Ахмет Жұбанов кім
Сабақтың тақырыбы
«Өнерпаз»
Негізгі идея
Өнерді түсіну, құрметтеу және еңбекқорлық арқылы қабілетті дамыту.
Нәтиже
Мәтін мазмұнын ашып, кейіпкер әрекеті арқылы қорытынды жасап, өз ойын еркін жеткізу.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
Мәтінді түсініп оқу арқылы оның мазмұны мен идеясын ашуға үйрету.
Міндеттері
- Мәтінді саналы түсініп оқып, ойын еркін әрі толық жеткізуге дағдыландыру.
- Ой-өрісті дамытып, өздігінен қорытынды жасауға және шығармашылық қабілетті жетілдіруге машықтандыру.
- Еңбексүйгіштікке, адамгершілікке және өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері
- Хабарлау, түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Семиотикалық талдау, көрнекілік
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, суреттер.
Сабақтың барысы: ұйымдастыру және психологиялық дайындық
Оқушылардың ұраны
Әрбір адам — туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ — үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісім — тіршілік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзім — шындық, бірлік, адалдық.
Мұғалімнің тілегі
Ашық болсын қос қабақ,
Бізбен бірге бар қонақ.
Бейтаныс та, таныс та —
Бүгін төрде көп қонақ.
Оқушыларды сабаққа жұмылдыру: бар күшімізді салып, сабақты мазмұнды өткізу.
«Айгөлек» журналы форматы
Сыныптың жазылып отырған журналы — «Айгөлек». Сабақ құрылымы осы журналдың айдарлары бойынша ұйымдастырылады.
Тәуелсіздіктің 20 жыл қарсаңында
Қайталау — білімнің анасы
7-ші қысқы Азия
Өнерге өлім жоқ
Жалқауға жарық жоқ
Жаңа сабақ және мәтінмен жұмыс
Шығармашылық тапсырма
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз
Қорытынды, бағалау, үйге тапсырма
I. Тәуелсіздіктің 20 жыл қарсаңында
Өткен жыл еліміз үшін мазмұнды болды. Елеулі оқиғалардың бірі — ЕҚЫҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) Саммитінің Астанада өтуі. Бұл — Қазақстанның әлем елдері тарапынан мойындалуының айғағы.
Жаңа жыл басталмай жатып-ақ бірнеше маңызды шаралар өтті. Еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай, мемлекет басшысымен бірге бүкіл халық мерейтойға қызу дайындалуда.
II. Өткенді қайталау (сурет бойынша)
Қайталау сұрақтары
- 1) Өтіп жатқан тарау қалай аталады?
- «Өнегелі өмір»
- 2) Әбілмансұр дегеніміз кім?
- Абылай хан
- 3) Қандай батырларды білесіңдер?
- Наурызбай, Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек
- 4) Мүсінші Мысықтың өнеріне кім қызықты?
- Шоқан
- 5) «Алып бала» мәтіні кім туралы?
- Қажымұқан Мұңайтпасов
III. 7-ші қысқы Азия ойындары
7-ші қысқы Азия ойындары елімізді аз уақыт ішінде әлемге танытқан маңызды оқиға болды. Байрақты бәсекеде спортшыларымыз бар күшін салды. Нәтижесінде Қазақстан қоржынына 70 медаль түсті: 32 алтын, 21 күміс, 17 қола.
Жаңа сабақ: мәтінмен жұмыс
Кіріспе сұрақтар
- Қандай суреттер көріп отырсыңдар?
- Оларды не үшін пайдаланады?
- Өнер дегеніміз не?
- «Өнерпаз» сөзін қалай түсінесіңдер?
Негізгі ұғымдар
Өнер — адамның бойындағы белгілі бір іске бағытталған қабілет пен икем. Өнердің түрі көп: ән айту, би билеу, күй орындау және т.б.
Өнерпаз — өнердің бір түрін меңгерген адам: әнші, биші, күйші, сазгер, мүсінші және т.б.
Топтастыру стратегиясы
Бүгінгі сабақ өнермен тікелей байланысты. Тақырып — Жиенбек Рсалдиннің «Өнерпаз» әңгімесі.
Дәптерге: күннің жадын және тақырыпты жазу.
Автор және кейіпкер туралы
Автор
Рсалдин Жиенбек Жұманбайұлы.
- Мәтінді мұғалім түсіндіріп оқиды (үнтаспа қолдануға болады).
- Сөздік жұмысы жүргізіледі.
Сөздік
Мандолина — орыс халқының ұлттық аспабы.
Кейіпкер: Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906–1968)
Қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор әрі дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик.
1906 жылы 29 сәуірде Ақтөбе облысы, Темір ауданында дүниеге келген. Жастайынан музыкаға бейімділігін танытып, домбыра мен скрипкада ойнауды меңгерген. Тәлім алған ұстаздары мен ортасы: Талым күйші, ауыл мұғалімі Қ. Ашқалиев, әкесі Қуан, ағасы Құдайберген. Темірде орыс халық аспаптары әуесқойлары оркестрінде жетекшілік етіп, П. Черняктан сольфеджио, скрипка және музыка теориясы бойынша сабақ алған.
Мәтін бойынша бекіту: сұрақ-жауап және сөзжұмбақ
Сұрақтар
- Әңгіменің негізгі тақырыбы қандай?
- Ахмет Хұсайын ұстазынан қандай аспапта ойнауды үйренді?
- Ахмет мектепке неше жасында барды? Орысша айт.
- Ахмет Жұбанов кім?
- Ән айтуды кімнен үйренді?
- Талым қарттан қандай күй үйренді?
- Ахмет — өнер ... (сөйлемді толықтыр).
Жауаптар
- Өнер
- Мандолина
- Жеті — семь
- Сазгер
- Балбөпе
- «Штат»
- Зерттеуші
Оқу түрлері
- Іштей оқу
- Тізбектей оқу
Сергіту сәті
Біздер күшті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Сегіз қырлы, бір сырлы —
Ахметтей ағамыз.
Ұқсап оған бәріміз,
Домбыраны тартамыз.
Шығармашылық тапсырмалар
1-топ
«Мен ... жаным сүйеді» тақырыбында шағын әңгіме жазу.
2-топ
Домбыраға сипаттама жасау.
3-топ
«Бес жол өлең» стратегиясы бойынша өлең құрастыру.
Бастама:
Кең байтақ елім бар,
Кең жайлау жерім бар,
…
…
Ойын: «Менің бағытым»
Тапсырма: сөйлемдердегі іс-әрекеттерді дұрыс кейіпкермен сәйкестендіру (логикалық сәйкессіздіктерді түзету).
- Оқушы — биледі
- Әнші — ән жазды
- Балалар — оқыды
- Сазгер — шырқады
- Биші — домбыра тартты
- Күйші — жүзді
- Кеме — ойнады
VII. Бүкіләлемдік Ислам экономикалық форумы
Қазақстан 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етті. 2011 жылғы 7–9 маусым күндері Астана қаласында VII Бүкіләлемдік Ислам экономикалық форумы өтті. Форум тақырыбы: жаһандану жағдайында мұсылман және мұсылман емес елдер арасында ашық байланыс арналары мен жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық арқылы экономикалық дербестікті күшейту.
Мозайка құрастыру (бекіту сұрақтары)
- Бүгін танысқан кейіпкер — өнер зерттеушісі кім?
- Әңгіме қалай аталады?
- Әңгіме авторы кім?
- «Айгөлек» журналы форматындағы материалдар ұнады ма?
Қорытынды және бағалау
Сабақ соңында оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.
Үй тапсырмасы
- Мәтіннің мазмұнын айту.
- Өнер туралы мақал-мәтелдер жинап келу.