоттық әндер орындайды:
- «Жаса Қазақстан»
- «Қырманға кел, қалқатай»
- «Көк тудың желбірегені»
Қорытынды
Сайыс нәтижесінде үздік өнер көрсеткен топтар марапатталады. Бұл мерекелік эстафета балалардың күз туралы түсінігін кеңейтіп, спортқа қызығушылығын арттырып, ата-ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.