Шығыс септік
5-сынып • Қазақ тілі
Сабақ жоспары: «Түскі ас» тақырыбы және шығыс септік
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Оқушылардың сөздік қорын молайту.
- Шығыс септіктің жалғану жолдарын түсіндіру.
- Түскі ас және тамақтану ережелері туралы білімді жинақтау, топтау, қорыту.
Тәрбиелік
Денсаулықтың кепілі — дұрыс тамақтану. Оқушыларды тамақтану ережелерін сақтауға баулу.
Дамытушылық
Мәтін және мақал-мәтелдер мазмұны арқылы ойлау, түсініп оқу, ауызекі сөйлеу және сауатты жазу дағдыларын дамыту.
Қажетті құралдар
- Белсенді тақта
- Оқулық
- Жеке тапсырмалар парағы
Сабақ логикасы
- Ұйымдастыру
- Үй тапсырмасын тексеру
- Сөздікпен жұмыс
- Жаңа сабақ (мәтін + ереже)
- Бекіту (ауызша, жұптық, жеке)
- Бағалау
- Үй тапсырмасы
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Кезекшілер диалогына үлгі сұрақтар
- Сен қандай сүт өнімдерін білесің?
- Қазақтың ұлттық тағамдары қандай?
- Таңғы ас туралы қандай мақал-мәтел білесің?
2) Үй тапсырмасын тексеру
- Сөздер мен ережені жатқа айту: зат есімнің септелуі.
- «Таңғы ас» тақырыбы бойынша мазмұндау.
Сөздікпен жұмыс
Тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгерту және оларды сөйлем ішінде қолдану.
Негізгі сөздер
- Ас мәзірі
- мәзір (меню)
- Қою тамақ
- екінші тағам (вторые блюда)
- Сұйық тамақ
- бірінші тағам (первые блюда)
- Сусын
- напитки
- Түскі
- обеденный
Қосымша сөздер мен тіркестер
- Әртүрлі
- разнообразная
- Қабылданады
- принимается
- Болуға тиісті
- должен быть
- Палау
- плов
- Мәнті
- манты
- Шырын
- сок
- Ас ішер алдында
- перед едой
- Асықпай
- не торопясь
Тапсырма
Берілген сөздермен сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру.
Жаңа сабақ
Мәтінмен жұмыс: «Түскі ас»
Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Түскі аста негізгі тамақ қабылданады. Түскі ас мәзірі салат, сұйық тағам, қою тағам және тәтті тағамнан тұрады.
Ас мәзірі мынадай болуы тиіс: сұйық тағамға — борщ немесе салма, қою тағамға — палау немесе мәнті, сусындардан — бір стақан сүт, компот немесе шай.
Орындалатын жұмыс
- Мәтінді түсініп оқу.
- Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
- Сөздерді сөз құрамына талдау.
Тамақтану ережелері
- Өз уақытында тамақтану керек.
- Ас ішер алдында қолды жуу керек.
- Тамақтану кезінде теледидар көруге, кітап оқуға болмайды.
- Тағамды асықпай жеу керек.
- Тамақты көп жемеу керек.
Сұрақ
Балалар, тамақтанудың қандай ережелерін білесіңдер?
Бекіту: шығыс септік
Ауызша және жұптық жұмыс
Тапсырма үлгісі: Бауырсақ — ұннан, жұмыртқадан, сүттен, тұздан, ашытқыдан жасалады.
- Шығыс септіктің сұрақтары қандай?
- Жалғаулары қандай?
- Қалай жалғанады?
Сұрақ
Борщ неден жасалады?
Еттен, сорпадан, орамжапырақтан, пияздан, картоптан, қызанақ пастасынан жасалады.
Сұрақ
Мәнті неден жасалады?
Еттен, пияздан, сарымсақтан, тұздан, ұннан жасалады.
Қосымша
Ас және тамақ туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?
Жеке тапсырмалар (мақал-мәтелдер)
Жеке тапсырма 1
- Сен түскі асты қайдан ішесің?
- Түскі ас мәзірі неден тұрады?
Үлгі жауап: Түскі ас мәзірі салат, сұйық тағам, қою тағам және тәтті тағамнан тұрады.
Жеке тапсырма 2
Тату үйдің тамағы тәтті.
Аудармасы: В дружной семье и еда вкусная.
Мағынасын түсіндір.
Жеке тапсырма 3
Тоқ адамды ұйқы басады, аш адамнан ұйқы қашады.
Керекті сөздер
тоқ — сытый, аш — голодный, ұйқы — сон, басады — одолевает, қашады — убегает.
Аудармасы: Сытого человека сон одолевает, от голодного человека сон убегает.
Мағынасын түсіндір.
Жеке тапсырма 4
Асы бар аяқтан аттама.
Керекті сөз
аяқтан — синонимі: ыдыстан.
Аудармасы: Не переступай посуду с едой.
Мағынасын түсіндір.
Жеке тапсырма 5
Жаманнан жарты қасық ас қалар.
Керекті сөздер
жаманнан — синонимі: жаман адамнан; қалар — остается.
Аудармасы: От плохого человека остается пол ложки еды.
Мағынасын түсіндір.
Ескерту
Мақал-мәтелдерді тақтаға жазып, дәптерге көшірту.
Бағалау және үй тапсырмасы
6) Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, жұптық және жеке тапсырмаларды орындауы, сөйлеу және жазу дағдылары бойынша бағалау.
7) Үйге тапсырма
- Септіктерді қайталау.
- Берілген сөздерді жаттау.
- «Түскі ас» мәтінін мазмұндау.
- Мақал-мәтелдерді жаттап, есте сақтау.
- Мәтінмен жұмыс: түсініп оқу, сұрақ құрастыру, сөз құрамына талдау.
Жеке тапсырмалар парағы (үлгі)
1) Сұрақтарға жауап жаз
Сен түскі асты қайдан ішесің?
Түскі ас мәзірі неден тұрады?
2) Мақалды түсіндір және аудар
Тату үйдің тамағы тәтті.
3) Мақалды түсіндір және аудар
Тоқ адамды ұйқы басады, аш адамнан ұйқы қашады.
Керекті сөздер: тоқ — сытый, аш — голодный, ұйқы — сон, басады — одолевает, қашады — убегает.
4) Мақалды түсіндір және аудар
Асы бар аяқтан аттама.
Керекті сөз: аяқтан — синонимі: ыдыстан.
5) Мақалды түсіндір және аудар
Жаманнан жарты қасық ас қалар.
Керекті сөздер: жаманнан — синонимі: жаман адамнан; қалар — остается.