Мектебім аяулы, мектебім
Тәрбие сағаты • Ертеңгілік
«Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз!»
0-сынып (мектепалды даярлық тобы)
Мақсаты
Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын ояту; Отанын, елін, жерін құрметтеуге баулу; адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдісі
Ертеңгілік.
Барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Ескерту
Музыка ойнап тұрады. Қонақтар орындарына жайғасады.
Кіріспе сөз
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң-солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Өлең
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
Тәрбиешінің сөзі
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
Айналайын, балалар,
Алда мектеп – ана бар.
Өздеріңнен өседі
Өнерпаздар, даналар.
Балалардың тақпақтары
Дильназ
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың.
Ер жетті деп бөбегім,
Ата-анамыз қуансын.
Кәусар
Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Өнер-білім үйреткен
Өзіңізді қимаймыз.
Мариям
Құшағыңда жарқылдап
Өтті сәби күндерім.
Би биледім, ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.
Дамир
Енді мен үлкен боламын,
Анамның тілін аламын.
Ұстаздың барлық айтқанын
Миыма құйып аламын.
Білімді тексеру кезеңі
Көрініс
(Есік қағылады. «5» бағасы бейнесіндегі кейіпкер кіреді.)
«5» бағасы:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені сендерге Білім ханшайымы мектепке барардағы білімдеріңді тексеру үшін жіберді. Менің қолымда ханшайымның тапсырмалары бар. Тапсырмаларды оқып, орындауларыңды талап етемін. Жауаптарыңа қарап, мектепке дайындығыңды бағалаймын.
I тапсырма
Сұрақтарға жауап беру
II тапсырма
Сауат ашу сабағынан
III тапсырма
Өнер көрсету
IV тапсырма
Математика сабағынан
Сұрақ-жауап
-
Біз қай елде тұрамыз?
Қазақстанда.
-
Тұратын жеріміз қалай аталады?
Оқушылар өз мекенжайын/елді мекенін айтады.
-
Мектебіміз қалай аталады?
Оқушылар мектеп атауын айтады.
-
ҚР рәміздерін кім атап береді?
Ту, Елтаңба, Әнұран.
-
Неше жыл мезгілі бар?
Төрт.
-
Табиғат нешеге бөлінеді?
Тірі табиғат және өлі табиғат.
-
Тірі табиғатқа нелер жатады?
Адам, жануарлар, өсімдіктер.
Жарайсыңдар, балалар!
Сауат ашу
-
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты және дауыссыз.
-
Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
Қызыл түсті текшемен.
-
Дауыссыз дыбыстарды ше?
Көк түсті текшемен.
-
Сөздерді буынға бөліп оқы.
Бо-та, қа-ла, да-ла.
-
Жаңылтпаш айтайық.
«Әдептілік – әдемілік».
-
Тура және кері сана.
Оқушылар 1-ден 10-ға дейін және кері санайды.
Өнер көрсету
Өлең
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны ерекше.
Даярлықпен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше.
Хор
«Мектебім аяулы, мектебім!»
Шырын
Нағыз білім – ырыс, бақ,
Дүниені тұр ұстап.
Енді біздер сабаққа
Кірісеміз дұрыстап.
Аслан
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып даярлық топпенен,
Біріншіге барамыз.
Ақерке
Құшағыңда жарқылдап
Өтті сәби күндерім.
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ, қош енді!
Ән
«Үгай-ай» (орындайтын: Дамир)
Математика
Тәрбиеші
Ретімен тізбелі,
Әрбір санды даралап.
Қайсың барсың бізге енді,
Айтып берер санамақ.
Санамақ (оқушыларға бөліп айту)
1 саны — Нұрай (сөздері)
Мені келсең білгің,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрамын.
Қорытынды мәлімет
- Білім беру ұйымы
- Жезкент кентінің мектеп-лицейі (КММ)
- Мектепалды даярлық тобының жетекшісі
- Беркимбаева А. З.