Ауылдың демографиялық көрсеткіштерін анықтау

Зерттеу туралы мәлімет

Бағыты
Экономика және әлеуметтік процестерді математикалық моделдеу
Тақырыбы
Жанбай ауылының демографиялық жағдайы
Авторы
Бақтығалиева Тілекші Тілекқабылқызы
Сыныбы
10 «А»
Жетекшісі
Жунисова Нурзила Муратовна — физика және экономика пәнінің мұғалімі

Зерттеу мақсаты

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылының демографиялық ахуалына талдау жасап, экономикалық сипаттама беру.

Міндеттері

  • Ауылдың демографиялық көрсеткіштерін анықтау.
  • Демографияның ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қаншалықты әсер ететінін зерттеу.

Жанбай ауылының қысқаша тарихы және сипаттамасы

Жер аумағы

186 748 гектар.

Халық саны

2 870 адам.

Әкімшілік атауы (1993 жыл)

1993 жылы Забуырын селолық кеңесі Исатай ауданының Жанбай селосы болып аталды.

Инфрақұрылым және әлеуметтік нысандар

Ауылда 1 клуб, телехабар тарату орталығы және бірқатар кәсіпкерлік нысандар жұмыс істейді.

1 орта мектеп, 1 балабақша, 1 кітапхана, 1 дәрігерлік емхана және балалар музыка мектебі бар.

Шаруашылық құрылымы

Бұрынғы Забуырын кеңшарының негізінде 10 шаруа қожалығы құрылған.

Елді мекендер

Округ аумағында Жанбай селолық округіне қарасты Манаш және Досберген елді мекендері бар.