Мәтінді табу ойыны

Сабақтың тақырыбы

Аустралия. Аустралияның географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары.

І) Білімділік мақсаты

  • Аустралияның географиялық орны, жер бедері және пайдалы қазбалары туралы түсінік қалыптастыру.
  • Материк туралы жалпы мәлімет беру.
  • Жер бедерінің ерекшеліктерін таныту.
  • Жер бедерін салыстырмалы түрде түсіндіру.
  • Интернеттен алынған материк суреттері арқылы «саяхат» ұйымдастыру.

ІІ) Дамытушылық мақсаты

Оқушылардың шығармашылық, ізденушілік және шеберлік қабілеттерін дамыту; өздігінен ізденуге үйрету; ұқыптылық пен ұйымшылдық дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ) Тәрбиелік мәні

Материктерді танып-білуге қызығушылық ояту; Африка мен Аустралия халықтарын салыстыру арқылы мәдениеттілікке, білімге ұмтылуға тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Көрнекілігі
Интербелсенді тақта, материктер карталары, кеспелер, материктерге арналған буклеттер, қазақ халқының ұлттық қоржыны және т.б.
Сабақтың түрі
Сұрақ-жауап, ойын түріндегі сабақ.
Сабақтың әдісі
Пәнаралық байланыс орнату.
Технология
Модульдік технология элементтері.

Сабақтың барысы

Кезеңдер және уақыт

  1. 1

    Ұйымдастыру кезеңі

    Үй тапсырмасын ойын арқылы пысықтау — 15 минут.

  2. 2

    «Мәтінді табу» ойыны

    5 минут.

  3. 3

    Жаңа сабақты түсіндіру

    • І кесте бойынша;
    • ІІ сурет бойынша;
    • Африка мен Аустралияны Венн диаграммасы арқылы салыстыру.

    10 минут.

  4. 4

    Жаңа сабақты бекіту

    Сарамандық жұмыс — 5 минут.

  5. 5

    Қорытынды

    Тест сұрақтары — 5 минут.

  6. 6

    Үй тапсырмасы

    1 минут.

  7. 7

    Бағалау

    4 минут.

Ойын желісі: «Қоржынға бал жинау»

Шарт бойынша оқушылар Африкадан Аустралияға Үнді мұхиты арқылы «өтуі» керек. Әр кезеңнен өткен сайын топ қоржынға бал жинайды.

1) Мадагаскар аралынан өту

Өту шарты: сұрақтарға жауап беру.

2) Үнді мұхитының суасты жотасы

Өту шарты: сөзжұмбақ шешу.

3) Цунами толқынынан аман қалу

Өту шарты: интерактивті тақтадағы кескін картаға жасырылған мемлекеттерді тауып белгілеу.

1-кезең: Мадагаскар аралынан өтуге арналған сұрақтар

  • 1. Африкада шамамен қанша жергілікті тіл бар?
  • 2. Оңтүстік Африкаға Еуропаның қай мемлекеттерінен халықтар көшіп барған?
  • 3. Африканың қай өңірінде пигмейлер өмір сүреді?
  • 4. Суреттегі жануар қай табиғат зонасында тіршілік етеді?
  • 5. Бұл жануар көбіне қай жерде кездеседі?
  • 6. Африка Сахарасындағы тасты шөлдер қалай аталады?

2-кезең: Үнді мұхитының суасты жотасынан өту (сөзжұмбақ)

1) Ең ыстық материк

Жауап: ________

2) Ең үлкен материк

Жауап: ________

3) Ең ылғалды материк

Жауап: ________

4) Ең терең көл

Жауап: ________

5) Ең биік сарқырама

Жауап: ________

6) Ең үлкен үңгір

Жауап: ________

3-кезең: Цунами толқынынан аман қалу (кескін карта тапсырмасы)

Интерактивті тақтадағы кескін картаға жасырылған мемлекеттерді тауып, белгілеңіз.

1-топ

Әлемнің жеті кереметінің бірі — Александрия шамшырағы орналасқан мемлекет: Египет.

2-топ

Африкадағы халқы ең көп мемлекет: Нигерия.

3-топ

Африкадағы ең дамыған мемлекет: ОАР.

«Мәтінді табу» ойыны

Сайыс шарты: оқушылар берілген сөйлемнің қай тақырыпқа қатысты екенін және не туралы жазылғанын анықтайды.

1-топқа тапсырма

________ — Африканың ең суы мол өзені. Ол су жинау алабы мен суының молдығы жағынан дүниежүзінде ________-дан кейін екінші орынды алады. ________ экваторды екі рет кесіп өтеді.