Сабақтың құрылымымен таныстыру
Сабақтың тақырыбы
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Сабақ құрылымы
Бекіту • Зертханалық • Деңгейлік тапсырмалар
Бұл жоспар сөйлем құраушы компоненттер — сөйлем мүшелері туралы білімді кеңейтуге және тұрлаусыз мүшелердің қызметін жүйелі түрде меңгертуге бағытталған.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Білімділік
Қазақ тіліндегі сөйлем, сөйлем құраушы компоненттер — сөйлем мүшелері туралы білімді кеңейте отырып, тұрлаусыз мүшелердің қызметін меңгерту.
Дамытушылық
Сөйлем мүшелерінің байланысу тәсілдері мен түрлеріне қатысты іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру; жүйелі сөйлеу арқылы тіл мәдениетін дамыту; ақпараттық материалдар арқылы білімді толықтыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды бірін-бірі тыңдауға, сыйлауға үйрету; тапсырмалар мен жаттығулар арқылы адамгершілікке, сыйластыққа, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Кәсіби
Болашақ мамандықтарына сай тәжірибеде сөйлем мүшелері компоненттерін тиімді оқыту, өз ойын жүйелі жеткізу, сабақ барысындағы әдіс-тәсілдерді орынды қолдану дағдыларын дамыту.
Сабақ форматы
Сабақтың типі
Алған білімді бекіту сабағы.
Сабақтың түрі
Зертханалық сабақ.
Пән аралық байланыс
- Қазақ әдебиеті
- Логика
- Информатика
- Тарих
Оқыту технологиясы және әдіс-тәсілдері
Дамыта оқыту және сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиялары; талдау, салыстыру, өз бетінше жұмыс, сұрақ-жауап, тест тапсырмалары және өзге де жұмыс түрлері.
Көрнекіліктер, техникалық құралдар, әдебиеттер
Пайдаланылатын көрнекіліктер
- Сөйлем мүшелеріне арналған тірек-сызбалар.
- Жаттығу жұмыстары: байланысу тәсілдері мен түрлері, жасалу жолдары, синтаксистік қызметі.
- Тақырыптың зерттелуі туралы ақпараттық материалдар.
- Бағалау парақтары және жұмыс дәптері.
Техникалық құралдар
- Интерактивті тақта.
- Слайдтар.
Ескерту
Материалдарды визуализациялау үшін схемалар мен қысқа тесттерді слайдпен беру ұсынылады.
Пайдаланылатын әдебиеттер
- 1. М. Балақаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1992 ж.
- 2. М. Қараев. Қазақ тілі. «Атамұра», 2006 ж.
- 3. Ш. Бектұров. Қазақ тілі. Алматы, 2006 ж.
- 4. С. Исаев. Қазақ тілі. Алматы, 2007 ж.
- 5. О. Оралбаева. Қазіргі қазақ тілі (жаттығулар жинағы). Алматы, 1997 ж.
Оқыту нәтижелері
- 1 Стандарттық және бағдарламалық міндетті білім деңгейін меңгереді; білік пен дағдыларын жетілдіреді.
- 2 Міндетті деңгей материалын меңгеру деңгейлері (өте жақсы, жақсы, орташа) айқындалып, мүмкіндік деңгейі жоғары оқушылар анықталады.
- 3 Отансүйгіштік пен елжандылық құндылықтары нығаяды.
- 4 Жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін және білімді бағалау жолдарын меңгереді.
- 5 Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, жасалу жолдары, синтаксистік қызметі туралы қосымша ақпараттық материалдармен танысады.
Сабақтың барысы
I. Кіріспе
- 1) Ұйымдастыру кезеңі.
- 2) Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.
- 3) Сабақ құрылымымен таныстыру.
1) «Білім биржасы»
Үй тапсырмасын жүйелеу және бекіту.
2) «Шығармашылық ізденіс»
Зертханалық жұмыс.
3) «Шығармашылық кездесу»
Жаттығу жұмысы және деңгейлік тапсырмалар.
4) Қорытынды
Сабақты жинақтау және қорытындылау.
Сабаққа кіріспе
- 1 Алдыңғы сабақта қарастырылған «Тұрлаулы мүшелер» тақырыбын қайталап, бүгінгі жаңа сабақпен логикалық байланыста түсіндіру.
- 2 «ДЖИК СО» стратегиясын қолдану.
Негізгі екпін
Сабақтың мазмұны оқушының сөйлем мүшелерін тану, олардың байланысу жолдарын ажырату және тұрлаусыз мүшелердің сөйлемдегі қызметін дәлелді түрде түсіндіру қабілеттерін дамытуға бағытталады.