Сайыстың түрі

Іс-шара туралы мәлімет

Өтетін орны

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Жансүгіров атындағы орта мектеп.

Жетекші

Музыка пәні мұғалімі — Сапарғалиева Айгүл Мантиқызы.

Тақырыбы

«Тапқыр болсаң – тауып көр» — музыка пәнінен сыныптан тыс сайыс.

Қатысушылар

4 «А» және 4 «Б» сынып оқушылары: «Алғырлар» және «Тапқырлар» топтары.

Мақсаты

Білімді жүйелеу

1-жартыжылдықта өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білімін өздеріне талдату арқылы тексеру, жүйелеу және бекіту.

Шығармашылықты дамыту

Ән мен музыка арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Мәдени мұраға құрмет

Дәстүрлі және кәсіби музыканы тыңдай білуге, оның маңызын түсініп, қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сайыс түрі

Жарыс сабақ.

Көрнекіліктер

  • Көркем жазылған тақырып
  • Сазгерлердің суреттері
  • Слайдтар
  • Үнтаспа (аудиожазба)

Сайыстың барысы

Қошемет сөзі

Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Жаратылыстану бірлестігінің 10 күндігі аясында өткізілетін «Тапқыр болсаң – тауып көр» сайысын ашық деп жариялаймыз. Бұл сайыста оқушылар музыка пәнінен 1-жартыжылдықта алған білімдерін ортаға салады.

Топтарды таныстыру

4 «А» сыныбы

«Алғырлар» тобы

4 «Б» сыныбы

«Тапқырлар» тобы

«Кел, балалар, күлейік, көңілденіп жүрейік. Балдырғанбыз демейік, өмір сырын білейік!»

Қазылар алқасы

Бүгінгі сайысымызға әділ баға беретін қазылар алқасымен танысыңыздар.

Мүше

1) __________________

Мүше

2) __________________

Мүше

3) __________________

Төрайым

__________________

«Жердің бетін жадыратсын күлкіңіз, жаңа ғасыр бұзылмасын шырқымыз. Жер-ана тыныштықты тербетсін, жарқырасын қазақ деген ұлтымыз!»

Сайыс құрылымы (5 бөлім)

1) «Білгенге маржан»

Сұрақ-жауап бөлімі: 1-жартыжылдық материалдары бойынша білімді тексеру.

2) «Бұл кім?»

Сазгерлер мен орындаушыларды өмірбаяны, шығармашылық жолы арқылы анықтау.

3) «Музыка тыңдай білеміз бе?»

Тыңдалған шығармалардың атауын анықтау.

4) «Білімді мыңды жығар»

Музыка сауаты бойынша ережелер мен ұғымдарды қайталау, тексеру.

5) «Әнді сүйсең — менше сүй»

Тыңдаған әннің атын табу және 1 шумақ пен қайырмасын орындау.

Балалар, іске сәт! Ендеше, бірінші бөлім — «Білгенге маржан» бастаймыз.

1-бөлім: «Білгенге маржан» — сұрақтар

4 «А» — «Алғырлар» тобы

  1. Арқа өңірінің әншілік дәстүрін жалғастырушыларды ата.
  2. Қобыз күйлерін орындап жеткізушілер кімдер?
  3. Қаратау өңірінің дәстүрлі ерекшелігі неде?
  4. Батыс өңіріндегі әншілік және күйшілік дәстүрін жалғастырушыларды ата.
  5. «Ұстаз» бен «шәкірт» ұғымдарын қалай түсінесің?
  6. Қазіргі дәстүрлі орындаушылардан кімдерді білесің?
  7. Алғашқы ұлт аспаптар оркестрін құру кімнің үлесіне тиді?
  8. Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі қай жылы құрылды?
  9. Домбыра аспабының қандай түрлері бар?
  10. Қобыз аспабының қандай түрлері бар?
  11. Оркестр құрамындағы үрмелі аспаптарды ата.
  12. Оркестр құрамына қандай ұрмалы аспаптар енеді?

4 «Б» — «Тапқырлар» тобы

  1. Құрманғазы «Адай» күйін кімге арнады?
  2. Мұса не себепті «Жаяу Мұса» атанды?
  3. «Қарқаралы» әнін кім шығарды?
  4. «Жез киікке» неге оқ дарымайды?
  5. Мұхит кімнен бата алды?
  6. Дәстүрлі әндер мен күйлер қазіргі уақытта қалай жалғасуда?
  7. Өзіңе ұнаған қандай әндер мен күйлерді ерекше атап айта аласың?
  8. Дирижердің міндеті қандай?
  9. Болат Сарыбаев қанша көне саз аспаптарын қайта жаңғыртты?
  10. Шертер аспабының домбырадан айырмашылығы неде?
  11. «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалаған кім?
  12. Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі мен «Отырар сазы» оркестрінің айырмашылығы қандай?

2-бөлім: «Бұл кім?» — тұлғаны таны

«Алғырлар» тобына тапсырма

Сипаттама 1

Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Өмірдің қиындығына қарамастан, ақжарқын, кең пейілді адам болған. Әндері жеңіл, әзілге толы. Асқан әншілігімен қатар орыс тілін жақсы меңгеріп, скрипка мен балалайкада ойнай алған.

Жауабы: Жаяу Мұса

Сипаттама 2

Үлкен жәрмеңкелер мен той-думандарға қатысып, әнімен ерте танылған дүлділ әнші. ХІХ ғасырда қазіргі Орал облысы, Қаратөбе ауданында дүниеге келген. Кең тынысты, күрделі, асқақ әндерінің қалыптасуына Бөкей ордасындағы дауылды күйшілік дәстүрдің ықпалы тиген. «Паң көйлек», «Зәуреш», «Айнамкөз» сияқты әндері халыққа кең тараған.

Жауабы: Мұхит

«Тапқырлар» тобына тапсырма

Сипаттама 1

Арқа дәстүріндегі әндері оқшау, дара сипатқа ие. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Басынан өткерген ауыртпалық пен қиындықты әндерінде бейнелеген. Әділетсіздікке қарсы күрескер ретінде шерлі, мұңды, терең сезімге толы туындылар қалдырған. «Үшқара», «Қарқаралы», «Қаракесек» әндері кең танымал.

Жауабы: Мәди

Сипаттама 2

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Атасы қобыз бен домбыра жасаған, әкесі — асқан күйші-қобызшы. 7–8 жасынан әкесінен қобыз үйреніп, 15 жасынан елге таныла бастаған. Жанақ пен Шөже ақындардың батасын алған. Оның ұлы да қобызшы болған. «Жез киік», «Шыңырау» сияқты күйлері бар.

Жауабы: Ықылас

3-бөлім: «Музыка тыңдай білеміз бе?»

Тыңдалатын шығармалар тізімі

  • 1

    Сүгір — «Бес жорға»

  • 2

    Т. Момбеков — «Салтанат»

  • 3

    Халық күйі — «Қасқыр»

  • 4

    Ықылас — «Шыңырау»

4-бөлім: «Әнді сүйсең — менше сүй»

Тапсырма

Тыңдаған әннің атын табу және 1 куплетті қайырмасымен бірге орындау.

1

Б. Бейсенова — «Ұстазым»

2

«Алғашқы ұстаз»

3

«Туған жер»

4

«Туған жердей жер болмас»

5

«Жаса, жайна, Қазақстан!»

5-бөлім: «Білімді мыңды жығар» — музыка сауаты

4 «А» — «Алғырлар» тобы

  1. Дыбыстың бояуы қалай аталады?
  2. Симфониялық оркестрге арналған шығарма қалай аталады?
  3. Сахнада қойылу үшін жазылған, басынан аяғына дейін әнмен өрнектелген көлемді музыкалық-драмалық шығарманы қалай атаймыз?

4 «Б» — «Тапқырлар» тобы

  1. Дыбыстың көлемі қалай аталады?
  2. Операның либреттосы дегенді қалай түсінесің?
  3. Фортепиано аспабының итальянша атауы қандай?

Қорытынды

«Сайланып келіпсіздер мына бәрің, арналып шырқалады сендерге әнім. Тілеймін талаптарың құтты болсын, сайысқа дайындықпен келген бәрің!»

Үзіліс сәті

Әділқазылар алқасы шешім шығарғанша, сынып ұлдарының биін тамашалау ұсынылады.

Марапаттау

Сайыс қорытындыланып, жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталады.