Кім тапқыр Сөз жұмбақ

Сабақтың тақырыбы

Ғ дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды Ғ дыбысымен және оның әріп таңбасымен таныстыру, дидактикалық материалдарды пайдалана отырып балалардың ойлау қабілетін, қиялын дамыту.

Ғ дыбысы бар сөздер мен сөйлемдер құрастыруға назар аударту, сөздік қорын байытып, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Буын құрату, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту және ребус шешу арқылы меңгерілген білімді бекіту.

Сабақтың түрі

Ойын сабақ

Сабақтың әдістері

  • Ой қозғау
  • Топтастыру
  • Тізбектей оқу
  • Ойын
  • Шығармашылық тапсырма
  • Сурет арқылы сөйлем құрау

Көрнекіліктер

  • Кеспе әріптер
  • Әріп таңбасы
  • Суреттер
  • Текшелер
  • Ребустар

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Сәлемдесу, әдептілікке баулу.

Сәлемдесу өлеңі

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

2) Жұмбақ арқылы жаңа дыбысты табу

Жұмбақ

Көп әріп ішінде —

Шалғы пішінде.

Тап, мұны түсін де.

Жауабы: Ғ әрпі

Жаңылтпаш

Ағабай ағасын,

Ағатай ағасын!

Аға деп бағалар,

Ағаның бағасын.

3) Сергіту сәті

Солға, солға — түзу тұр.

Оңға, оңға — түзу тұр.

Алға қарай — бір адым,

Артқа қарай — бір адым.

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

4) Қосымша жұмбақ және дыбыстық талдау

Жұмбақ

Жоқ өзінде бас та,

Қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

Жауабы: Сызғыш

Талдау және сұрақтар

  • «Сызғыш» сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
  • Екінші буын қай дыбыстан басталады?
  • Дыбысты айттық, естідік. Енді Ғ дыбысының таңбасын — Ғ әрпін — ауада жазып көрсетейік.
  • Содан кейін дәптердегі үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, Ғ әрпін жазамыз.

Жазу кезіндегі сергіту

Біз жаздық, біз жаздық,

Қолымыз шаршады.

Ақырын дем алып,

Қайтадан жазамыз.

5) Ойындар мен тапсырмалар

Ойын: «Ғарышқа ұшу»

Әріптерді еске түсіру, жылдам тану және дұрыс айту дағдыларын дамыту.

Ребус шешу

Берілген ребустарды шешу арқылы Ғ дыбысы кездесетін сөздерді табу.

  • Сандық
  • Жаға
  • Таға

Ойын: «Сөйлемді толықтыру»

  1. Өзімнен үлкен бауырым —
  2. Қыз құлағындағы әшекей —
  3. Атам ат

«Кім тапқыр?» сөзжұмбақ сұрақтары

  1. Тамақтың дәмін келтіреді.
  2. Үй құстары.
  3. Бүгін қандай әріппен таныстық?
  4. Қасиетті тағам.

6) Дыбыстарды ажырату жаттығуы

Дыбыстарды ажырата білеміз бе? Берілген әріптерді ретімен айтып шығайық:

Б, С, Ж, З, Қ, Е, К, Т, Ш, П, …

7) Қорытынды

  • Қандай дыбыспен таныстық?
  • Қандай сөздерде Ғ дыбысы кездеседі?

Үй тапсырмасы

Ө дыбысы мен әрпін оқу.