Сиырдың пайдасы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
«Сымбат» жеке мектебі
Мұғалім
Макуова Нуршат Аманқосовна
Бастауыш сынып мұғалімі
Сабақ тақырыбы
Жаттығу жұмысы: 30–31. «Сиыр»
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Пән аралық байланыс
Математика
Көрнекіліктер
- Қадыр Мырза Әлидің суреті
- Сиыр бейнесі
- Телефон
- Мүйіз
Сабақтың мақсаты
Негізгі мақсат
Жуан дыбыстар туралы білімін жетілдіру.
Білімділік
- «Сиыр» өлеңінің мазмұнымен таныстыру.
- Сиыр малы туралы түсінігін кеңейту.
- Сиырдың ерекше қасиеттері мен пайдасын айту.
- Жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, ырым-тыйымдарды айту және мағынасын ашу.
Дамытушылық және тәрбиелік
- Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын айтуға төселдіру.
- Сөздік қорын және танымдық қабілетін дамыту.
- Малды сүюге, малға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
- Әдемі, таза, сауатты жазуға баулу.
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға бүгінгі сабақтың ерекше екенін және сабаққа қонақ ұстаздардың қатысып отырғанын айту.
Психологиялық дайындық
Қане, алға қарайық, Сабаққа зер салайық. Жақсы оқып сабақты, Бүгін 5-тік алайық!
Ойын: «Сиқырлы телефон»
3-ті қосу және 3-ті азайтуға байланысты есептер шығару.
- 3 + 3 = 6
- 4 + 3 = 7
- 7 − 3 = 4
- 5 − 3 = 2
Телефонға жазылған сандар
Мағынасын ашу: «сиыр».
II. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмысы: «Сиыр».
Сұрақ-жауап
- Сиыр туралы не білеміз?
- Сиырдың қандай пайдасы бар?
Сиырдың пайдасы
Сиырдың терісінен ат әбзелдерін жасаған, жүн сабауға тулақ ретінде пайдаланған. Ал мүйізінен тісі жиі тарақтар жасаған.
III. Оқулықпен жұмыс
Автормен таныстыру
Қадыр Мырза Әли — қазақтың көрнекті ақындарының бірі.
Өлеңмен жұмыс
- Өлеңді оқу, мағынасын ашу.
- Өлеңді оқыту: хормен және жеке.
Сөздік жұмыс
Шүйгін — құнарлы, отты, шөбі көп жер.
IV. Үлестірмелі карточкалармен жұмыс
- Сиырды қалай шақырады?
- Сиырдың төлін ата.
- Сиырдың атасын ата.
- Сиыр туралы әңгіме құра.
V. Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс
Оң қолыңды дөңгелет.
Жаңылтпаш
- Оқушыларға жаңылтпашты оқыту (сурет бойынша мағынасын түсіндіру).
- Оқыту түрлері: хормен және жеке.
- Жаңылтпашты жатқа айтқызу.
I қатар
Мақал-мәтелдер айту.
II қатар
Ырымдар айту.
III қатар
Тыйым сөздер айту.
VI. Дәптермен жұмыс
31-жаттығу (жазбаша)
Жоғалған әріпті тап.
Жұмбақ
Қ....яды екен әр шаруа, Қазығ...на құт байлап, Қанша қ. ...йып алсаң да, Сарқылм. ...йды сүт, қаймақ.
Жауабы: сиыр.
VII. Шығармашылық жұмыс
Буын ұйқасы
Дауыстылар: а, о, ұ, ы.
Ақ, ақ, ақ, Қандай тәтті балмұздақ.
Жуан дауысты дыбыстарды табу
«Бал-мұз-дақ» сөзіндегі жуан дауысты дыбыстарды анықтау.
Сөйлем құрастыру
Тақтада сөйлем құрату.
Мысал: Мен балмұздақ жедім.
1 сөйлем, 3 сөз.
VIII. Қорытынды
- Бүгінгі сабақта қандай өлеңмен таныстық?
- Өлең не туралы?
- Сиырдың қандай пайдасы бар?
- Жуан дауыстыларды атаңдар.
- Барлығы нешеу?
IX. Үй тапсырмасы
- «Сиыр» өлеңін жаттау.
- 30-жаттығуды көшіріп жазу.
- Жуан дауысты дыбыстардың астын сызу.
X. Бағалау
Оқушылардың жұмысына сәйкес тиісті бағаларын қою.