Назарларын жаңа сабаққа аудару
Сабақ туралы мәлімет
- Аймақ
- Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Шабар ауылы
- Мектеп
- Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
- Мұғалім
- Тиштенова Мадина Танатовна
- Сабақ тақырыбы
- VB ортасында дыбыс пен графиканы программалау
Мақсаттары
-
1
Оқушыларға VB ортасында дыбыс пен графиканы программалауды және мультимедиялық бағдарламаларды дайындау технологиясын үйрету.
-
2
Аталған технологиялар негізінде жоба құру дағдыларын дамыту.
-
3
Эстетикалық талғамды қалыптастыру және қоғам мүлкін ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақ форматы
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Оқыту технологиясы
Деңгейлік оқыту
Әдіс-тәсілдер
- Иллюстративті баяндау
- Практикум
Көрнекіліктер
- PowerPoint презентациясы
- Карточкалар
- VB бағдарламалау ортасы
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
3 минут- Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Назарларын жаңа сабаққа аудару.
II. Өткен тақырыпты еске түсіру
5 минутТехникалық диктант арқылы негізгі ұғымдарды қайталау.
1. Visual Basic-тің негізгі объектілерінің бірі — пішін (Form). Оны басқару элементтері орналасатын қолданбаның болашақ терезесі деп айтуға болады.
2. Қасиет (Property) — объектінің сипаттамалары (өлшемі, түсі, экрандағы орны және т.б.).
3. Оқиға (Event) — объектімен орындалатын әрекет. Мысалы: тышқанмен шерту, пернені басу.
4. Графикалық әдістер:
- Cls пішінді BackColor қасиетімен берілген фон түсімен бояп, тазалайды.
- Circle берілген түспен шеңбер, эллипс немесе доға сызады.
- Line сызықтар сызады.
- Print мәтінді шығарады.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
5–7 минут1) Ой қозғау: «Мультимедиа» ұғымы және оның қолданылу аясы.
2) Презентация көрсету: негізгі ұғымдар мен мысалдарды талдау.
IV. Қорытындылау және бекіту
Практикалық жұмыстарды орындау арқылы білімді бекіту.
Практикалық жұмыс 1: MM Control басқару элементін қолдану
5 минутТапсырма: дыбыстық файлдарды ойнататын бағдарлама құру.
Орындау: пішінге қажетті басқару элементтерін орналастыру.