Алтын қақпа Ойын шартымен таныстыру

Сабақ тақырыбы

Бөлінгіштің жоғары разряд бірліктері бөлгіштен кем болған жағдайда көп таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу.

Сабақ түрі

Ойын сабағы

Әдістер

  • ойын
  • көрнекілік
  • сұрақ-жауап
  • ізденушілік
  • топтық жұмыс

Көрнекіліктер

Магнитті тақта, «Алтын қақпа» ойынына арналған қақпалар, сигналдық карточкалар, сандар жинағы, компьютер. (Оқушылар алдын ала топтарға бөлініп отырғызылады.)

Сабақ мақсаты

1) Білімдік

Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын және зейінін арттыру; көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлу дағдыларын жетілдіру.

2) Дамытушылық

Логикалық ойлау қабілетін дамыту, ұжыммен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру.

3) Тәрбиелік

Бәсекеге қабілетті, жауапкершілігі жоғары тұлға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Үлкен деген сіз,
Кіші деген біз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын тексеру

№3, 128-бет. Әр топ өз шешімін оқиды. Дұрыс болса, сигналдық карточканың қызыл жағын, қате болса көк жағын көтереді.

Қайталау сұрақтары

  • Жылдамдық пен уақыт белгілі болса, қашықтықты қалай табамыз?
  • Қашықтық пен уақыт белгілі болса, жылдамдықты қалай табамыз?
  • Қашықтық пен жылдамдық белгілі болса, уақытты қалай табамыз?
  • Бөлінгіштің жоғары разряд бірліктері бөлгіштен үлкен болғанда бір таңбалы санға бөлуді қалай орындаймыз?
  • Бөлінгіштің жоғары разряд бірліктері бөлгіштен кем болғанда бір таңбалы санға бөлуді қалай орындаймыз?

Үй тапсырмасы қосымша тест арқылы тексеріледі: жауаптар тақтаға жазылады, оқушылар өзара тексеріп, бағалайды.

Одан кейін сөзжұмбақ шешіледі.

«Алтын қақпа» ойыны

Ойын барысында топтар қақпаларды ашу үшін тапсырмаларды орындайды. Дұрыс жауаптар ұпаймен бағаланады.

Темір қақпа

10

ұпай

Күміс қақпа

20

ұпай

Алтын қақпа

30

ұпай

Темір қақпа тапсырмасы (№2)

Қай топ бірінші орындаса, сол топ 10 ұпай алады. Қалған топтар да тексеріледі (қызыл/көк карточка арқылы).

1-топ

1250 × 5 = 6250

2-топ

3025 × 5 = 15125

3-топ

1317 ÷ 3 = 439

Күміс қақпа тапсырмасы (№4)

Қай топ бірінші орындаса, сол топ 20 ұпай алады. Қалған топтардың жұмысы да тексеріледі.

1-топ

(1268 × 3 − 5655 ÷ 5) + 1528 = 4201

2-топ

(2799 ÷ 9 + 2502 × 5) − 7205 = 5616

3-топ

(2105 ÷ 5 + 280 × 2) − 720 = 261

Сергіту сәті

«Күншуақ» жаттығуы (оқушылар орындарынан тұрып орындайды).

Алтын қақпа тапсырмасы (№7)

Қай топ бірінші орындаса, сол топ 30 ұпай алады.

1-топ (есепті талдау және шығару)

  • Есеп не туралы?
  • Екі күнде бірдей жылдамдықпен жүрген жол.
  • Берілгендері: 1-күні — 3 сағ, 2-күні — 4 сағ, екі күнде — 42 км.
  • Табу керек: жылдамдық.
  • Шешуі: 42 ÷ (3 + 4) = 6 км/сағ.
  • Жауабы: екі күнде 6 км/сағ жылдамдықпен қозғалған.

2-топ (есепті талдау және шығару)

  • Есеп не туралы? Ағаш шебері мен көмекшісінің кітап сөресін жасауы.
  • Берілгендері: барлығы — 217 сөре, шебер — 18 сөре/күн, көмекші — 13 сөре/күн.
  • Табу керек: жұмысты неше күнде бітіретіні.
  • Шешуі: 217 ÷ (18 + 13) = 7 күн.
  • Жауабы: 7 күнде бітіріп шығады.

3-топ (есепті талдау және шығару)

  • Берілгені: 10 қорап печенье, әр қорапта 9 буда, 1 буда — 100 тг.
  • Табу керек: жалпы түсім.
  • Шешуі: 9 × 10 = 90, 90 × 100 = 9000 тг.
  • Жауабы: дүкенге 9000 тг ақша түседі.

Топтар тапсырманы орындаған соң, мұғалім өзара тексеруді ұйымдастырады (қызыл/көк карточка).

Сандықтағы затты табу: логикалық тапсырмалар

1 минут уақыт беріледі. Топ спикерлері жауапты қорғайды. Бірінші әрі қате жібермей орындаған топқа 40 ұпай беріледі.

1-топ

Бақытжанда 4 ұл бар. Олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанда неше бала бар?

2-топ

Немересі атасынан: «Жасыңыз нешеде?» деп сұрады. Атасы: «Егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, 100 жасқа толар едім», — деді. Атасының жасы нешеде?

3-топ

Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың дәл ортасында тұру үшін қай басқышқа шығу керек?

Сандықтың ішінен алтын кілт — білімнің кілті шығады.

Сабақты бекіту

№10. «Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлу» тақырыбы бойынша топтық жұмыс. Бұл кезең 10 ұпаймен бағаланады.

Бағалау

Топтардың ұпайлары саналып, нәтижесіне қарай марапаттау және мадақтау жүргізіледі.

Рефлексия

«Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?» сұрақтарына жауап ретінде оқушылар пікірлерін парақшаға жазып, тақтадағы смайликке іледі.

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы сабақ соңында нақтылап беріледі.