Тарих атасы кім
Сыныптан тыс сабақ: «Білім биржасы» зияткерлік ойыны
Пәні
Қазақстан тарихы (7-сынып)
Сабақ түрі
Зияткерлік ойын
Пәнаралық байланыс
Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Оқушылардың логикалық ойлауын, зеректігін және шешендік қабілетін қалыптастыру.
- Пәнге қызығушылығын арттыру, алған білімін тереңдету.
- Өздігінен ізденіп, дәлелді жауап беруге үйрету.
Дамытушылық
- Қазіргі нарықтық экономикаға бейімдеу, табыстың негізгі көзі — білім екенін ұғындыру.
- Танымдық қызығушылықты арттыру.
- Ой-өрісін, зейінін және шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
- Шектеулі уақытта дұрыс шешім қабылдауға дағдыландыру.
- Ұқыптылыққа, ұжымдық жұмысқа тәрбиелеу.
- Ақпараттық сауаттылықты дамыту.
Көрнекілігі және формат
Көрнекілігі
Интерактивті тақта.
«XXI ғасыр көшбасшысы» және «Миллион кімге бұйырады?» форматындағы ойын желісі қолданылады.
Сабақ барысы (ұйымдастыру)
Ұйымдастыру кезеңі: 1–2 минут.
Турлар
- Білім аукционы — сұрақ арқылы капитал жинау.
- Тарихи көмбе — жасырын сұрақтар және тәуекел.
- Эрудиттер сайысы — негізгі ұғымдар мен ережелер.
- Таңдау — табыс — таңдалған пән/тақырып бойынша тапсырма.
- Сыйлықтар аукционы — жиналған капиталды сыйлыққа айырбастау.
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! «Білім биржасы» атты зияткерлік ойынға қош келдіңіздер! Бүгінгі сайыстың әділ қазыларымен танысып алыңыздар. Алдарыңызда өз білімімен, ақыл-ойымен, эрудициясымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары.
Әбу Райхан әл-Бируни: «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы — білім».
Топтар таныстырылымы
«Болашақ» тобы
Ұраны: Болашақтың ұрпағымыз — білімді, көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
«Бәйтерек» тобы
Ұраны: Тапқырлық таныту — мақсатымыз, біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
«Асыл тас» тобы
Ұраны: Асыл тастан шығады ұранымыз, мектептің көкке ұшар қыранымыз.
І тур — «Білім аукционы»: ережесі
Бастапқы капитал
Әр топтың қорында 50 евро бар. Бұл — бастапқы капитал.
Сауда қағидасы
- Сұрақтың бастапқы бағасы — 10 доллар.
- Капитан бағаны 10 доллардан жоғары көтере алады.
- Дұрыс жауап болса — сол баға мөлшері топқа қосылады; қате жауап болса — капиталдан шегеріледі.
- Егер топтағы барлық сомаға сұрақ сатып алып, қателессе — банкрот болып, аукционға қатыса алмайды.
А. Байтұрсынов: «Білім — біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік — сол білімді іске асыра білу дағдысы».
І тур — сұрақтар (үлгі)
| Баға | Сұрақ | Жауап |
|---|---|---|
| 10 | Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы мемлекеттердің бірін атаңыз. | Түрік қағанаты |
| 10 | «Ашина» атауы қандай мағынаны білдіреді? | Қасқыр |
| 20 | Түрік қағанаты қай жылы екіге бөлінді? | 603 жылы |
| 20 | Түріктер өздеріне бағынышты соғдылықтарды қалай атады? | Тат |
| 30 | «Диуани лұғат ат-түрік» кітабының авторы кім? | Махмұд Қашқари |
| 30 | Бумын қағанның мұрагерлерін атаңыз. | Қараеске және Мұқан қаған |
| 40 | Түріктер қандай шаруашылықпен айналысқан? | Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы |
| 40 | Алғаш рет түрік жазуы туралы дерек қалдырған кім? | Византия тарихшысы Менандр Протектор |
| 50 | Сайрам қаласының қытай жылнамаларындағы атауы қандай? | Испиджаб |
| 50 | Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы қайда орналасқан? | Мыңбұлақ |
Жүргізуші:
І тур аяқталды. Қорытындыны қазылар алқасы шығарады. Ең жоғары капитал жинаған топ келесі турды бастайды.
ІІ тур — «Тарихи көмбе»
Ғабиден Мұстафин: «Тіл қаруы — сөз, сөз қаруы — ой. Ақылды ой, алғыр сөз — адамның ең жоғарғы қасиеті».
Көмбелер астындағы ұғымдар (сұрақ-жауап форматы)
- Қаған
- Жоғарғы билеуші.
- Тегіндер, ілік хандар, бектер, нөкерлер
- Ханның ұрпақтары мен жақын шонжарлары.
- Уәзірлер
- Ханның кеңесшісі.
- Орда
- Мемлекеттік-саяси және әкімшілік іс жүргізілетін орын.
- Иқта
- Жер иеленудің бір түрі.
- Иқтадар
- Жер иеленушілер.
- Вақфтық жер
- Дінбасыларға, діни мекемелерге, ірі жер иеленушілерге немесе көшпелі әскербасыларға өсиет етіліп қалдырылған жер.
- Коммендация
- Қанаудың бір түрі. Екі түрі: үлескерлік және қамқорлыққа алу.
- Қарахан кесенесі
- Айша бибі кесенесі, Бабажа қатын кесенесімен байланысты ескерткіштер қатарында аталады.
- Қаңқаш
- Оғыз мемлекетіндегі шонжарлар кеңесі.
- Руна жазуы
- Түркілердің көне жазуы.
- Ташнау
- Жуынды су ағатын құдық. Кейде жер астындағы қыш құбыр арқылы қала сыртына шығарылған.
ІІІ тур — «Эрудиттер сайысы» (№1 топқа арналған сұрақтар)
Мемлекет және тарих
-
1. ҚР Мемлекеттік Туының авторы кім?
Шәкен Ниязбеков
-
2. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады?
9-орын
-
3. Тәуелсіздік күні қашан?
16 желтоқсан
-
9. «Алтын булла» жарлығы қай императордікі?
IV Карл
-
11. «Тарих атасы» кім?
Геродот
-
12. Хан-сұлтандардың балаларын тәрбиелеуші әрі қамқоршысы қалай аталады?
Атабек
-
13. Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?
1941–1945
-
18. Мемлекеттің Ата Заңы қалай аталады?
Конституция
Әлем тарихы және жалпы білім
-
4. Рыцарьлардың басты кәсібі қандай болды?
Соғыс
-
5. Жүзжылдық соғыс қай мемлекеттер арасында болды?
Англия мен Франция
-
6. Король иелігі қалай аталады?
Домен
-
7. Алқызыл және Ақ раушандар соғысы қашан болды?
1455–1485 жж.
-
8. 1 км-де неше метр бар?
1000
-
10. Компьютердегі ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы?
Принтер
-
14. Табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын зерттейтін ғылым?
Жаратылыстану
-
15. Жердің су қабаты қалай аталады?
Гидросфера
-
16. Дүниежүзіндегі ең үлкен мұхит?
Тынық мұхит
-
17. Аспан денелерінің ішінде қайсысы үлкен: Ай ма, Жер ме?
Жер