Презентациялар Тақырыптық кеңес Тренингтер жинағы авторы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімі

Ата-аналармен ұйымдастырылатын жиналыс-тренинг жоспары (Топ: 2(9) жа).

Түрі

Жиналыс-тренинг

Тақырыбы

«Бала — бақыт бастауы, отбасы — алтын діңгегі»

Мақсаты

Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту үшін ата-аналармен бірлесе жұмыс жүргізу.

Ата-ананың бала өміріндегі орны мен рөлі туралы ой қозғап, өз баласын тереңірек тануға бағытталған психологиялық көмек пен кеңес беру.

Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық тұрғыда ақпараттандыру және бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екеніне көз жеткізу.

Негізгі сұрақ: «Балалар бақыттың бастауы, отбасы алтын діңгегі болуы үшін ата-ана рөлі қандай болуы керек?»

Күтілетін нәтиже

Қатысушылар бала тәрбиесінде ата-ананың орны ерекше екенін және білім беру ұйымындағы тәрбие мен отбасылық тәрбиенің біртұтас үдеріс екенін терең сезінеді. Колледж, ата-ана және ұстаз бірлесе отырып, білімді, білікті, тәрбиелі, өз ісінің майталман маманын қалыптастыруға бағытталған ортақ жауапкершілікті нақтылайды.

Түйінді идеялар

Алтын ереже

Топпен бірігіп жұмыс істеу қағидаларын сақтау.

Әдіс-тәсілдері

  • Тренинг

    Қатысушыларды белсенді тарту, пікір алмасу.

  • Психологиялық тест

    Өзін және баласын тануға бағытталған тапсырмалар.

  • Жағдаяттар

    Өмірлік мысалдар арқылы талдау, шешім іздеу.

  • Релаксация

    Эмоциялық тұрақтану, жайлы атмосфера құру.

  • Видеоролик

    Тақырыпты визуалды түрде ашу, ой салу.

Қажетті құралдар

Стикерлер Смайликтер Үнтаспа Слайд Түрлі-түсті кәмпиттер Жазбаша психологиялық тесттер Суретті тесттер

Қатысушылар

  • Ата-аналар

  • Студенттер

  • Колледж әкімшілігі

Жүргізілу барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. а) Сәлемдесу
  2. ә) Ата-аналармен тренинг: «Бала жүрегі — баршамызға аманат»
  3. б) Студенттермен тренинг: «Қос, менің бәйтерегім…»

II. Кіріспе бөлім — қызығушылықты ояту

  1. а) Ата-аналарға сауалнама: «Мен баламды жақсы білемін бе?»
  2. ә) Бүгінгі күн тәртібінде қозғалатын негізгі ойлар

III. Негізгі бөлім

Топ студенттерінің бүгінгі жағдайы төмендегі төрт тақырып аясында талқыланады. Әрбір тақырып қозғалған кезде ата-аналар баласына қатысты тұстарды байқаған сәтте, өз эмоциясын алдарындағы смайликтер арқылы көрсетіп отырады.

Тақырып 1

Біз немізбен мақтана аламыз

Тақырып 2

Біздің әлсіз жақтарымыз

Тақырып 3

Біз үшін қауіп

Тақырып 4

Біздің мүмкіндіктеріміз

Топ жетекшісінің ой-түйіні

«Бала сізбен бірге болатын — мәңгілік мейрам!»

Видеоролик

«Ата-аналар жауапкершілігі»

IV. Қорытынды бөлім

  1. а) Әсермен бөлісу: «Ашығын айтсам…» тақырыбындағы кестені толтыру
  2. ә) Студенттердің шығармашылық жұмыстарымен таныстыру
  3. б) Рефлексия