Адасқан бала әңгімесінде адасқан баланың аты кім

Сабақ туралы

Пән

Әдебиеттік оқу (4-сынып)

Тақырып

Сансызбай Сарғасқаев — «Сынған аквариум»

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды ізденіске жетелей отырып, әдеби-шығармашылық қабілеттерін ашу, мәтінді талдау және өз ойын сауатты жеткізу дағдыларын дамыту.

Білімділік

Сансызбай Сарғасқаевтың өмірі мен шығармашылығын сабақ мазмұнына арқау ете отырып, оқушылардың білімін тереңдету және пәнге қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық

Логикалық ойлауын, сөздік қорын, талдау мен пайымдау дағдыларын дамытуға бағытталған арнайы жұмыстар ұйымдастыру.

Тәрбиелік

Оқушыларды адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу; ойын толық әрі нақты жеткізу, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін жетілдіру.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Сыныптың назарын сабаққа шоғырландыру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Әдіс

«Карусель» әдісі арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру.

Сұрақтар

  1. «Құмырсқалар» әңгімесінде Ләйлә қандай құмырсқаларға жақтасып жүрді?
  2. «Адасқан бала» әңгімесінде адасқан баланың аты кім?
  3. Үшінші тоқсанда Бақытжанның сабағы неге төмендеп кетті?
  4. Әскербек әтешін қалай құтқарып алды?
  5. Мирас балмұздақ жеуден неге бас тартты?
  6. Көксерек туралы ауыл адамдары қандай пікірде болды?
  7. Сатира дегеніміз не?
  8. «Мен таңдайтын мамандық» өлеңінде қандай мамандықтар аталады?
  9. «Үлек» деп нені айтады?
  10. Мүлікбай атаны сипаттап бер.
  11. Есім мұғаліміне бастапқыда неге ашуланды?

3) Мақсат қою

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
  • Жаңа сабаққа даярлық жүргізу.

Жаңа сабаққа кіріспе

Ойын

«Адасқан әріптер» ойыны: ныСнағ мкарваиуСансызбай Сарғасқаев. Аквариум.

Түсінік

Аквариум (лат. aquarium — суқойма) — су жануарлары мен өсімдіктерін өсіруге және зерттеуге арналған шыны ыдыс. Кейбір ірі түрлері дельфинарий, океанариум деп аталады. Аквариумнің пішіні мен құрылысы әртүрлі болады. Ол балықтардың табиғи жағдайына сай жабдықталып, ішінде өсімдіктер де өсіріледі. Әдетте арнайы құрал арқылы ауа жіберіліп, суы мезгіл-мезгіл ауыстырылып тұрады.

Дәптермен жұмыс

Бүгінгі күннің жадын жазып, тақырыпты белгілейміз: Сансызбай Сарғасқаев — «Сынған аквариум».

Автор туралы

«Сансызбай Сарғасқаев кім?» деген сұраққа слайд материалдары арқылы жауап іздейміз: автордың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет тыңдалады.

Мәтінмен жұмыс және тіл дамыту

Әдіс

Мәтін «ДЖИГСО» әдісі бойынша оқылады: оқушылар алдымен жеке оқып, кейін топта талқылайды, соңында топтар ауысып, бір-біріне түсіндіреді.

Сөздік жұмысы

Шоршыған
қорыққан
Қаһарына
ашуына
Жайбарақат
асықпай, сабырмен

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

Бекіту және қорытындылау

1-топ: «Дананың кілттері»

  1. Мәтіндегі кейіпкерлерді ата.
  2. Мұғалім неге ашулы болды?
  3. Шоқай Күлзағирамен неге дос болудан бас тартты?
  4. Әңгіменің тәрбиелік мәні неде?

2-топ: «Төрт қалпақ» әдісі

Егер мен Күлзағира болсам, мен…

Егер мен Шоқай болсам, мен…

Егер мен Елікбай болсам, мен…

Егер мен Береке болсам, мен…

3-топ: Сипаттау

Кейіпкерлерге мінездеме бер:

  • Күлзағира
  • Шоқай
  • Елікбай
  • Береке

Рефлексия

Оқушылар стикерлерге сабақта нені түсінгенін, нені қызықты деп тапқанын және қандай тұстар түсініксіз қалғанын жазады.

Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Оқушылардың қатысуы мен тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.

Үй тапсырмасы

  1. Мәтін мазмұнын айту.
  2. Эссе жазу.

Мұғалім

Нұрғазина А. Ж.

Сансызбай Сарғасқаев — «Сынған аквариум»