Мағжан ЖұмабаевКөркің хор, періште еді сенің жаның, Ойлаушы ең күні - түні көк аспанын

Мағжан Жұмабаев

Көркің хор, періште еді сенің жаның,
Ойлаушы ең күні - түні көк аспанын.
Мінезін адамзаттың сынамаққа,
Мезгілді орын ғып ең бұл жалғанын.
Байқадың алыс - жақын тегіс жайын,
Жанашыр ата - ана һәм ыңғайын.
Көзі жоқ кеудесінде өңшең соқыр
Бір көрді сені адаммен қарапайым.
Қара жер, көкті ойлама, орның,- деді,-
Қара тас мәңгі өлік құрбың,- деді.
Хайуандай бір қазыққа арқандай сап,-
Құр енді, жануарым, тұрдың - деді,-
Көрдің ғой, жақынында қан болмады,
Қазаққа қыз арқандау таң болмады.
Жан - жаққа мұңды көзбен қарасаң да,
Сен үшін жанын қияр жан болмады.
Солма енді, жерлік емес, жұмақтық гүл,
Шекпе азап, жауыздардан енді құтыл.
Бере алмас саған баға өңшең өлік,
Көкке ұш, асылыңа қайт, періште бол


Ұқсас жұмыстар
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
МЫҢЗЫҚҰЛЫ ЕДІЛ ҚАҒАН
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
ТОНЫКӨК
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері