Андрон тектес қола мәдениетінің таралу аймағы
Қола дәуіріндегі адамдардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер
Бұл материал 6-сыныпқа арналған «Ежелгі Қазақстан тарихы» пәні бойынша сабақ жоспарын қамтиды. Негізгі назар қола дәуіріндегі еңбек құралдарының тиімділігіне, шаруашылықтың дамуына және тас дәуірімен салыстырғандағы айырмашылықтарға аударылады.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылар қоладан жасалған еңбек құралдарының тиімділігін анықтайды; қола дәуіріндегі шаруашылық туралы мәтінмен жұмыс істей отырып, шаруашылықтағы жетістіктерді және тас дәуірінен басты айырмашылықтарын айқындайды.
Дамытушылық
Көшпелілердің өмірі мен шаруашылығы, отырықшылық пен көшпеліліктің айырмашылығы, егіншілік пен зергерлік өнердің дамуы туралы өздігінен және жұппен жұмыс жасай отырып түйінді қорытынды жасау дағдылары қалыптасады; қола дәуірі туралы білімдері кеңейеді.
Тәрбиелік
Өзара диалог арқылы бірін-бірі тыңдауға, пікірін құрметтеуге және сыйластыққа үйренеді.
Сабақтың сипаттамасы
- Типі: жаңа сабақты меңгерту, білімді пысықтау
- Түрі: аралас
- Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Көрнекілік
- Интерактивті тақта
- Суреттер
- Сызбалар
Сабақтың жоспары
- I Ұйымдастыру кезеңі
- II Үй тапсырмасын тексеру
- III Жаңа сабақ
- IV Жаңа сабақты бекіту
- V Қорытындылау, бағалау
- VI Үйге тапсырма
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
3 минут- Психологиялық ахуал қалыптастыру: амандасу, түгендеу, топтастыру.
- Топқа бөлу: Андрон, Алакөл, Федоров.
- Бағалау критерийлерін нақтылау.
«Нағыз білім атаулыға өздігінен білім алу арқылы ғана қол жеткізеді.»
Үй тапсырмасын тексеру
I. Миға шабуыл
Сұрақ: Қола дәуірі туралы не білесіңдер?
II. Ой қозғау
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. 5 минут
I топ — Андрон
Сұрақ-жауап-
1. Андрон мәдениеті неге осылай аталады?
Жауап: Андроново селосы маңынан табылған.
-
2. Андрон тектес қола мәдениетінің таралу аймағы қандай?
Жауап: Жайық пен Енисей аралығы, Батыс Сібір мен Памир тауына дейін.
-
3. Солтүстік және Батыс Қазақстанда ғалымдар зерттеген қоныстар саны қанша?
Жауап: 80.
-
4. Қола дәуіріндегі алғашқы қала үлгісіндегі тұрақ?
Жауап: Түгіскен кесенесі.
-
5. Солтүстік Қазақстандағы тұрақтарды сипатта.
Жауап: Орлармен және дуалдармен қоршалған.
II топ — Алакөл
Сұрақ-жауап-
1. Түгіскен кесенесіне сипаттама бер.
Жауап: Күйдірілмеген кірпіштен салынған, айналма дәліздері бар.
-
2. Андрондықтардың сыртқы бейнесін зерттеген ғалым кім?
Жауап: В. П. Алексеев.
-
3. Андрондықтар шаруашылықтың қандай түрлерімен айналысқан?
Жауап: Мал шаруашылығы және егіншілік.
-
4. Мал өнімдерін пайдаланғанын қандай археологиялық дәлел көрсетеді?
Жауап: Сүзбе жасауға арналған сүзгіш ыдыстар.
-
5. Қола дәуірінің қоныстары көбіне қай жерде орналасқан?
Жауап: Өзен бойында, шөбі шүйгін, желден ықтасын жерлерде.
III топ — Федоров
Сұрақ-жауап-
1. Қола дәуірінде ыдыс жасаудың қай түрі ерекше дамыды?
Жауап: Көзе құмыралар жасау.
-
2. Андрондықтарда шаруашылықта дербес салаға айналған іс қандай?
Жауап: Металл өңдеу және кен өндіру.
-
3. Ғалымдар қазақтың киіз үйін кімдердің баспанасына ұқсатады?
Жауап: Андрондықтардың баспанасына.
-
4. Андрон мәдени-тарихи бірлестігі қандай мәдениеттерді қамтиды?
Жауап: Алакөл және Федоров.
-
5. Алакөл мәдениетінің таралу аймағының ерекшелігі қандай?
Жауап: Қоныстар қоршалмаған, мыс қорытатын пештер болған.
-
6. Федоров мәдениетінің ескерткіштері қайда таралған және ерекшелігі қандай?
Жауап: Металл өндірісі қоныстың бір бөлігінде оңаша орналасқан.
III. Жұптық жұмыс
Тапсырма: сөйлемдердегі қалып қойған сөздерді толықтыру. 7 минут
Формат: тарихи диктант (жұппен жұмыс).
I топ — Андрон
Андрондықтар дене құрылысы жағынан ________________ ұқсаған.
Археологтар алғашқы олжаларын Оңтүстік Сібірдегі ________________ ауылының маңынан тапқан.
Ғалымдар Ресей мен Қазақстан шекарасындағы көне қалалардың негізін қалаушы ________________ қаласында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Солтүстік қола дәуіріне жататын қоныстар: ________________ және ________________.
Кілт сөздер
Андроново, еуропоидтерге, Арқайым, Петровка, Боголюбов
II топ — Алакөл
Сырдарияның төменгі ағысында күйдірілмеген кірпіштен салынған ________________ қола дәуірі ескерткішіне жатады.
Орталық Қазақстан аумағынан ________________ қоныс және ________________ қорым зерттелген.
________________ мәдениетінің ескерткіштері ________________ мен ________________ өзендерінің аралығындағы аймақтардан табылды.
Кілт сөздер
Жайық, 150, 30, Енисей, Андрон, Түгіскен кесенесі
III топ — Федоров
Андрон мәдени-тарихи бірлестігі екі дербес ________________ және ________________ мәдениеттерінен тұрды.
Шөлейтті дала жағдайында шаруашылықта ________________ мен ________________ маңызды болды.
Қыш ыдыс жасауда әртүрлі ________________ салған.
Кілт сөздер
Алакөл, Федоров, жылқы, түйе, геометриялық өрнектер
IV. Сәйкестендіру тест
5 минутСәйкестендіру форматындағы тапсырмалар арқылы негізгі ұғымдарды бекіту және білімді жүйелеу.