Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып, Ана тілін білмеу қандай заңдылық

Ертеңгілік: Тіл мерекесі

Бұл ертеңгілік — Ана тіліміздің мерекесіне арналған салтанатты шара. 1997 жылғы 22 қыркүйекте қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңда еліміздегі халықтардың тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген. Осы игі бастаманы дәріптеу мақсатында мерекелік бағдарлама ұсынылады.

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Қайырлы күн, құрметті қауым! Ана тіліміздің мерекесіне жиналған баршаңызға қош келдіңіздер. Тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Бұл шара Қазақстанда 22 қыркүйекті Тіл мерекесі күні ретінде атап өту жөніндегі игі бастамамен үндеседі. Еліміздегі тіл саясаты — әр ұлт өкілінің тілін қолдауға және дамытуға бағытталған ортақ құндылық.

1-жүргізуші

Балалар, құтты болсын тілің бүгін, Ашатын жан сарайын білімнің. Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан, Тіліңе зер салыңдар бұрынғының.

2-жүргізуші

Әрбір тілде сөйле, әлемді таң қылып, Ана тілін білмеу қандай заңдылық?! Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда, Қазақ тілі жасай берсін мәңгілік!

Балалардың тақпақтары

1-бала

Өнер сөз

Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені, Болашағым, бақытым — дара тілім.

2-бала

Ана тілің — біліп қой, Еркіндігің, теңдігің. Ана тілің — біліп қой, Мақтанышы елімнің.

3-бала

Ана тілің — арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте.

4-бала

Бұл — гүлденіп, жайнаған Гүлстанның Отаны! Бірін-бірі сыйлаған Туысқандар Отаны! Бұл — ғажайып мұратты Халықтардың Отаны! Алтын заман құратын Алыптардың Отаны! Сол алыптың бірімін — Отанымның ұлымын! Тілім, дінім самғаған, Шарықтасын, қалықтасын. Самғаудан еш уақыт жалықпасын, Өз алдына өмірден теңдік алған Ана тілім көгімде қалықтасын.

Әнге кезек

Жүргізуші: «Құлақтан кіріп, бойды алар әсем ән мен тәтті күй, көңілге сырлы ой салар. Әнді сүйсең, менше сүй», — деп Абай атамыз айтқандай, келесі кезекті әсем әнге берейік.

Ән

Топ: «Ана тілін сүйеміз»

Қонақтың келуі

Жүргізуші: Балалар, бізге қонақ келген сияқты. Қане, бәріміз қошеметпен қарсы алайық!

Сахналық нұсқау

Музыка әуенімен залға Ару Ана кіреді.

Ару Ана

Сәлеметсіңдер ме, балалар, құрметті қонақтар! Мен — Ару Ана. Балабақшаларыңда Тіл мерекесі өтіп жатқанын естіп, арнайы қонаққа келдім. Бұл жерге әр ұлттың өкілдері жиналыпты. Қандай керемет! Бәрі бір-бірімен тату-тәтті!

Жүргізуші

Сәлеметсіз бе, Ару Ана! Мерекемізге қош келдіңіз! Жоғары шығыңыз! Біздің Тіл мерекемізге әр ұлт өкілдері құр келмей, өз өнерлерін ала келіпті.

Ұйымдастыру туралы мәлімет

Қызылорда қаласы №7 мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Айтмаханова Бексая Мейрамбекқызы.