Сәлемдесу атадан қалған салтымыз, Осы салтты ұстанады халқымыз

Тақырыбы: «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы»

Бұл материал қыз балалар мен олардың ұстаздарына арналған сайыс кешінің жүргізілу мәтіні ретінде дайындалды. Мазмұны ұстаз бен оқушы, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық пен тәрбиені тереңдетуге бағытталған.

Мақсаты

Ұстаз бен оқушы арасындағы өзара сыйластықты нығайту, ана мен бала, оқушы мен ұстаз арасындағы тәрбиелік байланысты одан әрі бекіту.

Тәрбиелік мәні

Оқушылардың ұстазға құрметін біліммен, өнермен, тапқырлықпен және шапшаңдықпен көрсетуге баулу; адамгершілік қасиеттерді, Отанды, тілді, қазақы салт-дәстүрді қастерлеуге және ұстаз еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Тақырып жазылған плакат
  • Шарлар
  • Сыйлықтар

Кештің жүргізілу барысы

Төменде сайыс кешін ашу, қатысушыларды таныстыру, әділқазылар алқасын таныстыру және сайыс кезеңдерін хабарлау үшін жүргізушілердің мәтіні берілген.

1-жүргізуші

Қайырлы күн, халайық — өнер сүйген,
Көрермендер көңілге көп ой түйген.
Сыйлаймыз аруларды, ұстаздарды,
Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен.

2-жүргізуші

Ұстаз — шебер, қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылменен емдейтін.
Болса дағы малға кедей өмірде,
«Бар байлығым — шәкірттерім» — деп сендіретін!

Жан шуағы, күн шуағы — арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға.
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл-Фараби, Омар Хаям, Абай да.

1-жүргізуші

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және ардақты көрермендер!

2-жүргізуші

Бүгінгі кешімізде қыз балалар мен олардың ұстаздарына арналған «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» атты сайысқа қош келдіңіздер. Бұл сайыста қыздар мен ұстаздар өз өнерін, білімін, тапқырлығы мен шеберлігін көрсетіп, сынға түседі.

1-жүргізуші

Армысыңдар, қадірменді асыл халқым,
Арта берсін абырой, атақ-даңқың!
Қарсы алайық қыздарды ұстазымен,
Сақтаған қазағымның ата-салтын.

Ендеше, сайысымызға қатысушы жұптарды ортаға шақырайық.

1-жүргізуші

Шалқытып бүгінгі кеште ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазылар алқасымен танысайық.

Алдымен сайыскер аруларымыз бен ұстаздарымыздың ішінен білімі мен білігі, бағы мен бабы қатар жанған жандарды дәл анықтайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

2-жүргізуші

Енді ұстаздарымыз бен аруларымыздың кезек ретін анықтау үшін сайыскерлерге алдарында тұрған қағаздарды таңдауды ұсынамыз. Алған нөмірлеріңіз бойынша сайысқа түсесіздер.

Сайыс шарттары

Сайыс 5 бөлімнен тұрады:

  1. 1 «Сәлем – сөздің атасы» — таныстыру
  2. 2 «Өнерлі өрге жүзер» — өз өнерлері
  3. 3 «Шебердің қолы алтын» — қолөнер сайысы
  4. 4 «Ұстазымның дәмді асы» — дастарқан мәзірі
  5. 5 «Тапқыр болсаң, тауып көр» — сұрақ-жауап

2-жүргізуші

Сәлемдесу — атадан қалған салтымыз,
Осы салтты ұстанады халқымыз.
Сайыскерлер, өнерді сал, ендеше,
Амандасып көріңіздер өзгеше!

1-жүргізуші

Өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген әр жұп кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.

2-жүргізуші

Беташарын сайысымның бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Қатысушылар таныстырсын өздерін,
Біз оларды ду қол соғып қостайық!

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}