Махамбет кім

8-сынып • Қазақ әдебиеті

Махамбет Өтемісұлының “Ереуіл атқа ер салмай”, “Мұнар күн” өлеңдері

Бұл сабақта Махамбет шығармаларының тақырыбы мен идеясын анықтау, өлең құрылымын талдау және көркемдік тілдік ерекшеліктерін байқау арқылы оқушының ойлау, салыстыру, пікір айту дағдыларын дамыту көзделеді.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • Махамбет шығармаларымен танысу.
  • Өлеңдердің тақырыбы мен идеясын анықтау.
  • Білімді саралау және жүйелеу.

Дамытушылық

  • Өлең талдау дағдысын қалыптастыру.
  • Ізденімпаздық қасиеттерді дамыту.
  • Таным көкжиегін кеңейту.

Тәрбиелік

  • Ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу.
  • Бірлесіп жұмыс істеуге және өзара сыйластыққа баулу.
  • Отанды сүюге, батырын ардақтауға үйрету.

Ұйымдастыру және ресурстар

Көрнекіліктер

Оқулық, суреттер, слайдтар, электронды оқулық материалдары.

Сабақтың түрі мен типі

  • Түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
  • Типі: ізденіс сабағы.

Әдістер

Іздендіру, салыстыру, мәнерлеп оқу, ой қорыту, сұрақ-жауап, топтастыру, пікірталас, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды сабаққа дайындау.

2) Қайталау: “Оқу — білімнің анасы”

Сұрақтар

  • Х–ХІІ ғасыр әдебиетіне кімдерді жатқызамыз?
  • Өз шығармаларында қандай мәселелерді сөз етеді?
  • Араларындағы ұқсастық қандай?

Ұқсастықтарын топтастыру

Оқу-білімге шақырады

Адамгершілікке үндейді

Қанағатшылдыққа бағыттайды

А. Иасауи Ж. Баласағұни М. Қашқари Ә. Фараби С. Сарай

3) Жаңа тақырып: “Білім — сарқылмас байлық”

Қызығушылықты ояту

Электронды оқулықтан Махамбеттің бір өлеңін тыңдатып, төмендегі сұрақтарға жауап алынады:

  • Бұл — қай ақынның өлеңі?
  • Махамбет кім?
ақын батыр күйші

Топтық ізденіс тапсырмалары

Үш қатарға қосымша әдебиеттер мен ғаламтор материалдарын пайдаланып мәлімет жинау тапсырмасы беріледі:

  1. Махамбеттің батырлығы
  2. Махамбеттің күйшілігі
  3. Махамбеттің ақындығы

Махамбет жаратылысында әрі батыр, әрі жырау-ақын, әрі күйші-домбырашы болған. Мінезі қызулы, бет алғанынан қайтпайтын қайсар тұлға. — М. Әуезов

Оқушылар ұсынған деректер жинақталып, толықтырылады. Одан кейін жұппен жұмыс ұйымдастырылып, өлеңдерді мәнерлеп оқу және талдау жүргізіледі.

“Ереуіл атқа ер салмай” өлеңін талдау

Құрылысы

  • 1 шумақ, 19 тармақ
  • 2 бунақ, 8 буын
  • Шұбыртпалы ұйқас

Көркемдік тәсілдер

Гипербола, ассонанс, аллитерация, риторикалық сұрақ.

Идеясы

  • Туған жер үшін күреске шақырады.
  • Ер азамат қиындыққа төзе білуі керек деген ой айтылады.
  • Азамат алдындағы ауыр сынақтар тізбектеледі.
  • Сынаққа шыдаған жан ер атануға лайық деген түйін жасалады.

“Мұнар күн” өлеңін талдау

Құрылысы

  • 1 шумақ, 36 тармақ
  • 2 бунақ, 8 буын
  • Шұбыртпалы ұйқас

Тіл өрнегі

  • “Күн” сөзінің қайталануы әсерді күшейтеді.
  • Теңеу: “Хас бәйтерек...”
  • Эпитеттер: “мұнар”, “шұбар”.

Мазмұны

  • Ішкі жан сыры жырланады.
  • Достан айырылу қасіреті сезіледі.

Қосымша сұрақтар

  • Ақынның досы кім?
  • Досына арналған қандай өлеңімен таныс едік? (7-сыныптағы “Тарланым” өлеңін еске түсіру)

Танымыңды кеңейт: екі өлеңді салыстыру

“Ереуіл атқа ер салмай”

  • Күреске шақырады.
  • Жігерлендіреді.
  • Ерлік рухын оятады, намысты қайрайды.

“Мұнар күн”

  • Жан сыры айқын сезіледі.
  • Достан айырылу зары байқалады.
  • Мұң басым.

Ұқсастығы

  • Өмірге құлшыныс байқалады.
  • Күрес жолынан таймайтын өр мінез көрінеді.
  • Екеуі де шұбыртпалы ұйқаспен жазылған.
  • 8 буынды өлшем сақталған.
  • “Ер” сөзіне байланысты қандай мақал-мәтел білесің?
  • “Ер” сөзінің синонимі мен омонимін ата.

4) Ізденіс — шығармашылық бастауы

Топпен жұмыс: Махамбет шығармаларын талдау бойынша жинақтап, кесте толтыру.

Махамбет поэзиясы Тақырыбы Түр жаңалығы Тіл көркемдігі
“Ереуіл атқа ер салмай”
“Мұнар күн”

5) “Жыр жазамын жүрегімнен...” — шығармашылық жұмыс

Әр оқушы өз таңдауы бойынша бір тапсырманы орындайды:

1-тапсырма: Махамбеттен

Өлеңдерін жатқа оқу.

2-тапсырма: Махамбеттей

Өлеңдеріндегі афоризмдерді мақал-мәтелмен салыстыру.

3-тапсырма: Махамбетше

Өз шығармашылығынан өлең оқу.

Үлгі 1: Өлеңнен үзінді

Асыл ердің баласы жауды көрсе шыдамай, көзін салар қияға.
Ермін деген жігітті кеңшілікте сынама.

("Қарағай шаптым шандоздап")

Мақал-мәтел

Өзіммін деген жігітті түзде сынама, үйде сына.

Үлгі 2: Өлеңнен үзінді

Айырдан туған жампоз бар — нарға жүгін салғысыз.
Аруанадан туған мая бар — асылын айуан десе нанғысыз.

("Атадан туған қазанат")

Мақал-мәтел

Жақсыдан туған жаман бар — бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан туған жақсы бар — атасын айтса нанғысыз.

6) Пікірталас: “Өмірді танығың келсе, адамдардың жүрегіне үңіл”

Талқылау сұрағы: Бүгінгі өмірімізде Махамбеттер бар ма?

7) Қорытынды

“Махамбет — өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы”.

Ол өзін емес, елдің мұңын ойлаған тұлға. Отбасылық тыныштықтан баз кешіп, жеке рахаттан бас тартып, “ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып” жүрудегі мұраты — елінің ертеңі, дәлірек айтқанда, бүгінгі азат Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі.

Сөз зергері, академик Зейнолла Қабдолов

8) Үй тапсырмасы

  1. Махамбет Өтемісұлы туралы деректерді оқу.
  2. “Ереуіл атқа ер салмай” өлеңін жаттау.
  3. Махамбет өлеңдерінен афоризмдерді жазып келу.

Автор туралы мәлімет

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №19 орта жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Рысқалиева Ақжонас Сағынғалиқызы.