Ашық тәрбие сағатының тақырыбы

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы

«Көк тудың желбірегені»

Тәрбие сағатының мақсаты

Қазақстанның өткені мен бүгінін салыстыра отырып, оқушылардың еліміздің даму тарихы туралы танымын қалыптастыру. Ұлттық сана-сезімін және саяси сауаттылығын ояту.

Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру; тәуелсіздік үшін күрескен, Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алып, олардың ерлігі туралы баяндау.

Отан туралы тақпақтардың мәнін түсінуге, мақал-мәтелдердің мазмұнын ұғынуға баулу; мемлекеттік рәміздер туралы түсініктерін кеңейту.

Оқушылардың Қазақстанның болашағына өзіндік үлес қоса алатын тұлға екенін ұғындыру; патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу.

Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұтып, өнеге алуға, халқының тарихын білуге үйрету; достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Бір мақсат, бір мүдде аясында болуға баулу.

Болашақта ұлы да нұрлы жолда тоғысатынымызға сенім артып, үміт ұялату.

Мұғалімнің құттықтауы

Қайырлы күн, қадірлі қонақтар, әріптестер және ата-аналар! Баршаңызды еліміздің егемендігі мен тәуелсіздік алған күні — ұлттық мерекеміз Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

«Бүгінгі ұрпақ — елдің ертеңі» дегендей, болашақ жас ұрпақ — 1 «А» сыныбы оқушыларының тәуелсіздік мерекесіне орай дайындаған «Көк тудың желбірегені» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

1-слайд

Тақырыптық бөлім

Біз тәуелсіз еліміздің түлегі болғанымызға қуанамыз.

1. Біздің Отанымыз — Қазақстан. Отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға кетесің. «Отан» сөзінің мағынасы кең: ол — далаң, орманың, тауың, ауылың, туған жерің. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да — осы Отанның бір мүшесі.

2. Бақытты боп жүргенім, сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің тірегім, құшағыңда гүл шашам.
Шығысыңнан арайлы, күліп атқан құба таң.

3. Қ. Мейрамбек:
Сенен бақыт тарайды, баршамызға, Нұр Отан.
Сарқылмайтын қуатым, тірегімсің, сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын жүрегімсің, сен, Отан.

Бірге: Біз тәуелсіз еліміздің түлегі болғанымызға қуанамыз.

2-слайд

Мақал-мәтелдер

Отан туралы мақал-мәтелдер (суреттермен).

  1. Орағың өткір болса, қарың талмайды; Отаның берік болса, жауың алмайды.
  2. Бұлбұл гүлзарын сүйеді, адал адам Отанын сүйеді.
  3. Отан — елдің анасы, ел — ердің анасы.
  4. Отаны бірдің жүрегі бір, жүрегі бірдің тілегі бір.
  5. Отаның тыныш — сен тыныш.
  6. Отанын сатқан — оңбас.

Ән

«Туған жердей жер болмас»
Орындаушы: ____________________

Тарихи ой-толғау

Біз қазір тәуелсіз, дербес — Қазақстан деп аталатын алып мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Қазақ халқы еркіндік пен тәуелсіздікке жету үшін талай қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Еліміздің мыңдаған жылдық тарихы бар.

Ал 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.