Бес асыл
Атадан қалған асыл сөз
Бұл тәрбие сағатының мақсаты — қасиетті сандарға қатысты халқымыздың қастерлі ұғымдары мен қағидаларын дәріптеу, оқушыларды елін, жерін, халқын сүюге, құрметтеуге және қорғай білуге, Отанды сүюге тәрбиелеу.
Кіріспе ой
Қай заманда да ұлы мұраттың ең бастысы — өз ісін, өмірін жалғастыратын саналы, зерделі ұрпақ тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғамның қамын ойлау. Жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, білімді әрі мәдениетті болу — бүгінгі күн талабы; оны орындау — бәріміздің парызымыз.
Сабақ барысында сандарға байланысты наным-сенімдер, ырымдар мен танымдық ұғымдар сөз болады.
Үш санына қатысты ұғымдар
Үш жүз
Қазақ халқы үш жүзге бөлінеді: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.
Үш жұрт
Ер жігіттің үш жұрты бар: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты.
Халық даналығы: «Өз жұртың күншіл, қайын жұртың міншіл, нағашы жұртың сыншыл».
Үш қуат
- •Ақыл қуат
- •Жүрек қуат
- •Тіл қуат
Үш арсыз
- •Ұйқы арсыз
- •Тамақ арсыз
- •Күлкі арсыз
Үш ғайып
- •Ажал ғайып
- •Қонақ ғайып
- •Несiбе ғайып
Үш дауасыз
- •Мінез
- •Кәрілік
- •Ажал
Үш қадірсіз
- •Жігіттік
- •Денсаулық
- •Жақсы жар
Үш жамандық
- •Нақақ қан төгу
- •Кісі малын ұрлау
- •Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу
Үш тоқтам
Ақыл — арқан, ой — өріс, адам — қазық.
Төрт санына қатысты ұғымдар
Төрт кітап
- •Тәурат (Мұсаға түскен)
- •Зәбур (Дәуітке түскен)
- •Інжіл (Исаға түскен)
- •Құран (Мұхаммедке түскен)
Дүниенің төрт бұрышы
Шығыс, Батыс, Оңтүстік, Солтүстік.
Жеті саны — қасиетті ұғым
Қазақ халқы жеті санын қасиетті сан деп бағалап, соған байланысты наным-сенімдер мен танымдық ұғымдарды ұрпақ санасына сіңірген.
Жеті қазына
Ер жігіттің жеті қазынасы: сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.
Жеті ата
Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене — мұны әрбір қазақ білуі тиіс.
Жеті күн
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Жеті жетім
- •Тыңдалмаған сөз — жетім
- •Айтылмаған сөз — жетім
- •Киюсіз тозған бөз — жетім
- •Иесіз қалған жер — жетім
- •Басшысы жоқ ел — жетім
- •Аққу-қазсыз көл — жетім
- •Замандасы қалмаса, бәрінен де сол — жетім
Жетіге қатысты өзге де ұғымдар
Жеті ғалам, жеті көк, жеті ғашық, Әз Тәуке ханның Жеті жарғысы, жеті шәріп-әулие секілді ұғымдар да халқымыздың дүниетанымынан орын алған.
Бес санына байланысты асыл қазыналар
Бес қару
- •Садақ
- •Мылтық
- •Найза
- •Қылыш
- •Айбалта
Бес асыл іс, бес дұшпан
Абайдың өсиеті адамгершілікке бастайды: «Бес нәрсеге қашық бол, бес нәрсеге асық бол».
Бес дұшпан
- •Өсек
- •Өтірік
- •Мақтаншақ
- •Еріншек
- •Бекер мал шашпақ
Бес асыл іс
- •Талап
- •Еңбек
- •Терең ой
- •Қанағат
- •Рақым
Бұл ойлар — көркем мінез бен ізгі әдетті қалыптастырудың темірқазығы.
Бес парыз
- •Намаз оқу
- •Ораза ұстау
- •Қайыр-садақа беру
- •Иман мен сенімді сақтау
- •Рақымшылық пен мейірімділік
Намаз адамды тазалыққа баулиды, ал ораза ағзаның зат алмасуын реттеуге ықпал ететінін халқымыз ертеден білген.
Ән мен өлең — тәрбие өзегі
Тәрбие сағатында ұлттық әндер орындалып, үлкенді қадірлеу, ұрпақ сабақтастығы сияқты құндылықтар көркем сөз арқылы тереңдетіледі.
Қартқа құрмет туралы шумақ
Отбасында, бала-шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім, болмаған соң сыңары,
Тірлік кейде жаман сөзден сынайды.
Жас баладай жаутаңдаған жанарға
Қайта-қайта қарағың кеп тұрады.
Қағыс естіп қалбаңдайды баладай,
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап.
Ниеті ақ, пейілі кең даладай,
Кімге болса қартың жетер аяңдап.
Немере тілегі
Игі жансың, не деген,
Жүрек оты лаулайды.
Балдай тәтті немерең
Балғын жырын арнайды.
Тыйым сөз — тәртіп пен тәрбиенің тірегі
Күнделікті өмірге арналған қағидалар
- •Үлкеннің алдын кеспе.
- •Үнемі сәлем бер.
- •Үлкенге қарсы шықпа.
- •Үлкеннің батасын ал.
- •Үлкен кісіні ренжітпе.
Қорытынды
Біз ата-әжелеріміздің, аға буынның алдында қарыздармыз. Сол қарызды жақсы тәрбие, мол адамгершілік, мейірім мен ізет арқылы ғана өтей аламыз.
Бұл қасиеттер — ақшаға сатып алынбайтын байлық. Олар адамның жүрегінен орын алады.
Алдағы өмірде жүрегі кең, адал, мейірімді, қайырымды азамат болып өсіңдер; қарттардың алдында әрқашан бас иіп, құрмет көрсетіңдер. Тәрбие сағатын ақ батамен аяқтау — игі дәстүр.