Құрметті көрермен қауым
Сценарийдің негізгі барысы
Төменде жүргізушілердің мәтіндері мен сахналық әрекеттер рет-ретімен берілді. Мәтін редакцияланып, тілдік нормаларға сай ықшамдалды.
Ауадай жеңіл оқылым
Кілтті ойлар бөлек блоктарда берілген.
Ашылу
Н. Тілендиевтің «Ата толғауы» күйімен би орындалады. «Шашу» шашылады. Артқы экранда туған жер, Қазақстан, дәстүр мен салт туралы бейнематериал көрсетіледі.
Жүргізушілер «Айгөлек» байқауының әнұранының әуенімен ортаға шығады.
Жүргізушілердің құттықтау жырлары
Хормен
Нәр алған ғұрып, өнерден,
Жаралған тұнық өнерден.
Армысыз, ағай, апайлар,
Армысыз, барша көрермен!
Хормен
Құралған ән мен жырлардан,
Арманы асқақ — нұрлы арман.
Өнерді көкке көтерген
Сәлем сізге, тыңдарман!
Сұлулық, сымбат сыры бар,
Өнердің өлмес нұры бар.
Бабамнан қалған бақ мұра —
Қазақтың ән мен жыры бар.
Өнердің қымбат сыйы бар,
Керегін таңдап, қиып ал.
Бабамнан қалған тақ мұра —
Қазақтың күйі мен биі бар.
Халқымда саңлақ сана бар,
Солардан шыққан даналар.
Ән салып, би билейтін —
Өнерлі біздің балалар!
Бақытты біздің бүлдіршін,
Өнерін бүгін білдірсін.
Қиялға қанат бітіріп,
Көңілге ән мен жыр кірсін!
Десеңіз өссін бой — зерек,
Көңілге көркем ой керек.
Өнерлі бала өсетін —
Осындай байқау — «Айгөлек»!
Шаттанар думан дөңгелеп,
Болады бүгін той бөлек.
Өнерлі бала өсетін —
Керемет байқау — «Айгөлек»!
Көрерменмен амандасу
1-ж
Армысыздар, қадірлі қонақтар, ардақты ағайлар мен апайлар!
2-ж
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, көрермен қауым!
Кіріспе сөз: өнердің мәні
Сөйлесу бөлімі
Иә, бүгін баршамыздың көңіл күйіміз көтеріңкі. Өткен аптада Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған ұлт билерінен өткен топтық сайыс оқушылардың өнерге, музыкаға деген сүйіспеншілігін ғана білдірмей, олардың ұжымдық достығы мен бір-біріне деген сенімін де айқын көрсетті.
Әдеби дәйексөз
Шәкәрім атамыз жырлағандай: «Бұл ән — бұрынғы әннен өзгерек». Бүгінгі думанды дода мың бұралған би өнерінен бөлек, әсем әнге арналмақ.
Абай:
«Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар —
Әнді сүйсең, менше сүй...»
Балалар да дәл солай — құлақ құрышын қандырар әсем әнді жақсы көреді, солай емес пе?
Дұрыс айтасың. «Шөп өспейтін дала болмас, ән салмайтын бала болмас» дегендей, мектебімізде өнерді жанына серік еткен, музыканың мәнін терең түсінетін әнші де, биші де көп.
Негізгі ой
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген халық даналығы бар. Талантты балалардың үлкен өнерге бастар жолы осындай шағын сайыстарда шыңдалады. Сондықтан олардың қадамдарына ұстаздары, ата-аналары және жанкүйер сыныптас достары ақ жол тілеп, шынайы қолдау білдіріп отыр.
Байқауды ашу
Ендеше, «Сырлы саз» ән үйірмесінің ұйымдастыруымен өтіп отырған «Туған жерім — думанды елім» атты «Айгөлек» ән-би байқауына қош келдіңіздер!
Мерейтойлар жылы туралы әңгіме
2-ж
Биыл еліміз үшін мерейтойларға толы ерекше жыл. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл, Ата заңымыздың қабылданғанына 20 жыл және ең бастысы — Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы.
1-ж
Иә, «Екі тойың қабат болсын, екі дүниең абат болсын» деген тілек бекер айтылмаған. Той жасау — бүгінгі Қазақстан жетістігінің, берекесінің белгісі. Елімізде шаттық сыйлар, жігер берер мерекелер көбейе берсін!
Ұранды жолдар және бейнеслайд
Таң қалдырып алты алашын,
Биіктерге буған белін.
(Хормен) Құт-берекең тарқамасын —
Туған жерім — думанды елім!
Ескерту
Экранда бейнеслайд көрсетіледі.
«Айгөлек» әні және қатысушылардың шығуы
«Айгөлек» әні орындалады. Қатысушы оқушылар әуенмен ортаға шығып, сахналық қимылдар мен би элементтерін орындайды.
1-ж
Сонымен, құрметті көрермен қауым! Сіздердің алдарыңызда бүгінгі «Айгөлек» ән-би сайысына қатысушы талапкерлер!
2-ж
Қошемет көрсетіңіздер, жанкүйерлер!
Құттықтау сөз: мектеп басшысы және қонақтар
1-ж
Енді бүгінгі «Айгөлек» ән-би байқауына сәттілік пен ақ жол тілеу үшін ортаға мектебіміздің басшысы Қуандық ағайды және __________________________ шақырамыз.
2-ж
Балалардың көптен күткен ән мен сәнді қуанышын бірге бөлісейік. Төрлетіңіздер!
Сахналық ескерту
Тілек айтушылар сахнадан шығады.
Әділқазылар алқасын таныстыру
1-ж
Жүректі тербер сазы бар —
Тыңдасаң, жаның жазылар.
2-ж
Ән менен биді сынайтын —
Бүгінгі әділ қазылар!
1-ж
Құрметті көрермен қауым, енді әннің мәнін де, ырғақтың сәнін де білетін, байқауға әділ баға беретін қазылар алқасын таныстырайық.
2-ж
Әділқазылармен таныстыру.