Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған құрылғы
«Информатик – 2013» сайыс сабағы
Информатика пәнінің мұғалімі
Кожагулов Ерлан Жұматайұлы
Сабақтың түрі
Сыныптан тыс өткізілген сайыс сабақ
Қатысушылар
7, 8, 9, 10-сынып оқушылары
Жүргізуші
10-сынып оқушысы
Жабдықтар
Интерактивті тақта, компьютерлер
Әділқазылар
Математика және физика пәні мұғалімдерінен құралған қазылар алқасы
Сабақтың мақсаты
- Сайыс арқылы оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру.
- Ана тілінде, орыс тілінде және шет тілінде еркін сөйлеу дағдысын дамыту.
- Оқушыларды информатика ғылымына тереңірек баулу.
- Өз білімін және қарсыласын әділ бағалауға, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! Бүгін сіздермен бірге «2013 жыл — Информатик» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойын — толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Біреу мығым, біреулер шалыс басып —
Тек біліммен алға ұмтыл, алға асық.
Алдымен ойынға қатысатын талантты да дарынды оқушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Әр сыныптан бір оқушыдан қатысады.
Қатысушылар
7 «А» сыныбы
Бейсембекова Жансая
8 «А» сыныбы
Бекешов Руслан
9 «А» сыныбы
Мұқан Меруерт
10 «А» сыныбы
Токенов Ғалымбек
10 «А» сыныбы
Даутбай Ұлжан
Ойын құрылымы: 5 тур
-
1-тур
Бәйге
-
2-тур
Полиглот
-
3-тур
Ғажайып алаң
-
4-тур
Қиял әлемі
-
5-тур
Жорға
Ескертпе: 2, 3 және 4-турлардан кейін ұпайы аз қатысушы ойыннан шығады.
1-тур — Бәйге
Қатысушыларға сәт сапар тілей отырып, «шыңдарға биік қонғайсың» демекпіз. Бұл турда барлығына ортақ 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі.
1) Аталған байттар тізбегі?
Дұрыс жауап: файл
2) Windows-пен жұмыс істей алатындардың барлығы?
Дұрыс жауап: объект
3) Қағаздағы көріністі экранға түсіруші?
Дұрыс жауап: сканер
4) Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тілі?
Дұрыс жауап: интерфейс
5) Бір жолға қанша оператор жазуға болады?
Дұрыс жауап: 256
6) Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған құрылғы?
Дұрыс жауап: пернетақта
7) Компьютердің «ақыл-ойы»?
Дұрыс жауап: процессор
8) Мәтін дегеніміз не?
Дұрыс жауап: жолдар тізбегі
9) Вирустың кері әсерін жоятын программа?
Дұрыс жауап: антивирус
10) Меңзердің алдындағы символды өшіретін перне?
Дұрыс жауап: Delete
Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес —
Қол соғайық білімді жас талантқа.
2-тур — Полиглот
Бұл турда ұғымдарды үш тілде атау қажет. Жауап үлгісі: қазақша — орысша — ағылшынша.
1) Фонограф бағдарламасы қандай мәліметті өңдеуге мүмкіндік береді?
дыбыс — звук — sound
2) «Жіпке ілдім мен өзім кіп-кішкене күн көзін»
шам — лампочка — lamp
3) Ақпараттың қайнар көзі
табиғат — природа — nature
4) Графиктік курсорды басқаруды жеңілдететін құрылғы
тышқан — мышь — mouse
5) «Ас — адамның арқауы, ал компьютердің асы — ...»
тоқ — ток — current
6) «Өнер алды — қызыл ...»
тіл — язык — language
7) Батырмалы енгізу құрылғысы
пернетақта — клавиатура — keyboard
8) Жойылған құжаттар сақталатын қап
себет — корзина — recycle bin
Алдыңғы тур қорытындысы бойынша ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.
3-тур — Ғажайып алаң
Мәңгі есте қалар ғажайып бір кеш болсын,
Білімдірек шәкірт озар — қиынырақ сұрақ болсын.
Сұрақтар интерактивті тақтада ұяшықтар түрінде (сандар арқылы) көрсетіледі.
30 ұпай (оң жақ)
Есепшот Грекияда қалай аталды?
Жауап: абак
30 ұпай (орта)
1694 жылы неміс математигі Лейбниц қандай есептеуіш құралын ойлап шығарды?
Жауап: арифмометр
30 ұпай (сол жақ)
«Компьютердің атасы» кім?
Жауап: Чарльз Бэббидж
40 ұпай (оң жақ)
Алғашқы программист кім?
Жауап: Ада Лавлейс
40 ұпай (орта)
Компьютер шығаратын әйгілі IBM фирмасының негізін салушы кім?
Жауап: Герман Холлерит
40 ұпай (сол жақ)
Бірінші электронды машина қалай аталды?
Жауап: ENIAC
50 ұпай
Ең өнімді вирусқа қарсы бағдарлама
Жауап: Kaspersky
50 ұпай
Принтерлер қандай түрлерге бөлінеді?
Жауап: матрицалық, бүріккіш, лазерлік
50 ұпай
Microsoft фирмасын құрған кім?
Жауап: Билл Гейтс
Алдыңғы тур қорытындысы бойынша ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.
Айналайын алға ұмтылған дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар,
Бізден қиын сұрақтарды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.
4-тур — Қиял әлемі
Ойыншыларға тақырып беріледі. Сол тақырыпқа сай қызықты әңгіме құрастыру қажет. Дайындалуға 5 минут уақыт беріледі, кейін әр қатысушы кезекпен өз жұмысын ұсынады.
Тақырып
«Егер мен хакер болсам...»
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап өтіп жатыр —
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
Алдыңғы тур қорытындысы бойынша ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.
5-тур — Жорға
Бұл кезеңде қатысушы 1 минут ішінде мүмкіндігінше көп сұраққа дұрыс әрі жылдам жауап беруі тиіс. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі.
-
Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі
бит
-
Ақпаратты шығару құрылғысы
принтер
-
Сурет салуға арналған программа
Paint
-
Вирусты тауып, жоятын бағдарлама
антивирус
-
Қарапайым есептеулер жүргізетін программа
калькулятор
-
1 байтта қанша бит бар?
8
-
Компакт-дискіні оқуға арналған құрылғы
CD-ROM
-
Дауыс жазуға арналған құрылғы
микрофон
-
Дүниежүзілік компьютерлік байланыс
интернет
-
Ақпаратты өңдеуге арналған құрылғы
процессор
-
Екілік жүйедегі цифрлар
0 және 1
-
Өзін басқа программаларға енгізіп алатын кішігірім программа
вирус
-
Адам мен компьютердің қарым-қатынас тілі
интерфейс
-
Жалпы желіге қосылуға қажетті құрал
модем
-
Ең алғашқы программаны жазған
Ада Лавлейс
-
Жойылған нысандар орналасатын қапшық
себет
-
Жергілікті желімен жұмыс жасауға арналған орта
Желілік орта
-
Компьютердің «атасы»
Чарльз Бэббидж
-
Графикалық ақпаратты компьютерге енгізетін құрылғы
сканер
-
Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеуге арналған бағдарлама
Word
-
Дискета түрлері
3,5 және 5,25 дюймдік
-
Адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін құрылғы
монитор
-
Дыбыс шығаратын құрылғы
колонка
-
Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі
алгоритм
-
Электрондық кестенің ең кіші элементі
ұяшық
-
Windows сөзінің аудармасы
терезе
-
Мәліметтерді енгізу пернесі
Enter
-
Деректерді сақтауға арналған құрылғы
жады
-
Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі
Delete
-
Пернетақта қандай құрылғы?
енгізу құрылғысы
-
«Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан?
латын
-
Жад нешеге бөлінеді?
2
-
Жергілікті желіге қандай құрылғы керек?
хаб
-
1 килобайтта қанша байт бар?
1024
-
Монитор түрлері
электронды түтікшелі, сұйық кристалды, плазмалық
-
Электрондық кестенің жұмыс аймағы
кітап
Қорытынды
Бүгінгі «Информатик — 2013» атты ойын өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рақмет! Келесі кездескенше, сау-саламат болыңыздар!