Күрделі сан есімге сөйлем құрау

Сабақ тақырыбы

Қазақ тілі (2-сынып): сан есімді қайталау (презентация арқылы).

Сабақ түрі

Пысықтау сабағы.

Сабақ әдістері

Сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс

Математика, дүниетану, әдебиеттік оқу.

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, суреттер, карточкалар.

Сабақтың мақсаты

1) Білімді бекіту

Оқушылардың сан есім туралы білімін пысықтау, өткен сабақта алған ұғымдарын кеңейту.

2) Тілдік дағдыларды дамыту

Сөздерді дұрыс қолдану аясын кеңейту, сөз таптарын ажырату қабілетін дамыту, сөйлем құрастыру дағдысын жетілдіру, танымдық белсенділікті арттыру.

3) Тәрбиелік мақсат

Ұжымшылдыққа баулу, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Екі көзің не үшін керек? — Жақсыларды көру үшін.
Екі құлағың не үшін керек? — Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек? — Елге көмек беру үшін.
Екі аяғың не үшін керек? — Туған жерде жүру үшін.

Ендеше, балалар, дендерің сау болып, туған жерде үлкен азамат болып өсулеріңе тілектеспін.

II. Сабаққа кіріспе

Барлығымыз интерактивті тақтаға назар аударайық. Тақтада ағаштардың суреттері және олардың қанша жыл өмір сүретіні көрсетілген. Біз «ауырып тұрған ағашқа көмектесу» тапсырмасы арқылы сабақты бастаймыз.

Бүгінгі күннің жадын жазып, өткен сабақты еске түсіреміз.

III. Өткен тақырыпты пысықтау

  1. Сан есім дегеніміз не? Қандай түрлері бар?

    Дара және күрделі сан есімдерді, сондай-ақ есептік және реттік сан есімдерді еске түсіру, ережелерді айту және мысал келтіру.

  2. Сөз таптары дегеніміз не? Мысал келтір.

    Оқушылар топқа бөлінеді. Әр топ сөз таптарын атап, мысалдар келтіреді.

IV. «Көркем жазу» минуты

Әріп элементтері

Сс · са · си · су

Тіркес мағынасы

«Сегіз қырлы, бір сырлы» сөз тіркесінің мағынасын түсіндіру.

V. Оқулықпен жұмыс

Терме диктант. 1-жаттығу.

Сөздер

Сегізбай, сегіз, алтын, алты, тоқсандық баға, тоқсан, жүзгіш, жүз бір, қырықтық, қырық, Елубай, елу.

VI. Интерактивті тақтамен жұмыс

Берілген сөздерді топқа бөліп жазу тапсырмасы орындалады.

1-топ

Есептік сан есімдерді теріп жазады.

2-топ

Реттік сан есімдерді теріп жазады.

3-топ

«Нешеу?» сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазады.

VII. Шығармашылық жұмыс

Сан есімнің түрлеріне байланысты сөйлем құрастыру.

1-топ

Дара сан есіммен сөйлем құрайды.

2-топ

Күрделі сан есіммен сөйлем құрайды.

3-топ

«Нешеу?» сұрағына жауап беретін сан есіммен сөйлем құрайды.

Сергіту сәті

3-жаттығу: жұмбақты көшіріп жазып, сан есімдерді сызу. Қос — екеу.

VIII. Бекіту тапсырмасы

4-жаттығу: көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

IX. Сөз таптарын топтастыру

Етістік Сан есім Сын есім Зат есім

X. «Ребус шешу»

Ребус: 2бастұз

XI. Рефлексия

Балалар, сабақ ұнады ма? Сендер алға қойған мақсаттарыңа жеттіңдер. Жақсы жұмыс жасап, ағаштың діңіндегі құрттарды жойдыңдар. Емен ағашы сендерге өз ризашылығын білдіреді.

XII. Қорытынды

Сабақ соңында әрқайсымыз бір-бірімізге жүрегімізден шыққан тілектерімізді білдірейік.

XIII. Бағалау

Оқушылардың жұмысы сабақ барысында берілген тапсырмалар нәтижесіне қарай бағаланады.

XIV. Үй тапсырмасы

5-жаттығу, 192-бет.