Жас информатик

Жамбыл облысы • Сарысу ауданы • Жаңатас қаласы

Құрастырушы: Ерпаизова Құланда Еділқызы

Сынып: 7 «Б» Бағалау: 5 балдық жүйе Көрнекілік: компьютер • интерактивті тақта • презентация

Мақсаты

«Жас информатик – 2012» сайысы оқушылардың информатикаға қызығушылығын арттырып, теориялық білімін тәжірибеде көрсетуіне мүмкіндік береді.

  1. Оқушылар арасында информатика мамандығының маңызын кеңінен насихаттау.
  2. Мамандық таңдаудағы кәсіби икемділік пен шеберлікті байқап, үздікті анықтау.
  3. Логикалық ойлау қабілетін шыңдау, танымдық дағдыларды дамыту, теориялық білімді тексеру және оқуға ынта мен белсенділікті арттыру. Оқушыларды өздігінен ізденуге және жұмыс істеу дағдысына үйрету.

Сайыстың құрылымы

Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі сабағымыз ерекше форматта — ойын-сайыс түрінде өтеді. Сабақ барысында алған теориялық білімдеріңізді көрсетіп, түрлі тапсырмалар арқылы білім бәйгесіне түсесіздер.

Турлар саны

Сайыс 6 турдан тұрады. Қосымша түрде қорытындылау және марапаттау кезеңдері қарастырылған.

Қысқаша бағдарлама

  • 1 Инфобілім (теориялық сұрақ-жауап)
  • 2 Ситуациялық сұрақтар
  • 3 Практикалық сынақ (интернет және e-mail)
  • 4 «Бұл кім?» (тарихи тұлғаларды тану)
  • 5 Жұмбақтар
  • 6 Пікірталас: компьютер маманының қажеттілігі, интернеттің пайдасы мен зияны

Сайыстың өту барысы

Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек бүгін.

Ендеше, бүгінгі сайысымызды бастайық!

1-тур: Инфобілім (теория)

Информатика пәні бойынша сұрақ-жауап арқылы білім деңгейі тексеріледі.

  1. Компьютер ауруы дегеніміз не?
  2. Адам мен компьютер арасындағы байланыс қалай жүзеге асады?
  3. Принтердің неше түрі бар?
  4. Компакт-дискілерді оқитын құрылғы қалай аталады?
  5. Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы?
  6. Windows дегеніміз не?
  7. Дүниежүзілік компьютерлік желі қалай аталады?
  8. Ақпаратты шығару құрылғысы?
  9. Ақпараттың өлшем бірлігі?
  10. Вирустардың кері әсерін жоятын бағдарлама?
  11. Белгілі бір атпен сақталған мәліметтер жиыны?
  12. Сурет салуға арналған бағдарлама?
  13. Бос орын қалдыру пернесі?
  14. Деректерді сақтауға арналған құрылғы?
  15. Компьютер жанына жиі қойылатын өсімдік?
  16. Курсордың оң жағындағы таңбаларды өшіру пернесі?
  17. Жыпылықтап тұратын тік сызықша қалай аталады?
  18. Принтердің түрлерін атаңыз.
  19. 8 бит 1 байтқа тең бе?
  20. Компьютер тышқансыз жұмыс істей ала ма?
  21. Компьютер экраны қалай аталады?
  22. Бит, байт, Кбайттан кейін қандай өлшем бірліктері келеді?
  23. 650 саны 5-ке бөліне ме?
  24. 1 Гбайт неше Мбайтқа тең?
  25. WordPad қандай редактор?
  26. Алғашқы есептеулер немен жүргізілді?
  27. Курсордың сол жағындағы таңбаларды өшіру пернесі?
  28. Адам мен компьютердің арақашықтығы қанша болуы тиіс?
  29. Адам өміріне қауіпті болуы мүмкін компьютер бөлігі (қауіпсіздік ережесі бойынша)?

2-тур: Ситуациялық сұрақ

ДК-де жұмыс істеу барысында ақау байқалса, түтін шықса немесе күтпеген дыбыстар естілсе, қандай әрекет жасау қажет?

Бұл бөлімде оқушының қауіпсіздік техникасын білуі және дұрыс шешім қабылдауы бағаланады.

3-тур: Практикалық сынақ

  • 1) Интернеттен Қазақстандағы жаңалықтар туралы ақпарат іздеу.
  • 2) Жеке тегін электрондық пошта жәшігін ашу жолын көрсету.

4-тур: «Бұл кім?» (информатика тарихы)

1-сұрақ

1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған, атақты Байронның қызы, әлемдегі алғашқы программист ретінде танылған ғалым әйел. Бұл кім?

2-сұрақ

1833 жылы бағдарлама арқылы басқарылатын «Аналитикалық машина» жобасын жасаған, қазіргі компьютердің «атасы» атанған ғалым. Ол кім?

3-сұрақ

1902 жылы 2 қарашада Нижний Новгородта туған, Бауман атындағы университетте сабақ берген, 1947–1948 жылдары КСРО-дағы алғашқы ЭЕМ-ді жасауға жетекшілік еткен академик. Бұл қай ғалым?

5-тур: Жұмбақтар

1-жұмбақ

Пернетақта ауылында тұратын,
Пернелік деген атаның
Бар екен 12 ағайынды —
Немерелері алғашқы.
Есімдері де өздерінің бір қызық,
Тек қана «Ғ» әрпінен басталады.

2-жұмбақ

Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.
Ойланып, білгіш болсаң, жауап берші,
Қалай аталады аты оның?

6-тур: Пікірталас

Тақырып 1

Қазіргі кезде компьютер маманы қажет пе?

Тақырып 2

Интернеттің пайдасы мен зияны.

Қорытындылау және марапаттау

7-кезең: Қорытынды

Өбіліп ойлар ойда қала берер,
Білім сана толастап жана берер.

Әділқазылар алқасын ортаға шақырып, сайыскерлерге әділ баға беру үшін сөз беріледі.

8-кезең: Жеңімпазды марапаттау

«Жас информатик – 2012» байқауының жеңімпазы — сайыста ең көп балл жинаған оқушы.

Жүлделі орын иегерлері мақтау қағаздарымен марапатталады.

Бағалау парағы

Қажет болған жағдайда әр тур бойынша баллдар осы парақта белгіленеді.

Осымен сайысымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға және қолдау көрсеткендеріңізге рахмет! Сау болыңыздар!