Жауабы 1360 және 680400 Бөжей асы
Математикалық ойынның мақсаты
Математикалық ойынның негізгі мақсаты — оқушылар арасында өзара көмек ұғымын қалыптастыру, достықты нығайту және математика пәнін оқуға деген қызығушылықты арттыру.
Қатысушылар
10–11 сынып оқушыларынан құралған 2 топ қатысады. Әр топта 5 оқушыдан болады.
Ойын ережесі
- Ойынға 5 оқушыдан тұратын 2 топ қатысады.
- Әр топтың мақсаты — мүмкіндігінше көп ұпай жинау.
- Ұпай жинау үшін тек дұрыс жауап беру жеткіліксіз: команда өз жауабына көбірек ставка қою арқылы ұпайын арттыра алады.
- Кезеңдерде әр сұрақтың өз бағасы болады, ойлануға 1 минут уақыт беріледі.
- Топ дұрыс жауап берсе, келесі сұрақты сол команда таңдайды.
- Дұрыс жауап берілсе — ұпай қосылады, қате жауап берілсе — ұпай шегеріледі.
«Аукцион-сұрақ» тәртібі
Сұраққа жауап беру құқығы сұраққа ең жоғары баға қойған топқа беріледі.
Егер команданың қолындағы ұпай саны сұрақтың бағасынан аз болса, олар тек ең төмен ставка қоя алады — яғни сұрақтың бастапқы бағасын ғана ұсынады.
Сұрақтардың бағыты
Топ мүшелері математикаға, математика тарихына, жадыны және логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған сұрақтарға жауап береді.
Барысы
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, әділқазылар алқасы және ойынға қатысушылар!
Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз.
Бүгінгі мақсатымыз — математика пәнінің жауапты да қызықты екенін сезіне отырып, сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасау, оның байлығын таныту және оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Ендеше, бүгінгі ойынға қатысатын командалармен танысуға рұқсат етіңіздер.
Көрерменге үндеу
Көрермен жиналған бұл тамашаға Құр қарап жай отыру жараса ма? Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес — Соқ қолыңды білімді жас талантқа!
Әділқазылар алқасы
Достық пен бірлікті етіп тұлға, Жеңіске жеткен едің талай сында. Қара қылды қақ жарып, әділқазым, Еңбегін тапқырлардың әділ сына!
1-кезең: Әдебиеттегі сандар
100 ұпай
Қазақ халық мақалында «Қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді?» деген сұраққа жауап беріңіз.
Жауабы
Бір.
200 ұпай
Алла мықты жаратқан сегіз батыр, Баяғыдан соғысып әлі жатыр. Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып, Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.
Жауабы
Қыс пен жаз, тақ пен жұп, түн мен күн, жамандық пен жақсылық.
300 ұпай
«Мұсылманқұл соғысы» эпизодында Құнанбай мен жігітек рулары арасында қақтығыс болады (жер дауы, ел дауы).
Есеп: Құнанбай мен жігітек сарбаздарының жалпы саны — 2040. Құнанбай қолы жігітектен 2 есе көп болса, әрқайсысында қанша сарбаздан болады?
Жауабы
1360 және 680.
400 ұпай
«Бөжей асы» эпизодында Абай анасы Ұлжанмен ақылдаса отырып, асқа атсалысуға қамданады. Жиналған ел ағалары Абайға риза болып, оған үлкен құрмет көрсетеді.
Есеп: Жетісудан келген Бөжей нағашылары (Найман, Матай, Сыбан) саны оларға арнап тігілген үйлер санынан 12 есе көп. Егер олардың қосындысы 130 болса, нағашылар саны мен тігілген үй саны қанша?
Жауабы
10 үй, 120 кісі.