Натурал сандардың қасиеті

Сабақтың тақырыбы

5-ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • 5 санымен көбейту және бөлу амалдары туралы білім қалыптастыру.
  • Көбейту кестесін құруда көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолдануға үйрету.
  • Кері есептер құрастыру және шешу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық

  • Логикалық ойлауды дамыту.
  • Есте сақтау қабілетін жетілдіру.
  • Шапшаң есептеу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік

  • Білімді саналы түрде қолдануға баулу.
  • Алғырлыққа тәрбиелеу.
  • Ұқыптылыққа үйрету.

Әдіс-тәсілдер және ресурстар

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын, топпен жұмыс.

Қолданылатын технология

Сатылай кешенді оқыту технологиясы.

Көрнекілік Кестелер Сабақтың типі Жаңа сабақ

Сабақтың жоспары (уақытымен)

Кезең Мазмұны Уақыты
I Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық) 2 мин
II Үй тапсырмасын тексеру 3 мин
II (қайталау) Өткенді пысықтау (ойын арқылы) 5 мин
III Көркем жазу және талдау 5 мин
IV Жаңа сабақ 5 мин
IV (жалғасы) Дәптермен жұмыс 10 мин
V Сергіту сәті 1 мин
V (жалғасы) Өзіндік жұмыс 5 мин
V (жалғасы) Оқулықпен жұмыс 5 мин
VI Қорытынды 2 мин
VII Бағалау 1 мин
VIII Үйге тапсырма 1 мин

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Күннің жарығын алақаныма саламын. Ізгі әрі нәзік нұрды мейірімді жүрегіме басып ұстаймын. Сонда жан-жағым жып-жылы болып кетеді. Жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Оқулық: 88-бет, №3 тапсырма.

  • 4 оқушы тапсырманы оқиды.
  • Әр оқушы өз дәптері бойынша тексеру жүргізеді.

Өткенді пысықтау (ойын)

Ойын атауы: «Күніміз ашық болсын» (4-тің көбейту кестесін ауызша есептеу).

Мақсаты

Күн бетін жапқан бұлттарды «ашу» арқылы көбейту кестесін қайталау және бекіту.

III. Көркем жазу және талдау

Оқушылар дәптерге 5 және 55 сандарын көркем жазып, осы сандарға сатылай кешенді талдау жасайды.

5 санын сатылай кешенді талдау

  1. Анықтама: 5 — натурал сан. Натурал сандар — заттарды санағанда олардың санын білдіретін сандар.
  2. Тану:
    • Жазылуы: 5.
    • Оқылуы: бес.
    • Таңбалық құрамы: бір таңбалы сан.
    • Мағынасы: есептік сан (мысалы, 5 алма, 5 л сүт) және реттік сан (мысалы, 5-орын, 5-сурет).
  3. Координаталық сәуледе кескіндеу: координаталық сәуле — санақ басы (0), бірлік кесіндісі және бағыты бар түзу. 5 саны — 0-ден бастап 5 бірлік қашықтықта орналасады.
  4. Қасиеті:
    • Натурал сандар тізбегінің қасиеттері: басы бар, реті бар, шексіз.
    • Ескерту: 5 — тізбек емес, ол тізбектің бір мүшесі.
    • Көрші сандары: 5-тен кейінгі сан — 6.
  5. Салыстыру: координаталық сәуледе оң жақтағы сан сол жақтағы саннан үлкен болады. Сондықтан 4 < 5.

55 санын сатылай кешенді талдау

  1. Анықтама: 55 — натурал сан. Ол 55 бірліктен тұрады.
  2. Тану:
    • Жазылуы: 55.
    • Оқылуы: елу бес.
    • Таңбалық құрамы: екі таңбалы сан.
    • Мағынасы: есептік сан (мысалы, 55 орындық, 55 л сүт) және реттік сан (мысалы, 55-пәтер, 55-орын).
    • Математикалық белгіленуі: натурал сандар жиыны N әрпімен белгіленеді; 55 ∈ N.
  3. Координаталық сәуледе кескіндеу: 55 саны — 0-ден бастап 55 бірлік қашықтықта орналасады.
  4. Қасиеті:
    • Натурал сандар тізбегінің қасиеттері: басы бар, реті бар, шексіз.
    • Ескерту: 55 — тізбек емес, ол тізбектің бір мүшесі.
    • Көрші сандары: 55-тен кейінгі сан — 56.
  5. Салыстыру: координаталық сәуледе оң жақтағы сан сол жақтағы саннан үлкен. Сондықтан 44 < 55.