Ақсақ киік

Сабақтың жүру барысы

Бұл сабақта оқушылар Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен «Ақсақ киік» өлеңінің идеялық-көркемдік болмысын талдап, табиғатты қорғау туралы ой түйіндейді.

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тақырып: «Жүз жасаған алып ақын — Ж. Жабаев». «Ой шақыру» стратегиясы және тест тапсырмалары арқылы қайталау.

Тестпен жұмыс (Ж. Жабаев бойынша)

1) Жамбыл кім?

  • а) жазушы
  • ә) ғалым
  • б) жыр алыбы
  • в) суретші

2) Ақынның ұстазы кім?

  • а) Бұқар жырау
  • ә) Шортанбай
  • б) Майлықожа
  • в) Сүйінбай

3) Ақынның шығармаларын тап.

  • а) «Қысқы жолда», «Сағындым»
  • ә) «Далада», «Өтеген батыр»
  • б) «Аттандыру», «Атаның әлдиі»
  • в) «Өтеген батыр», «Мен кім?»

4) Айтысқа түскен ақындарды көрсет.

  • а) Әлімқұл, Құлмамбет
  • ә) Сары, Шернияз
  • б) Әлімқұл, Майлықожа
  • в) Шашубай, Досқожа

5) Жамбылдың ақындық атағы қай айтыстан кейін шығады?

  • а) Әлімқұл
  • ә) Құлмамбет
  • б) Мұраталы
  • в) Қатаған

Сонымен қатар «Ер есімі — ел есінде» тақырыбында жазылған эсселер тыңдалады.

III. Жаңа сабақ: «Пирамида» құрылымы

Жаңа сабақ «пирамида» әдісі арқылы ұйымдастырылады: тапсырмалар дұрыс, нақты әрі жылдам орындалса, келесі деңгейге көтеріліп отырамыз. Пирамида 5 бөлімнен тұрады.

1-деңгей

Бастапқы таныстық

2-деңгей

Терең таныстық

3-деңгей

Жүйелі таныстық

4-деңгей

Ойнап ойлау

5-деңгей

Нәтиже

1) Бастапқы таныстық: Сәкен Сейфуллиннің өмір жолы

Бұл кезеңде ақынның өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасаймыз.

Жыл Оқиға
1894 Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қарашілік қыстауында дүниеге келді.
1905–1908 Нілдідегі орыс-қазақ мектебінде оқыды.
1908–1910 Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде оқыды.
1910–1913 Қалалық училищеде білім алды.
1913–1916 Омбы семинариясына қабылданды.
1916 Сілеті–Бұғылы ауылында мектеп ашып, мұғалім болып қызмет етті.
1917 Ақмолаға қоныс аударып, «Асығып тез аттандық», «Кел, жігіттер» өлеңдерін жазды.
1918 4 маусымда тұтқынға түсіп, Атаман Анненковтың «азап вагонында» қиындық көрді.
1919 3 сәуірде қашып құтылды.
1922 «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы жарық көрді.
1926 Гүлбаһрам Батырбекқызына үйленді.
1930 Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
1937–1938 Жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 жылы ату жазасына кесілді.

2) Терең таныстық: «Ақсақ киік» өлеңін оқу және түсіну

Өлеңді мәнерлеп оқып, негізгі ойды ашамыз: адам мен табиғат арасындағы жауапкершілік, мейірім және аяушылық.

Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ шөл — ойлы-қырлы панасы бар.
Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп-өнген,
Жәндіктің киік деген баласы бар.
«Ақсақ киік» өлеңінен үзінді

География

Арқаның Бетпақ даласы карта арқылы түсіндіріледі.

Киік туралы дерек

  • Дене тұрқы: 109–130 см.
  • Салмағы: 25–40 кг.
  • Жылдамдығы: 70 км/сағ.
  • Төлі: құралай.

Құндылығы

Киіктің мүйізі мен терісі бағалы. Осы деректер өлең мазмұнын түсінуге көмектеседі.

3) Жүйелі таныстық: өлең құрылысына талдау

Құрылымдық ерекшеліктері

  • Шығарма: «Ақсақ киік»
  • Жанры: өлең
  • Шумақ саны: 9
  • Тармақ саны: 36
  • Бунақ саны: 3
  • Буын өлшемі: 11–12 буын
  • Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы
  • Көркемдік тәсіл: теңеу

Көркем үзінді

Қап-қара екі көзі мөлдіреген,
Әдемі екі танау желбіреген.
Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,
Жел түрткен жусаннан да селдіреген.

Негізгі идея

Өлең табиғатқа жасалған қаталдық пен мейірімсіздікті сынап, адамды жануарға жанашыр болуға үндейді.

Беймәлім сөздер

Сегіз көштік

ұзындық өлшемі

Таны

жануардың сұлу мүсіні (тұлға-бітімі)

Қос

шатыр, күрке

Бетеге

шөп атауы

Киік

аталық жануар

Бөкен

аналық жануар

4) Ойнап ойлау: «Бес жолды өлең» әдісі

  1. 1.Киік
  2. 2.Сұлу, құнды
  3. 3.Мекендейді, жүгіреді, жаутаңдайды
  4. 4.Ақ бөкен — сахараның ботагөзі
  5. 5.Жануар

5) Нәтиже: жазылым жұмысы

Тақырыпты толық меңгергеннен кейін «Табиғатты қорғау — біздің парызымыз» тақырыбына эссе жазылады.

VI. Сабақты қорытындылау

  • Киік туралы жалпы мағлұматты жинақтау.
  • Киік мүйізінен қандай бұйымдар жасалатынын талқылау.
  • Адамдардың киікті не үшін ататынын (себеп-салдарын) саралау.

VII. Үй тапсырмасы

Мәнерлеп оқу

«Ақсақ киік» өлеңін мәнерлеп оқу.

Жаттау

Өлеңнен үзінді жаттау.

Шығармашылық жұмыс

Оқиға желісіне байланысты сурет салу.