Балаларға жеті санының киелі екенін жеті сурет бойынша түсіндіру

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Мектепалды даярлық тобына арналған оқу іс-әрекеті жоспары. Мазмұны қатынас, шығармашылық және таным салаларын қамтиды, тіл дамыту, жапсыру, сурет және өзін-өзі тану бөлімдерімен кіріктіріледі.

Тақырыбы

Жеті қазынаның бірі

Билингвизм

ит — собакаdog

Мақсаты

Балаларға жеті санының киелі екенін жеті сурет арқылы түсіндіру; «Жеті қазынаны» атай білуге және саусақ театры арқылы әңгімелеуге үйрету.

Айтылған ертегі бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру, ертегі мазмұнын анық әрі мәнерлі жеткізуге жаттықтыру.

Ой-өрісін, қиялын дамыту; сөздік қорын молайту; қызығушылығы мен белсенділігін арттыру; ұқыпты жұмыс істеуге баулу. Сонымен қатар жапсыруда жұлмалап қию әдісін меңгерту.

Жаңа сөздер

  • Жеті қазына
  • Қыран бүркіт
  • Берен мылтық

Көрнекіліктер

  • Жеті қазынаның суреттері
  • Саусақ театры
  • Үнтаспа
  • Қылқалам, бояулар
  • Түрлі-түсті қағаздар

Мотивациялық-ынталандыру кезеңі

Ұйымдастыру

Балалар, бүгінгі күнімізді жақсы тілекпен бастайық.

Амандасу рәсімі

Арайлы таң атты! Алтын сәуле таратты! Жарқырайды күніміз! Жарқырайды даламыз! Қайырлы таң, балалар! Қайырлы таң, қонақтар!

Өткен тақырыпқа шолу

Сұрақ-жауап арқылы өткен материал еске түсіріледі.

Ұйымдастыру-ізденіс кезеңі

Жаңа тақырып

Бүгінгі әңгімеміз жеті саны және оның мағынасы туралы. Жеті санының киелі сан екені мысалдар арқылы түсіндіріледі: жеті ата, жеті шелпек, жеті қазына.

Жетелеуші сұрақтар

  • Бір аптада неше күн бар?
  • Апта күндерін атаңдар.

Күтілетін жауап

Бір аптада жеті күн бар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Сурет бойынша жұмыс: «Жеті қазына»

Балалар суреттер арқылы «Жеті қазынаны» ажыратып, атауын хормен қайталайды және әрқайсысына қысқаша сипаттама беріледі.

1. Ер жігіт
2. Ару ана
3. Ақыл-білім
4. Жүйрік ат
5. Берен мылтық
6. Қыран бүркіт
7. Тазы ит

Сергіту сәті

Балалар жартылай шеңберге тұрып, қимылмен көрсетеді: аттың жүрісін, қыран бүркіттің ұшуын, иттің үруін бейнелеу.

Саусақ театры: «Жеті қазынаның бірі»

Ертегі саусақ театры арқылы сахналанады. Балалар мұқият тыңдап, мазмұнын түсінеді.

Сұрақ-жауап

  • Ертегі сендерге ұнады ма?
  • Арыстан өзі туралы нені білгісі келді?
  • Түлкі арыстанды қалай мақтады?
  • Ит арыстанға қандай жауап қайтарды?

Шығармашылық жұмыс (сайыс түрінде)

Үнтаспадан әуен қосылып, балалар екі топқа бөлінеді. Әр топ өз тапсырмасын орындайды, соңында жұмыстар талданады.

1-топ: «Тұлпар»

«Жеті қазынаның бірі» — итті жұлмалап қию әдісімен жапсырады.

  • Қағазды жұлмалап қию
  • Композиция құрастыру
  • Ұқыпты жапсыру

2-топ: «Сұңқар»

Кітап суретін түрлі-түсті бояумен қылқаламның көмегімен бояйды.

  • Түстерді үйлестіру
  • Бояуды біркелкі жағу
  • Жұмысты таза орындау

Жұмыстарды талдау

Әр топ өз жұмысының нәтижесін айтып, орындалу сапасы мен идеясы бойынша қорытынды жасайды.

Қорытынды бөлім

Сұрақ-жауап (1-топ)

  • Итті қандай әдіспен жапсырдыңдар?

    Жұлмалап қию әдісімен.

  • Ит туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

    «Ит — адамның досы».

Сұрақ-жауап (2-топ)

  • Кітаптың пайдасы қандай?

    Кітаптан білім аламыз.

  • Білім туралы мақал-мәтелдер

    «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді».

    «Білім — инемен құдық қазғандай».

Жалпы қорытынды сұрақтар

  • Жеті қазынаға нелер жатады?
  • Ертегі қалай аталады?
  • Ертегі ұнады ма?

Балалар жауап береді. Мадақтау және ынталандыру жүргізіледі.

Күтілетін нәтиже

Білу керек

  • Жеті санының киелі сан екенін
  • Жеті қазынаны суреттер арқылы ажыратуды

Болу керек

  • Ертегіні әңгімелеп бере алуы
  • Ат пен ит туралы мақал-мәтелдерді білуі
  • Апта күндерін атай алуы

Істей білу керек

  • Жақсы тілектер айта білу
  • Қойылған сұрақтарға толық жауап беру
  • Жұлмалап қию әдісі арқылы жапсыра білу

Автор туралы мәлімет

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, №38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі, мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі — Қуандыкова Сая Тукеновна.