Көктем мезгілінің алғашқы мерекесі қалай Аналар күні

8 наурызға арналған ертеңгілік

Тақырыбы: «Ақ мамам»

Мақсаты

Аналар мерекесімен бірге шуақ шашқан көктемнің ерекшеліктерін атап, табиғаттың жаңаруын, құлпыруын балаларға түсіндіру. Балаларды аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрініс

Балалар залға вальс әуенімен кіреді.

Құттықтау және кіріспе

1-жүргізуші

Қымбатты аналар, қадірлі қонақтар! Күншуақ I кіші тобының «Аяулы анашым» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

2-жүргізуші

Бүгін — 8 наурыз! Сұлулықтың негізі, ал әдемі сөз — адамның Анаға айтар лебізі.

Сіздерді көктем айының алғашқы мерекесі — 8 наурыз, Аналар күнімен құттықтаймыз! Әрқашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз жайдарлы болсын!

Кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалаңыздар!

Көктем туралы әңгіме

1-жүргізуші

Балалар, қараңдаршы, айнала қандай әдемі! Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем мезгілі.

2-жүргізуші

Дұрыс, балалар. Көктемде күн жылынады, қар ериді, жылы жақтан құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жарады. Табиғат көркейіп, сұлулана түседі.

1-жүргізуші

Көктемнің алғашқы мерекесі — Аналар күні! Қане, балалар, бәріміз бірге аналарымызға арнап ән айтып берейік.

Ән

«Мерекеңмен, анашым»

Тақпақтар

2-жүргізуші

Біздің балалар әнмен қатар тақпақ та айта алады. Аналарымызға арналған тақпақтарға кезек берейік.

Жанымызды жайнатқан,
Сіздерсіз ғой, аналар!
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз, балалар.

Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жолдап бүгін саған,
Мерекеңмен құттықтаймын!

Бал бөбегін баптаған,
Мамам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді
Көп жасасын ақ мамам!

1-жүргізуші: Жарайсыңдар!

Тыңдаңдаршы, балалар, ана жақтан «мама, мама» деген дауыс естіледі...

Ертегі кейіпкерлері: Қоян, Түлкі, Аю

Қоян (залға кіреді)

Мама, мама! Мамамның артынан секіріп келе жатыр едім. Адасып қалдым. Енді қайдан табамын? (жылайды)

1-жүргізуші: Қоянжан, неге жылайсың? Жылама. Біз саған мамаңды тауып береміз. Балалар, қоянжанның көңілін көтеру үшін ән айтып берейік.

Ән

«Мамамыз»

Би

2-жүргізуші: Қоянжанның көңіл күйі әлі де жоқ. Ендеше көбелектеріміз би билеп берсін.

«Көбелектер»

Түлкі (кіреді)

Мен ешкімнен қорықпаймын. Мен бәрін де алдаймын.

Түлкі: Қоян, сен неге жылайсың?

Қоян: Мен мамамды жоғалтып алдым.

Түлкі: Мамаң қандай?

Қоян: Менің мамам бәрінен де сұлу, әдемі.

Түлкі: Өтірік айтпа! Менің мамам бәрінен де әдемі. Ең әдемі — менің мамам! (артына қарайды) Ой, менің мамам қайда? (басын ұстайды) Мен де мамамды жоғалттым...

Екеуі де жылайды.

1-жүргізуші: Екеуің де жыламаңдар. Сендердің аналарың да әдемі, сұлу. Мамаларыңды тапқанша, балалармен бірге ойын ойнап, көңіл көтеріңдер.

Ойын

«Кім тез гүл тереді»

Ұлдар гүлдерді бір-бірлеп себетке салады, қыздар құмыраға салады. Екі топ болып жарысады. Қай топ көп жинаса — сол топ жеңімпаз атанады.

Аю (кіреді)

Аю: Бұл не шу? Ұйқымнан ояттыңдар ғой!

2-жүргізуші: Аюжан, ренжіме. Мұнда қоян мен түлкі аналарына адасып қалыпты. Жылай береді. Біздің балалар көңілдерін көтеру үшін би билеп жатыр.

Аю: А-а-а... Ал, мамаларың қандай еді?

Қоян мен Түлкі: Сұп-сұлу, әп-әдемі!

Аю: Жоқ, жоқ, жоқ! Менің мамам әдемі!

Үшеуі дауласады.

1-жүргізуші: Қане, дауласпаймыз! Бәріңнің де аналарың әдемі, сұлу. Қараңдаршы, біздің ұлдар сендерге арнап би билеп, тақпақ айтып бермек.

Би

«Кавбой»

Мамаларды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

Әжетайым, әжетай,
Сізді жақсы көреміз.
Сізге өлең-тақпақты
Жатқа айтып береміз.

Шуағыңды сепкен
Күнімізсің, әже.
Жұлдыздарың боп
Айналамыз, әже.

Ару көктемнің келуі

Ару көктем (кіреді)

Сәлематсыздар ма, балалар! Менімен бірге күн жылып, айнала нұрланып, сұлуланып тұр. Сендер неге шулап жатырсыңдар?

Ой, менің ормандағы достарым мұнда екен ғой!

2-жүргізуші: Тоқтаңыз, көктем! Біздің балалар 8 наурыз — Аналар мерекесін тойлап жатыр. Сізге арналған тақпағымыз да бар, тамашалаңыз.

Көктем деген — қыстағы
Әніміз ғой айтатын.
Көктем деген — құстар ғой,
Туған жерге қайтатын.

Көктем күні шуақты,
Көктем күні қуатты.
Мал жайылып, суатқа,
Сай-саламен су ақты.

1-жүргізуші: Барлығымыз бірге бойымызды сергітіп алайық.

Ән

«Бір оңға, бір солға»

Ару көктем: Рахмет, балалар! Көңілімді көтердіңдер. Мен сендерге сыйлығымды ала келдім. Енді достарымды — Түлкіжан, Аюжан, Қоянжанды — аналарына апарайын. Сау болыңдар, балалар!

Қорытынды және сыйлықтар

2-жүргізуші: Кейде айтқанды тыңдамай, анасынан адасып кететін балалар кездеседі. Бірақ біздің арамызда ондай бала жоқ. Біздің балалар аналарының айтқанын тыңдайды, сыйлайды, құрметтейді.

1-жүргізуші: Дұрыс айтасың. Біздің балалар тәртіпті! Міне, бүгінгі ертеңгілігіміз де аяқталды. Енді аналарыңа, әжелеріңе өз қолдарыңмен жасаған сыйлықтарыңды ұсынатын сәт келді.

Балалар аналарына сыйлықтарын ұсынады.

Сау болыңыздар!