Әріпті жазу
Мотивациялық-қызығушылық кезең
Greeting time
Мұғалім: Hello! How are you? I am glad to see you! Sit down, please!
Балалар: Hello! Hi! I am fine, thank you! How are you?
Phonetic exercise
Мұғалім: I will say it, and you repeat after me.
Rain, rain, go to Spain!
Never come back again!
Мақсат: дыбыстардың дұрыс айтылуын қадағалау. Балалар суретке қарап, мұғалімнен кейін қайталап айтады.
Сабаққа кіріспе
Бүгін біз білім еліне саяхат жасаймыз. Балалар, тақтадан нені көріп тұрмыз? Иә, бұл ағылшын әліпбиі. Ағылшын әліпбиінде 26 әріп бар: 6 дауысты және 20 дауыссыз.
Бүгін біз ағылшын әліпбиінің алғашқы әрпімен танысамыз: Aa. Бұл — дауысты дыбыс.
Ұйымдастыру кезеңі: Aa әрпі
Айтылуы
Aa әрпі [ei] деп оқылады.
Мұғалім әріпті көрсетіп, балаларға бірнеше рет дұрыс айтқызады (хормен және жеке).
Жаңа сөздер (Aa әрпінен басталады)
This is an apple.
Мынау алма.
This is an airplane.
Мынау ұшақ.
Суреттерді көрсете отырып, мұғалім сөздерді түсіндіреді. Балалар Aa — [ei] дыбысталуын бірнеше рет қайталап, бекітеді.
Сергіту сәті
It is time to have a rest. All stand up and do like this:
Two little feet go tap, tap, tap.
Two little hands go clap, clap, clap.
Two little feet go jump, jump, jump.
Two little hands go thump, thump, thump.
Мақсат: қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту.
Тапсырма орындау: дәптермен жұмыс
Әр балаға жұмыс дәптері беріледі. Балалар төмендегі тапсырмаларды орындайды.
Негізгі тапсырмалар
- 1 Сұраққа жауап беру: What is it? (Бұл не?)
- 2 Әріпті жазу: Aa
- 3 Берілген суретті бояу
Қосымша тапсырма (Д.О.)
Find the letter “Aa”.
Мақсат: ағылшын әрпін дұрыс табу және фонетикалық тұрғыда дұрыс айтуға дағдыландыру.
Балалар сұраққа жауап береді, әріпті жазады, суретті бояйды және қосымша тапсырманы орындайды.
Сабақты қорытындылау
Рефлексия сұрақтары
- Балалар, сабақ сендерге ұнады ма?
- Қандай әріпті үйрендік?
- Қандай жаңа сөздермен таныстыңдар?
Мұғалім балаларды мадақтап, белсенділігін атап өтеді.
Қоштасу
Мұғалім: Good bye, children! See you next lesson!
Күтілетін нәтиже
- Не білу керек: әріптің дұрыс айтылуы.
- Нені игереді: жаңа сөздердің ағылшын тілінде дұрыс дыбысталуы.
- Не біледі: тапсырмаларды орындау.