Қосымша тарихи деректер арқылы оқушылардың таным қабілеттері мен шығармашылық ізденісін дамыту

М. Мақатаев атындағы №13 орта мектеп МКМ • Тарих пәні

Мұғалім: Казербаева Гульнар Кулжабаевна

Сабақ жоспары (Б. Блум таксономиясы негізінде)

“Ұлы Жібек жолы — маңызды сауда жолы”

Бұл жоспар оқушылардың Қазақ жеріндегі Ұлы Жібек жолының бағыттары, тармақтары, сілемдері, қалалары және тауар айналымы туралы деректерді меңгеруіне жағдай жасауға бағытталған.

Сабақтың мақсаты

Қазақ жеріндегі Ұлы Жібек жолының бағыттары, тармақтары, сілемдері, қалалары және тауар тасымалы туралы мәліметтерді меңгертуге жағдай жасау.

Міндеттері

  1. Қосымша тарихи деректер арқылы оқушылардың танымдық қабілетін және шығармашылық ізденісін дамыту.
  2. Оқушылардың Ұлы Жібек жолы туралы білімдері мен біліктерін кіріктіру, жинақтау, танымдық белсенділігін арттыру.
  3. Дүниежүзілік өркениет пен мәдениеттің дамуындағы Ұлы Жібек жолының орнын айқындап, алған білімді өмірлік тәжірибеде қолдануға тәрбиелеу.

Психологиялық ахуал

  • Шаттық шеңбері: жылы лебіз айту арқылы жағымды атмосфера қалыптастыру.
  • Топқа бөлу: сурет қиындылары арқылы оқушыларды топтарға бөлу.

Тақырыптың өзектілігі

Ұлы Жібек жолы тарихын бүгінгі күнмен салыстыру — тақырыпты түсінудің тиімді жолы. Қазіргі кезеңде Жібек жолының тарихын зерттеу, оны жаңғырту және осы жол бойындағы елдердің саяси, экономикалық, мәдени байланыстарын кеңейту қайтадан өзекті бола түсті.

1987 жылы ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының XXIV сессиясында Ұлы Жібек жолын зерттеудің халықаралық жобасы қабылданды. Жобаға Грекия, Португалия, Египет, Италия, Қытай, Индонезия, Моңғолия, Оман, Шри-Ланка және бұрынғы Кеңестер Одағы қатысты.

Бағдарламалық бағыттар

  • Адамды қоршаған орта
  • Жер мен теңіз қорлары
  • Мәдениет және болашақ

1991 жылы Қазақстанда “Жібек жолы” атты Ұлттық комитет құрылды. Ұлы Жібек жолы көне дәуірде де, қазіргі кезде де Еуразия халықтары үшін мәдени ықпалдастықты күшейтуде, сондай-ақ саяси және рухани мәселелерді шешуде маңызы зор фактор болып отыр.

Сабақ құрылымы (Блум таксономиясы бойынша)

1) Білу

СТО Диалогтық оқыту Ынталандыру, мадақтау

Сұрақ 1: Ұлы Жібек жолы халықаралық қатынас тұрғысынан қашан жандана бастады?

Жауап: б.з.б. II ғасырдың ортасында.

Сұрақ 2: Ұлы Жібек жолы туралы мәліметтерді қандай дереккөздерден аламыз?

Жауап: Қытай деректері.

2) Түсіну

Диалогтық оқыту “Бас бармақ” бағалау

Сұрақ 1: Қандай сауда жолдары қалыптасып, дамыды?

Жауап: Лазурит жолы, Дала жолы, Нефрит жолы.

Сұрақ 2: Ұлы Жібек жолы қандай негізгі бағыттарға бөлінді?

Жауап: Батыстан Шығысқа бағыт; Іле бағыты; Еуропа бағыты; Орталық және Шығыс Қазақстан бағыттары.

3) Қолдану

СТО Диалогтық оқыту Тірек сөздер

1) Қытаймен жібек өндіруде бәсекеге түскен ел:

Соғды

2) Жібек ... теңеліп, халықаралық ... айналды:

алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналды.

3) Ұлы Жібек жолымен ... таралды:

дін

4) Ұлы Жібек жолының тоқтатылу кезеңі:

XIV–XV ғасырлар

5) Тоқтау себебі:

теңіз саудасының дамуы.

4) Талдау

СТО Диалогтық оқыту Ынталандыру, мадақтау

Ұлы Жібек жолы мен қазіргі сауда қатынастарын Венн диаграммасы арқылы салыстыру: ортақ белгілерін, айырмашылықтарын және тарихи сабақтастықты анықтау.

5) Жинақтау

Дарынды, алғыр оқушылар Тест

Тест тапсырмалары

  1. Ұлы Жібек жолы жандана бастаған кезең:
    • а) б.з.б. II ғасыр
    • ә) б.з.б. I ғасыр — б.з. V ғасыр
  2. Жібек сатуда Қытаймен бәсекеге түскен ел:
    • а) Иран
    • ә) Соғды
    • б) Кавказ
  3. Қазақстанның қай аймағы Шығыстан шығатын негізгі қақпа саналады?
    • а) Сыр өңірі
    • ә) Сарыарқа
    • б) Жетісу

6) Бағалау

Диалогтық оқыту Смайлик арқылы бағалау “Алты қалпақ” әдісі

Оқушылардың жетістігін смайлик арқылы бағалау тәсілімен белгілеу.

Көшбасшылыққа ұмтылу” тақырыбында “Алты қалпақ” әдісі арқылы ой қорытып, түйіндеме жасау.

Материалдар

Толық нұсқасын жүктеу (мектептің/мұғалімнің ресурстар бөлімінде немесе берілген сілтеме арқылы).