Ыстық бізге кең өлке, Ыстық бізге тыныштық

Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Барақ батыр мектебінің шағын орталығында оқу жұмыстарын ұйымдастыруға арналған жоспар.

Білім беру аймағы

Қатынас

Бөлімі

Көркем әдебиет

Тақырыбы

«Алма» ертегісі

Көрнекі құралдар

  • Суреттер
  • Теледидар
  • Бақ пен бақша көрінісі
  • Слайд

Мақсаты

  • Жыл мезгілдері туралы білімдерін тереңдету
  • Сөздік қорын байыту
  • Өз тәжірибесіне сүйеніп, ертегіні сахналай білуге үйрету
  • Әдеби шығармаға қызығушылығын дамыту
  • Ауызбіршілікке, татулыққа тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап Көрсету Түсіндіру Әңгімелеу Ойын Сергіту Өлең-тақпақ Сахналау

Мотивациялық-қозғаушы бөлім

1) Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиешінің сөзі

«Қане, балалар, бізге келген қонақтармен сәлемдесейік. Сәлемдесу — әдептіліктің белгісі».

Балалардың әрекеті

Балалар қонақтармен амандасады.

«Тілек шеңбері»

«Балалар, тілек шеңберіне тұра қалыңдар. Қазір күз мезгілі болғандықтан, күзге деген жақсы тілегімізді білдірейік».

Әр бала өзіне тиесілі көкөніс немесе жемісті қолына алып, күзге арнап жылы лебізін айтады:

«Қайырымды күз, тіл үйірер жемістерің мен көкөністерің үшін саған рақмет!»

Кіріспе әңгіме: күз, дәрумен және еңбек

Бүгін біз көкөністер мен жемістер туралы әңгімелесеміз.

Қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде неше ай бар? Олар қалай аталады?

Тәрбиеші слайд арқылы күз туралы әңгімелейді.

Неге күз маңызды?

Күз мезгілінде дастарханымыз жеміс пен көкөніске толы болады. Олар дәрумендерге бай, сондықтан күнделікті ас мәзірінде болуы тиіс.

  • Жеміс пен көкөністі жиі жейтін бала дені сау, зерек болып өседі.
  • Тамақтанар алдында міндетті түрде жуып, тазалап жеу керек.

Дәрумен — еңбектің нәтижесі

Дәрумен дастарханымызға оңайлықпен келмейді: оған үлкен еңбек жұмсалады. Жеміс ағашын көктемде отырғызамыз, жаз бойы баптап, суарып, күтеміз. Бірнеше жылдан кейін ол күзде өз жемісін береді.

Мысалы, картопты көктемде жерге отырғызамыз. Бірнеше күннен кейін сабағы жер бетіне шығады. Жаз бойғы еңбектің нәтижесінде, күзде бір түйір картоп бірнеше түйірге айналып, пісіп жетіледі.

Сергіту сәті

Шөліркемей гүл тұрсын,

Жерім жайнап құлпырсын.

Нұрын сыйлап біздерге,

Көкте мәңгі күн тұрсын.

Ортақ бізге туыстық,

Нұр сыйлаған күн ыстық.

Ыстық бізге кең өлке,

Ыстық бізге тыныштық.

Кейіпкердің келуі және ертегіге кіріспе

Осы сәтте есік қағылып, Күз ханшайымы қонаққа келеді. Тәрбиеші балаларды «Алма» ертегісін тыңдауға және сахналауға дайындайды.

Келесі бөлім: «Алма» ертегісі (сахналау).