Атмосфера - Жердің ауа қабаты

Атмосфера — Жердің ауа қабаты

Атмосфера — Жерді қоршап тұрған газды қабық. Ол тіршілікке қолайлы жағдай жасап, жылуды ұстап тұрады, ауа райы құбылыстарының қалыптасуына ықпал етеді және сыртқы әсерлерден қорғайды.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға атмосфера ұғымын түсіндіру, оның Жерді қоршап тұрған газ қабығы екенін, сондай-ақ құрамы мен құрылысын жүйелі түрде меңгерту.

Білімділік

Тақырып бойынша негізгі түсініктерді қалыптастыру, атмосфера туралы толық әрі нақты мәлімет беру.

Дамытушылық

Әртүрлі білім көздерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, дүниетанымдық қабілеттерін кеңейту, белсенділікті арттыру және танымдық қызығушылықты күшейту.

Тәрбиелілік

Экологиялық тәрбие беру, ауаны қорғауға және қастерлеуге баулу. Халықтық этнопедагогика элементтері арқылы ұлттық сана-сезімді ояту.

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Құрал-жабдықтар және көрнекі құралдар

  • Интерактивті тақта
  • Постерлер
  • Дүниежүзінің физикалық картасы
  • Глобус
  • Оқулық
  • Бағалау парағы
  • Суреттер
  • Кескін карта

Әдіс-тәсілдер

СТО Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс Көшбасшылық Оқыту мен оқуда АКТ қолдану Жекелей жұмыс Топтық жұмыстар Деңгейлік тапсырмалар Мақал-мәтелдер Халықтық болжамдар Жұмбақ шешу Шығармашылық тапсырмалар