Аққу тобына

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп, өңір

Атырау облысы, Атырау қаласы, Жаңаталап селосы — Жамбыл атындағы орта мектеп

Пән мұғалімі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Умарова Айнур Камиевна

Сынып

8-сынып

Сабақ тақырыбы

М. Мақатаев — «Аққулар ұйықтағанда» (2 сағат)

Мақсат пен міндеттер

Сабақтың мақсаты

Ақын шығармасының тақырыбы мен идеясын, көркемдік тілін оқушының өз бетінше ізденуі арқылы ашу.

Мазмұнға байланысты

  • Шығарманы оқи отырып, композициялық құрылымымен танысу.
  • Ой тереңдігін, тіл шеберлігін сипаттау.

СТО (сыни тұрғыдан ойлау)

  • СТО әдістерін қолдану арқылы тақырыпты меңгерту.
  • Өз ой-пікірін жинақтап, қорытынды жасау.

Топтық жұмыс

  • Топ ішіндегі жұмысты ұйымдастыру.
  • Жұмыс нәтижесін көпшілікке ұсыну.

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, кітаптар, суреттер.

Түрі, әдістері

Түрі: білім-біліктілікті қалыптастыру.
Әдісі: ББҮ кестесі, талдау, пікірсайыс, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, тарих, биология.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сыныпты үш топқа бөлу: «Ана», «Аққу», «Табиғат».
  • Сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

«Менің Мұқағалиым»

Оқушылар ақынның өздеріне ұнаған өлеңдерін жатқа айтады.

Ақын күнделігінен:

«Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармаларымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыңдар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеп, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай…»

М. Мақатаев

3) Топтастыру стратегиясы: «Мұқағали кім?»

Негізгі ұғымдар: ақын, ойшыл.

«Бәйге!» тапсырмасы: берілген сұрақтарға 1 минут ішінде жауап беру.

«Ана» тобы

  1. Мұқағалидың азан шақырып қойған аты: Мұқаметқали.
  2. Әкесінің аты: Сүлеймен.
  3. Туған жылы: 1931 жыл, 9 ақпан.
  4. Туған жері: Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылы.
  5. Әжесінің аты: Тиын.
  6. Атасының аты: Мақатай.

«Табиғат» тобы

  1. «Фариза, қыз» өлеңі кімге арналған?
  2. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы көлдің аты қандай?
  3. Өмірбаянын қай өлеңінде жазған: «Менің анкетам».
  4. Алтын қаламды сыйға тартқан: Ғ. Мүсірепов.
  5. Өлеңдеріне ең көп ән жазған сазгер кім?

«Аққу» тобы

  1. Ұлдарының аты: Айбар, Жұлдыз.
  2. Қарасаздағы мұражайдың ашылған күні: 5 шілде 1991 жыл.
  3. Прозалық шығармасы: «Қош, махаббат».
  4. Жарының аты: Лашын.
  5. Алғашқы өлеңдері: «Қырман басында», «Қойшы бала» (Әкітай).
  6. Білетін әндер: «Саржайлау» және т.б.

4) Қызығушылықты ояту

Негізгі сұрақ: поэмадағы басты арқау болған тақырып қандай?

  • Сұлулық
  • Махаббат
  • Зұлымдық

Ойланайық:

Аққуды атуға бола ма? Бұл сұрақ кейінгі пікірсайыстың өзегіне айналады.

5) Композициялық құрылымға талдау

Оқиғаның басталуы

Жетімкөлдің ғажайып сұлу табиғаты.

Оқиғаның байланысуы

Жетімкөлге аққулардың келуі.

Оқиғаның дамуы

Ауру бала және ананың шарасыздығы.

Оқиғаның шиеленісуі

Сорлы ананың мылтықпен көлге келуі.

Шарықтау шегі

Ананың аққуларды атуы.

Шешімі

Баланың қаза болуы. Аққулардың Жетімкөлге қайта айналып келмеуі.

6) Шығармашылық тапсырмалар

«Аққу» тобына

  • Аққудың әсемдігін білдіретін сөздерді жазыңдар.
  • Шығармадан оқ тиген аққудың мүшкіл халін суреттейтін детальдарды табыңдар.

«Табиғат» тобына

  • Поэмада Жетімкөлдің сұлулығы қалай суреттелген?
  • Мәтіннен өздеріңе ұнаған үзіндіні дәптерге көшіріп, не үшін таңдағандарыңды түсіндіріңдер.

Өзіндік жұмыс үлгісі

Сірә, сорлы жоқ шығар менен өткен,

Құлынымның қасынан неге кеткем?

Ошақ қасы, от басы, көрмеппін ғой,

Дүние-ау, сен осындай керемет пе ең?

Ана отыр, озбыр ойлар қамалауда,

Қамалауда, әлдекім табалауда.

Поэмадан үзінді

Неліктен таңдадым?

Бұл үзінді маған ерекше әсер етті, өйткені онда шарасыз ананың ішкі күйзелісі анық сезіледі. Баласы үшін бәріне дайын ананың жанкешті бейнесі жүрекке тиеді; сорлы анаға жаным ашиды.

7) Пікірсайыс: «Аққуды атуға бола ма?»

Жақтаушы тарап

  • Ана баласын өлімнен арашалау үшін атты.
  • Аққу — махаббаттың белгісі; ана мен бала арасындағы махаббаттан биік сезім жоқ.
  • Егер ол сол сәтте аққуды атпағанда, өзін өмір бойы кінәлі сезінер еді.

Даттаушы тарап

  • Аққуды атуға болмайды: ол киелі құс, сұлулық пен пәктіктің нышаны.
  • Аққу — табиғаттың жаратылысы, өмір сүруге тиіс.
  • «Аққуды атпа, махаббатты сатпа» деген нақыл бар.

8) Сахналық көрініс

«Аққу» тобы

Көлде жүзіп жүрген аққулар мен жаралы аққудың рөлін сомдайды.

«Ана» тобы

Аққуды атқан ананы және кейінгі ананың зарын бейнелейді.

«Автор орындығы»

«Егер мен автор болсам…» — поэманы өз ойларыңмен аяқтап көріңдер.

9) Үй тапсырмасы

«Аққу — көлдің еркесі» тақырыбында шағын эссе жазу.