Жай сөйлемге арналған жаттығу жұмысы
Қазақ тілі · 8-сынып
Сабақ тақырыбы: Жай сөйлемге арналған жаттығу жұмыстары
Қайталау сабағы: жай сөйлем бойынша теорияны жүйелеу, бекіту және практикалық тапсырмалар арқылы қолдану.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Сынып оқушыларын түгендеу.
- Назарды сабаққа аударып, жұмысқа дайындық жасау.
- Сыныпты екі топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- 1 Атаулы сөйлемге қатысты берілген жаттығуды тексеру.
- 2 Жазып келген ойтолғауларын тексеру.
- 3 «Дала», «Мезгіл суреттері» тақырыптарына салынған суреттер бойынша көрме ұйымдастыру.
III. Жаңа сабақ: Жай сөйлемге арналған жаттығулар
1) «Ой шақыру» әдісі
«Шыршаны безендіру» ойыныОйын арқылы жай сөйлемнің түрлерін қайталау және еске түсіру.
I топқа тапсырмалар
- Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем.
- Бастауышы мүлде жоқ сөйлем.
- Ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем.
- Іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана білдіретін сөйлем.
- Оқшау сөздің түрлерін ата.
-
Қызмет те ортақ, сұрау да,
Жауап беріп тұрамыз.
Бәріміз бір-ақ сұрауға.
II топқа тапсырмалар
- Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем.
- Бастауышы бар сөйлем.
- Айтылуға тиісті мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем.
- Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің түрлерін ата.
- Баяндауыштағы қимыл-әрекеттің қашан, қайда, қалай, не мақсатпен, не себепті жүзеге асатынын пысықтап сұрайтын, «баспасөз қызметкеріне» ұқсайтын сөйлем мүшесі.
-
Емеспін еш уақытта анықтауыш,
Өзімнен бұрын тұрған сөзді ғана
Айқындап, түсіндіріп берем...
2) Кітаппен жұмыс
128-жаттығу«Қадір түні» мәтінін оқып, жеке атаулы сөйлем болатын тіркестерді теріп жазыңдар.
Мысалдар
- Уыздай түн.
- Көп-көп тілеу.
3) Талдау — табыс кілті
2 топқа тапсырмаӘр топқа сөйлем мүшелеріне талдау жасауға арналған сөйлемдер беріледі.
I топ
- Туған жердің табиғатын ауызбен айтып жеткізе алмайсың.
- Сұлтан жайлауды екі күн аралады.
II топ
- Жомарт жоғары қабатқа көтеріліп келеді.
- Мен онымен емін-еркін сөйлестім.
4) Сергіту сәті
«Оң қол, сол қол, қос қол» ойыныБерілген сөйлемдерді жалаң, жайылма және атаулы сөйлемдерге жіктеу.
5) Шығармашылық жұмыс
Жазылым«Қыс келбеті» тақырыбында шағын шығарма жазыңдар.
6) «Кім жылдам?» (ауызша)
Жақты / жақсыз сөйлемБерілген сөйлемдерден I топ — жақты, II топ — жақсыз сөйлемдерді табады.
- Ерте бару керек.
- Біздің кездескеніміз жөн.
- Ауыл тұрмысы жақсы.
- Мақсат — көп астық жинап алу.
- Сабаққа кешігуге болмайды.
- Баланы жаман үйретпеу керек.
- Өнерші бай өте жауыз адам екен.
- Оның жасы алтыда.
7) «Ым мен ишара» ойыны
Топтық тапсырмаӘр топтан екі оқушыға тапсырма жазылған қағаз беріледі. Оқушы тапсырманы ым-ишара, қас-қабақ, қимыл арқылы көрсетеді. Қалғандары көргенін жай сөйлемдер түрінде жазады.
Берілетін тапсырмалар
- Ұйтқи соққан боран.
- Тоңып қалған бала.
- Қар күреген адам.
- Билеп жүріп ән айтқан әнші.
8) Сәйкестендіру тесті
Жай сөйлем түрлеріI топ
Түрлері
- 1. Атаулы сөйлем
- 2. Жалаң сөйлем
- 3. Жайылма сөйлем
- 4. Жақты сөйлем
- 5. Жақсыз сөйлем
- 6. Толымды сөйлем
- 7. Толымсыз сөйлем
Сөйлемдер
- Жауын жауып тұр.
- Анау Ақбоз сенікі ме?
- Түн. Күз. Жайлау.
- Бұл өмірден жылап кеткім келмейді.
- Егіншілер егін басында жүр.
- Жұмысшыларға кетуге болмайды.
- Партизандар ұйықтап кетті.
II топ
Түрлері
- 1. Атаулы сөйлем
- 2. Жалаң сөйлем
- 3. Жайылма сөйлем
- 4. Жақты сөйлем
- 5. Жақсыз сөйлем
- 6. Толымды сөйлем
- 7. Толымсыз сөйлем
Сөйлемдер
- Қоңырау соғылды.
- Шәкен жиналыста үндемеді.
- Асау ма өзі?
- Жаз. Қос басы...
- Тәуелсіздік тірегі — білімді ұрпақ.
- Олар бізді күтіп алды.
- Абайды халық құрметпен еске алады.
IV. Қорытынды
Сабақ соңында жай сөйлем түрлері бойынша негізгі ұғымдар қайталанып, тапсырмалар нәтижесі талқыланады.
V. Бағалау
Топтық және жұптық жұмыстардағы белсенділік, талдаудың дәлдігі, жазылым сапасы бойынша бағаланады.
VI. Үй тапсырмасы
Мұғалімнің нұсқаулығына сай: жай сөйлем тақырыбы бойынша қосымша жаттығулар орындау және қысқа мәтін құрастыру.