М. Ломоносов атындағы орта мектеп КММҚазақ тілі пәнінің мұғалімі
Сабақ жоспары
М. Ломоносов атындағы орта мектеп КММ
Пәні: Қазақ тілі (7-сынып)
Мұғалім: Аманкелді А.
Тақырып: Етістіктің шақтары туралы түсінік
Мақсаты
Етістік туралы зерттей отырып, етістіктің шақтарын меңгеру және оның маңызын түсіну.
Түйінді идея
Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі
- Бір-бірінің ойына пікірін еркін қоса алды.
- Қарым-қатынас мәдениеті қалыптасты.
- Бір-бірін тыңдауға, бағалауға үйренді.
- Топтасып жұмыс істеуді меңгерді.
- Мағынаны ашуда бірлесе әрекет етуге дағдыланды, білімін кеңейтті.
Әдіс-тәсілдер
- ЖИГСО
- Талдау, топтық жұмыс
- Диалогтік әңгіме
- АКТ пайдалану
- Ойын, жеке/жұптық жұмыс, интервью
Кезеңдері (уақыт)
Етістіктің шақтары туралы түсінік
Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіретін грамматикалық мағына етістіктің шағы деп аталады. Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болу мезгілі үш түрлі болады. Соған сәйкес етістіктің шақтары да үш түрге бөлінеді.
Шақ жасалуы
Етістіктің шақтары есімше, көсемше тұлғалы етістік түбіріне -ды/-ді, -ты/-ті және -мақ/-мек, -бақ/-бек, -пақ/-пек жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
Мысал
- Дара етістік: кел-іп-ті, кел-ер
- Күрделі етістік: келіп отыр, келіп кеткен, келіп кетпек
Шақ пен жақтың байланысы
Шақтық мағынаны білдіретін етістік көбіне жіктеліп келеді, сол арқылы жақтық мағына береді.
Ереже
Жіктік жалғау шақ көрсеткіштерінен (есімше, көсемше және арнайы шақ жұрнақтарынан) кейін жалғанады: оқы-ған-мын, оқы-р-сың, бар-ып-ты, бар-ды-м, бар-мақ-ың.
Күрделі етістікте жіктік жалғау негізгі етістікке емес, көмекші етістікке жалғанады: сөйлеп отыр-ған-сың, сөйлеп отыр-ар-мын.
Негізгі бөлім
Осы шақ
Осы шақ сөйлеп тұрған уақытта болып жатқан іс-қимылды білдіреді. Оның екі түрі бар: ауыспалы осы шақ және нақ осы шақ.
Нақ осы шақ: мәні
Нақ осы шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте дәл қазір болып жатқанын білдіреді.
Мысал
Мен отырмын.
Құрылымы: жалаң және күрделі
Нақ осы шақ етістіктің құрамына қарай жалаң және күрделі болып бөлінеді.
- Жалаң түрі қалып етістіктердің жіктелуі арқылы жасалады.
- Күрделі түрі көсемше + қалып етістіктер арқылы жасалады.
Қалып етістіктер
Отыр, тұр, жатыр, жүр — нақ осы шақтың жалаң түрін жасауға жиі қатысатын етістіктер. Олар қалып етістіктер деп аталады.
Ерекшелік
ІІІ жақта жіктік жалғауынсыз жұмсалады.
Ерекшелік
ІІ жақта жіктеу есімдігімен тіркесіп, бұйрық мағынасын бере алады.
Ескерту
Күрделі етістікте көмекші етістік (отыр/тұр/жүр/жатыр) жіктеледі.
Жасалу жолы: жалаң нақ осы шақ
Қалып етістігіне жіктік жалғау жалғану арқылы жасалады.
Мысалдар
- Мен жүрмін.
- Мен отырмын.
- Мен тұрмын.
- Мен жатырмын.
Жасалу жолы: күрделі нақ осы шақ
Негізгі етістіктің көсемше тұлғасы (-ып/-іп/-п, -а/-е/-й) мен қалып етістіктердің тіркесуінен жасалып, жіктік жалғау көмекші етістікке жалғанады.
Мысалдар
- Мен келіп жүрмін.
- Мен келіп отырмын.
- Мен келіп тұрмын.
- Мен келе жатырмын.
Қолданылуы: сөйлем ішіндегі үлгілер
Күрделі етістіктің құрамындағы көмекші етістіктер (отыр, тұр, жүр, жатыр) жіктеліп жұмсалады.
Мысал
Мен оқып отырмын.
Мысал
Сен ойнап жүрсің.
Мысал
Оқушы кітап оқып отыр.