Сараптап сіздер көріңіздер
Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы
Білімді сынып
Мақсаты
Білімділік
Оқушылардың математикадан білімін тереңдету, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық және өз бетімен жұмыс істеу қабілетін арттыру.
Дамытушылық
Пәнге қызығушылығын және білім сапасын арттыра отырып, есте сақтау қабілетін дамыту; өз ойын анық әрі жүйелі жеткізе білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Форматы мен құралдары
Түрі
Топтық сайыс
Көрнекілігі
- Қабырға газеттері
- Эмблемалар
- Геометриялық фигуралар
- Математикаға қатысты нақыл сөздер
Техникалық құрал-жабдық
Интербелсенді тақта
Барысы
I. Кіріспе
Мұғалім сыныптан тыс жұмыстың мақсаты мен шарттарын таныстырады.
Жүргізуші 1
Математика — ғылымдар патшасы деп,
Мойындаған бар ғылым жер шарында.
Сол қағида тағы да дәлелденбек,
Бүгінгі сайысымыз барысында.
Жүргізуші 2
Математика, математика — қандай қиын,
Оқымасаң, шешілмейтін ешбір түйін.
Амалдардың тек қана көмегімен,
Орындалар сансыз көп байлам-түйін.
Жүргізуші 1
Шеберлікті, білімді сараптап, өздеріңіз көріңіздер. Әділқазы алқасы, әділ баға беріңіздер! Сайыс басталмас бұрын, сайыскерлердің біліміне баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырамыз.
Жүргізуші 2
Бүгін сіздер бұл әлемнің қаншалықты қызықты әрі сан қырлы екеніне көз жеткізесіздер. Сайыс барысында түрлі сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Жеңіске жету үшін белсенділік танытып, сұрақтарға өзгелерден бұрын ойланып жауап беру және тапсырмаларды дұрыс орындау қажет. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!
II. Негізгі бөлім
Жүргізуші 1
Өз білімімен, ақыл-ойымен ерекшеленген әр сыныптың білімді оқушылары алдарыңызда тұр. Енді топтар өздерін таныстырып, ұрандарын айтады. Көрерменге таныстырылым жасап, әділ бағасын алады. Сайысымызды топтардың таныстыруынан бастаймыз.
1-топ — Тапқырлар
Ұраны:
Қандай сынақ болса да беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
2-топ — Алғырлар
Ұраны:
Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
3-топ — Ойшылдар
Ұраны:
Білекті мыңды жығады,
Білімді мыңды жығады.
4-топ — Дарындылар
Ұраны:
Шаршы алаңда мүдірме,
Көп ойланып, кідірме.
Жүргізуші 2
Бұл бәйге — ойдың бәйгесі. Кім жүйрік ойға, сол алда! Ендеше, «Жауабың әзір ме?» бөлімінің логикалық сұрақтарына кезек береміз. (Сұрақтар интербелсенді тақтадан көрсетіледі.)
«Жауабың әзір ме?» — 1-топ сұрақтары
Сұрақтарды ҚР Ұлттық тестілеу орталығының №857 пунктінің инженері Р. Дүйсембаева қояды.
- Үш алманы екі әке мен екі бала қалай бөліп алады? Жауабы: ата, әке, бала — әрқайсысына 1 алмадан
- 25 қаз ұшып бара жатты. Бір қазды атып тастады. Қанша қаз қалды? Жауабы: 1
- Қай уақытта екі санның қосындысы бірінші қосылғышқа тең болады? Жауабы: екінші қосылғыш 0 болғанда
- Қайсысы үлкен: 2 м ме, әлде 198 см ме? Жауабы: 2 м
«Жауабың әзір ме?» — 2-топ сұрақтары
Сұрақтарды Қызылорда қаласы №233 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ә. Қалмаханова дайындаған.
- Қолымызда 10 саусақ болса, он қолда неше саусақ бар? Жауабы: 50
- Үстелде үш стақан сүт бар. Алмас 1 стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? Жауабы: 3
- Үстелдің төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? Жауабы: 5
- Бір жанұядағы 5 ұлдың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар? Жауабы: 6
«Жауабың әзір ме?» — 3-топ сұрақтары
Сұрақтарды Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, №99 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Н. Таңжарық дайындаған.
- Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? Жауабы: 4
- 9 литр және 5 литрлік ыдыспен 3 литр сүтті қалай бөліп алуға болады? Тапсырма: шешу жолын көрсету
- Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сандар? Жауабы: 1, 2, 3
- Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма? Жауабы: жоқ, 48 сағаттан соң қайтадан түн болады
«Жауабың әзір ме?» — 4-топ сұрақтары
Сұрақтарды Байқоңыр қаласы Қ. Қ. Тоқмұхамедов атындағы №14 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Н. Игенбаев дайындаған.
- Жараста 7 таяқша бар еді. Ол біреуін екіге бөліп алды. Жараста неше таяқша қалды? Жауабы: 8
- Жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? Жауабы: 3 минут
- Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? Жауабы: 4
- Екі аяғымен тік тұрған адамның салмағы 50 кг. Бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? Жауабы: 50 кг