Конституция лат

Сабақтан тыс іс-шара

Тақырыбы

«Ең білгір» интеллектуалдық ойыны

Мақсаты

  • Өткен тақырыптарды қайталай отырып, оқушылардың түсінігін толықтыру және құқық пәніне қызығушылығын арттыру.
  • Еңбексүйгіштікке, адалдыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу.
  • Ізденушілік және зерттеушілік дағдыларын дамыту, белсенді әрекетке бағыттау.

Көрнекілігі

Нақыл сөздер, сұрақтар, тапсырмалар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Армысыздар, қадірменді оқушылар мен ұстаздар! Дана халқымыз: «Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады» дейді. Мектеп қабырғасында білім алып жатқан сіздер — елдің тірегі, ертеңі.

Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы, балалар, сіздердің қолдарыңызда» деген сенімін ақтай білейік. Бізге үлгі — ата-бабаларымыздың ерлігі, ұлағаты және өнегелі еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ — болар елдің ертеңі!

Ендеше «Ең білгір» атты интеллектуалдық сайысымызды бастайық!

Қатысушы топтар

«Болашақ» тобы

Білім мен белсенділікке негізделген команда.

«Талапкер» тобы

Ізденіс пен дәлдікке сүйенетін команда.

Сайыстың кезеңдері

  1. I

    Топты таныстыру

    Әр топтың жетекшісі қысқаша таныстырады. Әр топқа — 5 ұпай.

  2. II

    Өткел

    Әр топқа 10 сұрақ. Дұрыс жауапқа — 10 ұпай.

  3. III

    Белес

    Жұмбақ санды тапқан топқа — 15 ұпай.

  4. IV

    Бекет

    Бір сұраққа — 20 ұпай.

  5. V

    Жерұйық

    Ситуациялық сұрақтар. Бір дұрыс жауапқа — 20 ұпай.

II кезең: Өткел

«Болашақ» тобына сұрақтар

  1. ҚР Әнұранының авторлары кімдер?

    Н. Ә. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов, Ш. Қалдаяқов.

  2. 25 қазан қандай күн?

    Республика күні.

  3. Адам құқығы қашан пайда болады?

    Туғанынан беріледі.

  4. Мемлекеттік биліктің қайнар көзі қандай?

    Халық.

  5. Мәжіліс неше депутаттан тұрады?

    77.

  6. ҚР-ның жоғары өкілетті органы қандай?

    Парламент.

  7. Референдум дегеніміз не?

    Жалпыхалықтық дауыс беру.

  8. Үкімет қызметін ұйымдастырушы кім?

    Премьер-министр.

  9. Республика заңдары қашан күшіне енеді?

    Президент қол қойғаннан кейін.

  10. Сайлаушылардың сайлауға келмеуі қалай аталады?

    Абсентеизм.

«Талапкер» тобына сұрақтар

  1. ҚР Конституциясы неше баптан және неше бөлімнен тұрады?

    98 баптан, 9 бөлімнен.

  2. Тұрғындарының саны бойынша дүниежүзіндегі ең ірі мемлекет қайсы?

    Қытай.

  3. Президент ауырған немесе қайтыс болған жағдайда оның орнына кім келеді?

    Сенат төрағасы.

  4. Кандидаттарға телеарналар арқылы сөз сөйлеуге неше минут беріледі?

    15 минут.

  5. Конституцияның 20-бабында неге тыйым салынған?

    Цензураға.

  6. Бір тұлғаның екінші тұлғаға өз атынан жазбаша өкілеттік беруі қалай аталады?

    Сенімхат.

  7. Мемлекеттік рәміздер қай жылы қабылданды?

    1992 жыл.

  8. ҚР мемлекеттік рәміздерін атаңыз.

    Ту, Елтаңба, Әнұран.

  9. Парламенттің төменгі палатасы қалай аталады?

    Мәжіліс.

  10. Парламенттің жоғарғы палатасы қалай аталады?

    Сенат.

III кезең: Белес

«Болашақ» тобына

  1. Бақытты болу дегеніміз не?

    Әр адамның өз қолында.

  2. Ата-анасы және балалары бар отбасы қалай аталады?

    Толық отбасы.

  3. «Конституция» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?

    Құрылым, өкілім.

  4. Бала туралы мақал-мәтел айтып, мағынасын түсіндіріңіз.

    Еркін жауап.

«Талапкер» тобына

  1. Еліміздің негізгі заңы қандай?

    Конституция.

  2. Адам өмірінің мәні неде?

    Мақсат пен мұрат.

  3. Заң құдайы кім?

    Фемида.

  4. Ата-ана туралы мақал-мәтел айтып, мағынасын түсіндіріңіз.

    Еркін жауап.

IV кезең: Бекет

Сұрақ: Төмендегі жылдары қандай декларациялар, заңдар мен конвенциялар қабылданды? (Әр дұрыс жауапқа — 20 ұпай.)

Жыл / күн Құжат атауы
1948 ж., 10 желтоқсан БҰҰ-ның Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қабылданды.
1959 ж., 20 қараша БҰҰ Бас Ассамблеясы Балалар құқығы декларациясын қабылдады.
1989 ж. Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды.
1993 ж., 28 қаңтар Егемен еліміздің алғашқы Конституциясы қабылданды.
1995 ж., 30 тамыз Референдум арқылы бекітілген екінші Конституция қабылданды.
2002 ж., 8 тамыз Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қабылданды.

V кезең: Жерұйық

Ситуациялық сұрақтар. Әр дұрыс жауапқа — 20 ұпай.

«Болашақ» тобына

  1. 1) Нотариустың бас тартуы заңды ма?

    16 жастағы Светлана тұрмысқа шыққан, бірақ жарты жылдан кейін ажырасқан. Ол көп ұзамай пәтерін сатқысы келеді. Алайда нотариус оның кәмелетке толмағанын, яғни іс-әрекетке толық қабілетті емес екенін айтып, сатып алу-сату шартын рәсімдеуден бас тартты.

  2. 2) Кімнің шешімі дұрыс?

    Азамат Л. көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін тоқтатылды. Сот шешімімен ол барлық көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Азамат Л. бұл жазаға келіспей шағымданды, себебі ол мүгедек және балдақпен ғана жүретіндіктен көліксіз жүріп-тұра алмайтынын айтты.

«Талапкер» тобына

  1. 1) Кім және қандай тәртіппен жауапкершілікке тартады?

    14 және 16 жастағы екі жасөспірім кешке өз ауданында серуендеп жүріп, бірнеше телефон-автоматтың тұтқасын жұлып алды. Олардың әрекетін полиция наряды тоқтатты.

  2. 2) Тексеруші дұрыс істеді ме? Әкімшілік жауапкершілік қай жастан басталады? Бұл жағдайда айыппұлды кім төлейді?

    4-сынып оқушысы Асқар автобуста жолақысын төлемеді. Билет тексеруші билет немесе жол жүру құжатын көрсетуді талап етті, бірақ Асқарда екеуі де болмады. Тексеруші Асқардан айыппұл төлеуді сұрады.

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Бүгінгі «Ең білгір» атты интеллектуалдық ойын аяқталды. Оқушылар, сайысқа белсенді қатысып, жақсы нәтиже көрсеттіңдер. Дегенмен, жарыс болған соң бір жеңімпаз анықталады.

Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Жеңімпаз топ марапатталады.

Бүгінгі сайысымыз осымен тәмам. Сау болыңдар!