Қосбармахова Руа АқсырғаевнаҚазақ тіліСыныбы

Қысқа мерзімді жоспар: 8-сынып (орыс тілді мектеп)

Пән

Қазақ тілі

Сынып

8

Пән мұғалімі

Қосбармақова Руа Ақсырғаевна

Сабақтың тақырыбы

Бауыржан Момышұлы

Сілтеме (оқулық)

Қазақ тілі. Орыс тілінде білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. С. Дюсебаев, Г. Байтілуова, А. Қошқари, Г. Боранбаев. Алматы: Мектеп, 2012. — 187 бет.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Бауыржан Момышұлының өмірі, қаһармандық ерлігі және шығармашылығы туралы толық мәлімет беру.

Дамытушылық

Ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін және тіл мәдениетін дамыту; сөздік қорын молайту; шығармашылық ізденіске баулу; өз ой-пікірін қалыптастыру. Мәтінмен жұмыс, постер қорғау және топтық тапсырмалар арқылы тілдік білімін, есте сақтауын және логикалық ойлауын жетілдіру; сын тұрғысынан ойлауға үйрету.

Тәрбиелік

Б. Момышұлының нақыл сөздері мен ерлігі арқылы құрмет, ізеттілік, туған жерге сүйіспеншілік қасиеттерін дарыту; Отанды қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке және тәртіпке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  • Топтық және диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, бір-бірінен үлгі алады; оқу тәсілдерінің тиімділігін түсінеді.
  • Диалог кезінде тыңдау және сөйлеу әдебіне мән береді.
  • Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігі арқылы Отанды қорғау, елді сүю ұғымдарының мәнін терең түсінеді.
  • Б. Момышұлының нақыл сөздері арқылы ұлттық құндылықты сақтау, қадірлеу және тілді құрметтеу сезімі күшейеді.
  • Сыни көзқарасын білдіру арқылы сөздік қоры молаяды; өз бетінше ізденіп, жоба және постер қорғауға үйренеді.
  • Грамматикалық материалдар қайталанып, бекітіледі.

Сабақтың барысы (ұйымдастыру)

Мұғалімнің кіріспе сөзі

  • Жақсы сөз жан сүйсіндіреді.
  • Тәртіпке бас иген құл болмайды.
  • Жауынгерлік борышты өтеу — жеңіспен бірдей.

Білімді өзектендіру (сұрақтар)

  • Қазақ балалар әдебиетінің атасы кім?
  • Шоқан Уәлиханов туралы қай жазушы жазған?
  • «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім?
  • Өтебай Тұрманжановтың қандай шығармаларын білесіңдер?
  • «Өз бақытыңды өз қолыңмен жасау керек» деген қорытынды қай шығармадан алынған?
  • Мұзафар Әлімбаевтың «Ту тіккен» дастанында кімнің ерлігі жырланады?

Бауыржан Момышұлы туралы қысқаша мәлімет

Бауыржан Момышұлы (24.12.1910 — 10.06.1982) — Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы.

«Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,

Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде.

Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,

Тарихтың түкпірінен сөз келгенде»

Бауыржан Момышұлы

Мәтінмен жұмыс

Оқулықтың 187-бетіндегі «Бауыржан Момышұлы» мәтінін оқу.

Сөздікпен жұмыс

даңқты
прославленный
қаржы мекемесі
финансовое учреждение
жасақталған
сформированный
кескілескен шайқастар
кровопролитные сражения
қоршау
окружение
жауынгерлік
боевой
тасжол
шоссе
жарлығымен
указом

Тапсырма: постер дайындау

  • Тақырыптың толық ашылуы
  • Постердің эстетикалық безендірілуі
  • Топтың бірлескен жұмысы және қорғау мәдениеті

Өмірбаяны

Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында дүниеге келген.

Отбасы және балалық шағы

Әкесі Момыш — өз бетімен ескіше сауат ашқан, кирилл әліпбиімен оқуды меңгерген, сол кезеңдегі көзі қарақты адамдардың бірі. Ел ішінде ағаш ұстасы, етікші және зергер ретінде танылған.

Анасы Рәзия ерте дүниеден өтіп, Бауыржан 3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында өседі.

Білімі және еңбек жолының басталуы

1921 жылы бастауыш мектептен кейін Аса интернатына түседі. 1924 жылдан бастап Шымкент қаласында жетіжылдық мектепте оқиды.

1928 жылы мектепті үздік бітіріп, Орынбор қаласындағы Қазақ педагогикалық институтына оқуға түседі. Мектептен кейін біраз уақыт мұғалім болып қызмет атқарады. 1932 жылы әскер қатарына шақырылады.

Отбасы

Зайыбы

Бибіжамал Мұқанқызы

Б. Момышұлының жары. Отбасында тұңғыш ұлы дүниеге келген.

Ұлы

Бақытжан Момышұлы

Бауыржан Момышұлының ұлы.

Келіні

Зейнеп Ахметова

Бақытжан Момышұлының жұбайы, жазушы, қазақы дәстүрлерді насихаттаушы. Қайын атасы туралы мемуарлық кітаптар мен мақалалар жазады. Еңбектерінің бірі — «Шуақты күндер».