Мөлшер үстеу ережелерін меңгерту

Мақсат

Оқушылардың көлік тақырыбы аясындағы білімін кеңейту, үстеуді қайталау және мөлшер үстеуі ұғымын меңгерту. Мәтінмен жұмыс арқылы тілдік дағдыларын дамыту, өз ойын еркін жеткізуге ықпал ету және ойды жүйелеуге баулу.

Күтілетін нәтиже A
Оқушылар жаттығулар жүйесін толық әрі түсінікті ұсына алады.
Күтілетін нәтиже B
Сөздерді септей алады.
Күтілетін нәтиже C
Жаңа сөздерді қолданып, күнделікті өмірдегі жаттығулар туралы қысқа мәтін жаза алады.

Сабақ барысы

I. Психологиялық ахуал

2 минут
  • «Алақан» ойыны арқылы жағымды көңіл күй қалыптастыру.
  • Суреттер арқылы топқа біріктіру: көтергіш кран, автобус.
  • Бір-біріне жақсы тілектер айту.

II. Үй тапсырмасын тексеру

4 минут
  • Күрделі сөздердің түрлерін қайталау.
  • Сөздік жұмысын тыңдау, диалогтарды тексеру.
Топқа бөліну
1 минут

Оқушыларды кеспелер арқылы топтарға бөлу.

III. Қызығушылықты ояту

5 минут
  • АКТ: көлік түрлері туралы презентация көрсету.
  • Сұрақтар арқылы бағыттау: «Қандай тақырып өтеміз?», «Біздің мақсатымыз қандай?»

IV. Жаңа сабақ

«Миға шабуыл»
1 минут

Суретке қарап, қандай ойлар келетіні туралы сөздерді жазып, тізімдеу: адам, жүргізуші, аялдама, іс, бағыт және т.б.

Мәтінмен жұмыс (жұптық/топтық)
8 минут
  • Сөздікті оқу.
  • Оқулықтағы 101 және 107-беттердегі «Көтергіш кран», «Автобус» мәтіндерін бөліктерге бөліп, аударту.
  • Топтар бір-біріне сұрақ қояды (жоспарлау, талдау, жинақтау).
Грамматика: үстеу және мөлшер үстеуі
10 минут
  • Үстеу деген не? Қайталау және қысқаша қорытынды жасау.
  • Әр оқушыға бір сөз беріп, аударту және сөйлемде қолдану.
  • Мөлшер үстеуінің ережесін меңгерту, мысалдар келтіру.
  • 2-тапсырма: автобус туралы мәліметтерді жазу.
Сергіту сәті
1 минут

«Қара жорға» қимыл-қозғалыс жаттығуы: іс-әрекеттерді қайталау арқылы сергіту.

V. Сабақты қорытындылау

5 минут
Сәйкестендіру

Мөлшер үстеулерін мағынасына қарай сәйкестендіру арқылы бекіту.

Бағалау

Жұптық және топтық жұмыс нәтижесіне сүйене отырып, қалыптастырушы бағалау жүргізу.

Үлгі сөздер (мөлшер үстеулері)
едәуір онша анағұрлым бірталай

VI. Үй тапсырмасы

«Автобус» тақырыбы бойынша мәтінді жүктеу және жаңа сөздерді қатыстырып шағын жазба дайындау.

VII. Рефлексия

«Автобус» тақырыбы бойынша бүгін не үйренгенін қысқаша жазып, өз жұмысын бағалау.