Қажымұқан деген кім

Сабақ тақырыбы

«Ту тіккен Рақымжан»

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың түрі
Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі
Жаңа сабақ
Көрнекілігі
Интерактивті тақта
Технология
Дамыта оқыту технологиясы

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Практикалық жұмыс
  • Өз бетінше жұмыс
  • Сұрақ-жауап

Сабақтың мақсаттары

1) Білімдік мақсат

Оқушыларға Рақымжан Қошқарбаев туралы мәлімет беру, «Ту тіккен Рақымжан» мәтінімен таныстыру. Ұлы Отан соғысы туралы бұрын алған білімдерін бекіту, мәтін бойынша жұмыс жүргізу және талдау жасау.

2) Дамытушылық мақсат

Оқушылардың тілін және білімін дамыту, сөздік қорын байыту, тіл байлығын арттыру. Сөйлеу дағдысын қалыптастыру және салыстыру арқылы ойлау белсенділігін дамыту.

3) Тәрбиелік мақсат

Оқушыларды батырлыққа, Отанды қорғауға және сүюге тәрбиелеу. Жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарын нығайту, ерлікке ұмтылдыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру кезінде төмендегі сұрақтар арқылы оқушылардың түсіну деңгейі анықталады:

  1. 1 Үйге қандай тапсырма берілді?
  2. 2 Бұл мәтін кім туралы?
  3. 3 Қажымұқан деген кім?
  4. 4 Қажымұқанның бұл жолғы қарсыласы кім?
  5. 5 Айқаста Қажымұқанның Нұрлыға қолданған әдісі қандай?
  6. 6 Қажымұқанның ойы жүзеге асты ма?