Теңдеу шығару
Сабақтың мазмұны
Пән
Математика, 2-сынып
Бөлімдер
- Санды өрнектерді салыстыру
- Теңдеу шығару
- 21-ден 100-ге дейінгі сандар
Сабақ түрі
Жаңа білімді меңгеру сабағы
Мақсаты
-
1
Теңдеулерді күрделі түрінен қарапайым түріне айналдыра отырып, шешу тәсілдерін меңгерту.
-
2
Шапшаң есептеу дағдыларын және геометриялық тапсырмаларды орындау білігін дамыту.
-
3
Пәнге қызығушылықты тәрбиелеу.
Құралдар мен әдістер
Көрнекілік
Ауызша және жазбаша орындауға арналған дидактикалық құралдар.
Әдістер
- Ойын әдісі
- Көрнекілік
- Топпен жұмыс
- Ізденіс және проблемалық жағдаят
- АКТ технологиясы
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Топ 1
Ақылдылар
Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ!
Топ 2
Шапшаңдар
Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады!
Топ 3
Тапқырлар
Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді!
Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Олай болса, балалар, сабағымызды бастайық. Орындайтын есептерді лезде шешіп тастайық!»
II. Дәптермен жұмыс
- Күннің жадын жазу.
- 6 және 7 цифрларынан екі таңбалы сандар құрастыру және көркем жазу: 67, 76.
Жазу үлгісі
III. Жаңа сабақ
1) Тақырыпты табу: математикалық диктант
Үстелде жауапты білдіретін әріптері бар карточкалар жатады. Оқушылар есепті шығарып, сәйкес әріпті таңдайды; мұғалім әріптерді тақтаға ретімен жапсырады. Барлығы дәптерге жазады.
| № | Тапсырма | Әріп |
|---|---|---|
| 1 | 47-ні 3-ке арттыр | Т |
| 2 | 90-ды 3-ке кеміт | Е |
| 3 | 40 пен 6 сандарының қосындысын тап | Ң |
| 4 | 30 бен 5 сандарының айырмасын тап | Д |
| 5 | 100 санын 20-ға кеміт | Е |
| 6 | 50 мен 4-тің қосындысын тап | У |
| 7 | Азайғыш 25, азайтқыш 10. Айырма неге тең? | Ш |
| 8 | 60-ты 30-ға кеміт | Ы |
| 9 | 81-ді 7-ге арттыр | Ғ |
| 10 | 6 мен 40-тың қосындысын тап | А |
| 11 | x пен 2-нің қосындысы 9-ға тең. x-ті тап | Р |
| 12 | 43 пен C-ның айырмасы 40-қа тең. C неге тең? | У |
Жауаптар реті
50, 87, 46, 25, 80, 54, 15, 30, 88, 46, 7, 3
Шыққан сөз
ТЕҢДЕУ ШЫҒАРУ
2) Теңдеу құрастыру және шешу (топтық жұмыс)
Суреттер бойынша теңдеу құрастырып, тақтада немесе плакатта орындау (әр топтан 1 оқушы).
I топ
34 + x = 27 + 33
34 + x = 60
x = 60 − 34
x = 26
Тексеру: 34 + 26 = 27 + 33 → 60 = 60
II топ
34 + x = 100
x = 100 − 34
x = 66
Тексеру: 34 + 66 = 100 → 100 = 100
III топ
x + 30 = 20 + 38
x + 30 = 58
x = 58 − 30
x = 28
Тексеру: 28 + 30 = 20 + 38 → 58 = 58
Оқушылар бұл тапсырманы дәптерлерінде де орындайды.
3) Ізденісті проблемалық жағдаят: жаңа түрдегі теңдеу
Сурет бойынша теңдеу құрастыру ұсынылады:
Берілгені
24 + x = 30
Бұл теңдеуді бірден шешуге бола ма? Алдымен сол жақ бөлігін жеңілдетеміз.
Жеңілдету үлгісі
(15 + 9) + x = 30
24 + x = 30
x = 30 − 24
x = 6
Тексеру: 24 + 6 = 30 → 30 = 30
4) Ереже
Теңдеудің осындай түрін шешу үшін алдымен есептеуге болатын амалдарды орындап, теңдеудің сол жақ бөлігін жеңілдету керек.
5) Ойын: «Кім шапшаң?»
Тақтада №3 тапсырма орындалады (әр топ өз теңдеуін шешеді).
I топ
35 + 23 + x = 100
58 + x = 100
x = 100 − 58
x = 42
Тексеру: 35 + 23 + 42 = 100
II топ
x − (23 + 17) = 60
x − 40 = 60
x = 60 + 40
x = 100
Тексеру: 100 − (23 + 17) = 60
III топ
70 − a = 8 + 9 + 2
70 − a = 19
a = 70 − 19
a = 51
Тексеру: 70 − 51 = 8 + 9 + 2 → 19 = 19
IV. Сергіту сәті
Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей иіліп солға бір.
Оң аяқ, сол аяқ — жаттығу оңай-ақ!
1, 2, 3 — отырамыз тып-тыныш.
Алтын уақытымызды үнемдейік!
V. Баспадан шыққан дәптермен жұмыс
Сергіту сәтінде «сағаттай» иіліп, сымбатымызды күттік. Енді сағатқа байланысты тапсырманы орындаймыз (40-бет).
1) Геометриялық тапсырма
Оқулық/дәптердегі тапсырма бойынша орындау.
VI. Оқулықпен жұмыс: есептер шығару (143-бет)
№5 (а) тапсырмасын тақтада немесе плакатта шығарту.
1-нұсқа
Болды: 56 м сым
Алынды: x м
Қалды: 14 м
Теңдеу: 56 − x = 14
x = 56 − 14
x = 42
Жауабы: 42 м сым алынды (қалды 14 м).
2-нұсқа
Алынды: 14 м
Қалды: 14 м
Болды: x м
Теңдеу: x − 14 = 14
x = 14 + 14
x = 28
Жауабы: 28 м сым болды.
VII. Өзіндік жұмыс
Периметрді табу тапсырмалары (әр топтан 1 оқушы шығып, шешу жолын түсіндіреді).
A
P = 3 см + 3 см + 3 см + 3 см = 12 см
Ә
P = 2 см + 5 см + 2 см + 5 см = 14 см
Б
P = 1 см + 3 см + 1 см + 3 см = 8 см
VIII. Рефлексия
- Нені үйрендік?
- Қандай жұмыстар атқардық?
- Сабақ ұнады ма?
IX. Үй тапсырмасы
Оқулық
№4, 143-бет
Жұмыс дәптері
№41, 21-бет
X. Бағалау
Қай топ көп фишка жинаса — «5» алады, аздау жинағандар — «4», өте аз жинағандар — «3» алады.