Алқа мүшелерін сайлау
Ел болашағы – білімді ұрпақ
Бұл интеллектуалды сайыс-сабақ оқушылардың білімін шыңдауға, ойлау мәдениетін дамытуға және туған тіл мен елге деген құрметті күшейтуге бағытталған.
Сайыстың мақсаты
- Оқушылардың білімін ортаға салып, пәндер бойынша алған білімін тексеру.
- Дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын арттыру, логикалық ойлау мен шығармашылық қиялды дамыту.
- Туған тілді сүюге, туған елін және жерін құрметтейтін ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеу.
Формат және әдістер
- Сайыс түрі
- Интеллектуалды сайыс-сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ–жауап, ой қозғау
- Көрнекілік
- Слайдтар, топшамалар, даналық сөздер
Бағдарлама
- 1Бәйге
- 2Ханталапай
- 3Жеті жұмбақ
- 4Дода
- 5Шешен тілдер
Сайыстың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Бұл кезеңде сайыстың тақырыбы, мақсаты және тәрбиелік мәні таныстырылып, қатысатын сыныптар мен қатысушылар туралы қысқаша мәлімет беріледі.
II. Кіріспе бөлім
Мұғалім: Құрметті оқушылар, әділқазылар алқасы және ұстаздар! «Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырып, таныстырып өтеміз (1–12 оқушы).
Сайысымыздың әділ бағасын беретін қазылар алқасын сайлап алайық.
Қатысушыларға тілек
Сайыскерлер, сіздерге сәттілік тілеймін!
Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе-бірің еріңдер.
Білім-білікті тексеріп,
Қатысып ойынға көріңдер!
Негізгі ой
Білім мен өнер жарысқанда, адам тәрбиесі мен тәлімі тереңдей түседі. Білім — жеңіске бастайтын күш. Ғылым мен білім тоғышарлыққа қарсы ем: білім күмәндануға, зерттеуге және дәлелдеуге үйретеді, ал тоғышарлық — білмей тұрып «бәрін білемін» деуге итермелейді.
Даналық сөздер
Исаак Ньютон: «Мен ұлы мұхиттың жағалауынан кішкентай ғана бір тасты тауып алған балаға ұқсаймын: таптым да қуандым. Ал ол мұхиттың жағалауы мен түпсіз тереңінде сондай тастар қаншама!»
Омар Хаям: «Алла! Мені өзің берген білім үшін кешір!»
Қорытынды үндеу
«Білім — күш» дейміз. Шын мәнінде, білім — кілт. Оны орнымен қолданып, дұрыс бағытта жұмсай білсең ғана ол күш-қайратқа айналады.
Ұлт тірегі — білімді ұрпақ қолында,
Ізденіңдер, білім алу жолында.
Еліңді сүй, жеріңді сүй, құрметте,
Бүлдіршіндер алау оттай жалында.
I кезең: «Бәйге»
Бұл кезеңде әр оқушыға 10 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап 1 балл болып есептеледі.
1-оқушы
- Денені өлшейтін құрал: градусник.
- Адамдардың қатынас құралы: тіл.
- Қан соратын жәндік: маса.
- Өсімдіктің мүшелері: жапырақ, сабақ, тамыр, гүл, тұқым.
- Ұзындық өлшем бірліктері: км, м, дм, см, мм.
- Жер Күнді айнала ма, әлде Күн Жерді айнала ма?
- Біздің туда бейнеленген: ұлттық ою (қошқар мүйіз), қыран бүркіт, күн.
- Қазақтың тұңғыш ғарышкер-ұшқышы: Тоқтар Әубәкіров.
- Абылай ханның шын аты: Әбілмансұр.
- Қазақтың атақты суретшісі: Ә. Қастеев.
2-оқушы
- Мемлекеттік рәміздер: Әнұран, Елтаңба, Ту.
- Әнұран қандай жағдайда орындалады? Салтанатты жиындарда.
- Есту мүшесі: құлақ.
- Үш би: Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.
- Күйді орындайтын адам: күйші.
- Периметрді қалай табамыз? Барлық қабырғаларын қосамыз.
- «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы: Ыбырай Алтынсарин.
- Балды жақсы көретін аң: аю.
- «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе»: надандық, еріншектік, залымдық.
- Жас күнінде суретші болуды армандап, кейін белгілі балалар жазушысы болған: Б. Соқпақбаев.
3-оқушы
- ҚР Әнұранының авторларын ата.
- Ауданды қалай табамыз? Екі қабырғасын көбейтеміз.
- Біз қай тілде сөйлейміз? Қазақ тілінде.
- 40 пен 6-ның көбейтіндісі: 240.
- Көру мүшесі: көз.
- Біздің Президентіміз кім? Нұрсұлтан Назарбаев.
- Аюдың баласы: қонжық.
- Бие сүтінен дайындалатын сусын: қымыз.
- Көкөністерге жататындар: сәбіз, картоп, орамжапырақ, қызанақ.
- Қу аң: түлкі.
4-оқушы
- Елтаңбаның авторы кім?
- Қай жануар жылға ілікпей қалды? Түйе.
- «Кітап» сөзінің бас әрпі: К.
- Екінші қазақ ғарышкері: Талғат Мұсабаев.
- Мезгілдерді ата: қыс, көктем, жаз, күз.
- Қазақстан Республикасының астанасы: Астана.
- Тиін нені жақсы көреді? Жаңғақ.
- Иіс сезу мүшесі: мұрын.
- Мақта Қазақстанның қай өңірінде көп өсіріледі? Оңтүстік Қазақстанда.
- Әлемде неше мұхит бар? 4.
Автор туралы
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Зекенова Рима.